400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құрылыс материалдарының қасиеттерін стандарттау

Материал туралы қысқаша түсінік
аранайы пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҚО, Түркістан қаласы, №21 колледждің арнайы пән оқытушысы Ниязбеков Айтжан Козыбаевич



Сабақтың тақырыбы: Құрылыс материалдарының қасиеттерін стандарттау


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушыларға құрылыс материалдарының стандарттау жүйесі

туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Өткен материалдармен байланыстыра отырып, оқушының білімін

тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ұжымдық ауызбіршілікке баулып, дүниетаным

шеңберін кеңейту. Оқушыларды ұқыптылыққа,жауапкершілікке,

еңбексүйгіштікке, білім қажеттілігіне, және мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ақпараттық технологияны қолдану.

Пәнаралық байланыс: Экономика, химия, физика, арнайы технология.

Сабақтың жабдықталуы: Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі мәліметтер және

т.б.көрнекті құралдар.

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі

Аудиторияның, топтың сабаққа дайындығы тексеріліп, оқушылар түгелденеді.Сабаққа дайын емес оқушылар болса,оларға сабақтың соңында сұралатындығы туралы ескертіледі.

Бүгінгі сабақтың жоспарымен, мақсатымен таныстырып, бұл тақырыпты меңгерудің болашақ мамандығы үшін қандай маңызы бар екендігін түсіндіріледі.

II. Үй тапсырмасын пысықтау.

Өтілген тақырып бойынша ауызша сұрау, пікір алмасу, тестілеу, инновациялық технологияларды қолдану әдістерін пайдаланып, үй тапсырмасын сұрау.


III. Жаңа сабақтың мақсатын және материалдарын түсіндіру.


IV. Жаңа сабақты пысықтау.

Оқушылардың өтілген жаңа тақырып бойынша материалды қалай игергенін байқау және алған білімдерін бекіту мақсатында жалпылама сұрау, әңгімелесу әдістерімен тексеріледі.

V. Оқушылардың білімін бағалау.

Оқушының сабақ барысында белсенді, жақсы немесе нашар қатысуы айтылып, қорытынды баға шығарылады.


VI. Үйге тапсырма беру.

ІІ. Өтілген тақырып бойынша үй тапсырмасының сұрау.

Үй тапсырмасы сұрақтары:


  1. Пайдалануына қарай құрылыс материалдары неше топқа бөлінеді?


Жауабы: Құрылыс материалдары өздерінің қасиеттеріне байланысты əртүрлі бұйымдар, конструкциялар жасау үшін қолданылады. Ол бұйымдар құрылыста қолдану шартына сай алуан түрлі. Мысалы, көпқабатты үй салу үшін мынадай бұйымдар, конструкциялар пайдаланылады: фундамент, баған, арқалық, қабатаралық жəне төбелік жабындар, сыртқы жəне бөлмеаралық қабырғалар. Үй құрылысында бұлардан басқа, жылу-дыбыс-ылғал өткізбейтін бұйымдар да қолданылады. Пайдаланылатын орнына, атқаратын міндетіне байланысты құрылыс материалдары екі топқа бөлінеді.


  1. Бірінші топқа қандай материалдар жатады?


Жауабы: Бұл топқа үйлерге басқа да ғимараттарға түсетін күшке төтеп бере алатын, конструкциялар деп аталатын материалдар жатады.

Олар: 1) табиғи тас материалдар;

2) минералды шикізаттарды термиялық əдіспен өңдеу арқылы алынатын материалдар –керамикалық бұйымдар, шыны ситалдар, байланыстырғыш заттар, металдар;

3) минералды байланыстырғыш заттардың негізінде дайындалатын материалдар – бетондар, темірбетондар, құрылыс ерітінділері, автоклавта өндірілетін бұйымдар;

4) органикалық материалдар – ағаш материалдар, органикалық байланыстырғыш заттар, полимерлер;

5) композициялық материалдар – асбестцемент, бетонполимер, фибробетон, шыныпластик.


  1. Екінші топқа қандай материалдар жатады?


Жауабы: Екінші топқа: арнаулы міндет атқаратын конструкцияларда (бұйымдарда) пайдаланылатын “арнаулы орындарда қолданылатын” материалдар жатады. Бұлар – бұйымдардың эксплуатациялық

қасиеттерін жақсарту, үйдің ішін – жайлы, ал сыртын көркемдеу мақсатымен, əрі конструкцияларды зиян келтіретін ортадын қорғау үшін қолданылады.

Олар: 1) жылу өткізбейтін жылуизоляциялық материалдар (шыныдан істелінген мақта, ағаш талшықты плиткалар,арболит, т.б.);

2) дыбыс өткізбейтін материалдар (тесіктелген –перфорацияланған ағаш жоңқалы тақталар, акмигран, фибролит);

3) тыстағыш (өңдегіш) материалдар (табиғи тастардан істелінген үйдіңішін, сыртын əшекейлейтін, оларға өң беретін мəрмəр, гранит тақталар мен жасанды материалдар – керамикалық тақталар, т.б.);

4) коррозияға төзімді материалдар (сыр, лак, бояулар, металл бұйымдарының бетіне тысталатын – қондырылатын заттар);

5) төбе конструкцияларын жабатын су, ауа өткізбейтін гидроизоляциялық жəне герметикалық (саңылаусыздандырғыш) материалдар (рубероид,толь, мастикалар, герметиктер); 6) отқа төзімді кірпіштер (динас,шамот, т.б.);

7) радиоактивтік сəулеге төзімді материалдар (ауыр толтырғыштар – барит, металл жоңқалар, т.б. негізінде дайындалған өте ауыр бетондар).



III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Тақырыбы: Құрылыс материалдарының қасиеттерін стандарттау

• қолданатын әдістер: түсіндіру, көрсету, инновациялық технологияларды қолдану

• тақырыпты түсіндіру жоспары:

  1. Құрылыс материалдарының қасиеттері

2. Құрылыс материалдарын стандарттау

Құрылыс материалдарының физикалық қасиеттеріне: олардың тығыздық кеуектілігі, ылғалдылығы, су сіңіргіштігі, аязға төзімділігі, жылу өткізгіштігі, т.б., ал механикалық қасиеттеріне – олардың деформациялық (серпімділік, пластикалық) қасиеттері, беріктігі,қаттылығы, үйкеліске, ұруға жəне тозуға төзімділігі, т.б. жатады.

Əртүрлі өнеркəсіптік, азаматтық, т.б. құрылыстарда материалдарды белгілі орында (фундаментте, қаңқада, қабырғада, т.б.) атқаратын қызметіне сай пайдалану үшін, олардың қасиеттерін жақсы білу қажет. Бұл қасиеттер құрылыс материалдарының стандарттарында (ГОСТ, ОСТ, т.б.) келтіріліген сан көрсеткіштерімен сипатталынады да, “Құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНиП)” сəйкес қолданылады. Халықаралық айырбас, сауда жүргізу үшін əр мемлекет құрылыс материалдарын өндіргенде ИСО-ның (халықаралық стандарттарды бекітетін мекеме) талаптарын да бұлжытпай орындауы керек.

Стандарттар орыс тілінде жазылатын аттарының бас əріптерімен белгіленген: ГОСТ (государственный общесоюзный стандарт) – ол құрылыс материалдарын өндіретін кəсіпорындармен, олардың ведомстволығына байланыссыз, міндетті түрде орындалатын бүкілодақтық мемлекеттік документ, шарттар. ОСТ (отраслевой стандарт) – ол салалық (ведомствалық), РСТ – республикалық, ал СТП – (стандарт предприятия) – кəсіпорындық стандарттар.

СНиП (строительные нормы и правила) дегеніміз – құрылысты жобалау, оны құру үшін қолданылатын материалдарды тиімді пайдалану туралы, барлық мекемелер міндетті түрде қолданылатын, бүкілодақтық нормативтік документтердің жиынтығы.

Құрылыс материалдары саласында ең көп тараған стандарттардың бірі – ТУ (технические условия) – техникалық шарттар. Бұларда құрылыс материалдарын таңбалау, буып-түю, тасу, сақтау туралы шарттар қойылады жəне олардың үлгілерінің немесе өздерінің сапасын сынау əдістері келтіріледі.

Техникалық талап (шарт) қойылған ережелері бар бұл стандарттар құрылыс материалдарының сапа көрсеткіштерін нормалайды (мөлшерлейді). Мысалы, ГОСТ-10178-85 кəдімгі портландцементтерінің мынадай сапа көрсеткіштерін мөлшерлейді – ұнтақтық дəрежесін, яғни майдалық мөлшерін (нөмірі, яғни тесіктерінің диаметрі 0,08 мм елеуіште (електе) өтпей қалатын цемент қалдығының проценті бойынша анықталады), нормалы қоюлығын (цементтің нормалы илемін, яғни қамырын алу үшін қажетті су мөлшері проценті бойынша), ұштасу мерзімін (цементті сумен араластырғанда пайда болған коллоид ерітіндісінің коагуляциялану салдарынан гель деп аталатын қатты денеге айналу, яғни ауысу уақыттарымен, мерзімдерімен сипатталынады), маркасын (элементтің, оған салмағынан үш есе көп) құм қосып дайындалған, ерітіндісінен жасалған үлгінің, 200С-та 28 тəулік бойы қатайғанда ие болатын, сығу күшіне, беріктілік шегіне тең. Портландцементтің осы келтірілген сапаларына стандарт мынадай шарт қояды – елеуіштегі қалдық проценттен артық болмауы, қамырының нормалы қоюлығы 23...26% аралығында болуы, ұстасу мерзімі 45 минуттан ерте басталмауы, алұстасудың аяқталуы 1 сағаттан кем болмауы, құм қосып жасалған үлгісінің беріктілігі 400…600 кг с/см2 аралығында болуы керек.

Стандарттарда бірінші цифрлар – олардың нөмірін, екінші цифрлар – бекітілген жылын көрсетеді; олар 5-10 жылда ғылым мен техника жетістіктеріне байланысты қайта қаралып, бекітіліп отырады.


IY. Жаңа тақырыпты пысықтау

• қолданатын әдістер: фронтальді сұрау, жалпылама сұрау, тапсырмалар орындау

• Бекіту сұрақтары:

1.Құрылыс материалдарының физикалық қасиеттеріне не жатады?

2. Құрылыс материалдарының механикалық қасиеттеріне не жатады?

3. Техникалық шарттар дегеніміз не?

4. СНиП дегеніміз не?


V. Қорытындылау

Оқушының сабақ барысында белсеңді, жақсы немесе нашар қатысуы айтылып, қорытынды баға шығарылады.


VI.Үйге тапсырма беру

Тақырыбы: Құрылыс материалдарының қасиеттерін стандарттау

Дайындалу үшін қосымша материалдар

Интернеттен тақырыпқа байланысты қосымша мәліметтер жинау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

М.Садуақасов, «Құрылыс материалдары»

Б.Дүрманов,Р.Асанбаева «Ағаш шебері»,

Н.Адамқұлов «Ағаш өңдеу технологиясы»






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
2014
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі