Материалдар / Құрылыс-монтаж жұмыстарының түрлері

Құрылыс-монтаж жұмыстарының түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
арнайы пән оқытушыларына
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



ОҚО, Түркістан қаласы, №21 колледждің арнайы пән оқытушысы Ниязбеков Айтжан Козыбаевич


Тақырыбы: Құрылыс-монтаж жұмыстарының түрлері.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құрылыс-монтаж жұмыстарының түрлерін

түсіндіру.


Білімділік: Оқушыларды білімділік, біліктілік дәрежесін көтеру. Құрылыс жұмыстары туралы мәлімет беру, тақырыпты меңгерту.


Дамытушылық: Оқушылардың ойын еркін жеткізуі мен пікірін айту дағдыларын қалыптастыру.


Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке, адалдыққа және бірін-бірі бағалауға үйрету.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ


  • Сабақтың әдісі: көрсетіп-түсіндіру, мәселелі, фронтальді сұрау, тест бақылау және т.б.


Пәнаралық байланыс: Тас қалау, монтаждау, сылау техникасы, майлау техникасы.


Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, дидактикалық материалдар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын және сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында интерактивті тақтада мамандыққа байланысты өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар шешіледі.

  1. Әкеден мал қалғанша, тал қалсын.

  2. Ағаш ексең аялап, басыңа болар саябақ.

  3. Бір тал кессең он тал ек.

  4. Қарағайдың түбінен үйіріп алған қобызым,

Үйеңкінің түбінен үйіріп алған қобызым.

  1. Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар (киіз үй).

  2. Тұр еді сапта топ кісі, жоқ қылды тиген соққысы (балға.)


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасының сұрақтары интерактивті тақтада беріледі.

  1. Іргетас дегеніміз не?

Іргетас - ғимараттың төменгі жерасты бөлігі, ол ғимараттан түскен салмақты үйдің табан негізгі – топыраққа береді.



  1. Қабырғалар дегеніміз не?

Қабырғалар – үй жайларды сыртқа ортадан бөліп тұрады.



  1. Жаппалар дегеніміз не?

Жаппалар - қорғау және салмақ көтеру қызметін атқарады.


4. Шатыр дегеніміз не?

Шатыр – атмосфералық жауын-шашыннан қорғап, оны ғимараттан әрі қарай ағызу қызметін атқаратын, ғимараттың салмақ түсетін және қоршалмалы бөлігі.



  1. Есіктерді қандай мақсатта қолданады?

Есіктер – үй-жайларды бір-бірімен жалғастыру үшін және көшеге шығу мақсатында қолданады.



  1. Терезенің қызметі қандай?

Терезелер – үй-жайды табиғи жарықтандыру мен желдетуге арналады.



  1. Баспалдақтар не үшін қажет?

Баспалдақтар – қабатаралық қатынас қызметін атқарады.



ІІІ. Сергіту сәті.


IV. Үй тапсырмасы тест арқылы пысықталады.














Тест сұрақтары


1. Тұрғындарға қызмет көрсетуге арналған ғимараттар қалай аталады?

а)

Қоғамдық ғимараттар

в)

Тұрғындық ғимараттар

с)

өндірістік ғимараттар



2. Адамдардың тұруына, өндірістік немесе басқа да қызметтерге арналған құрылыстар қалай аталады?

а)

Кәсіпорын

в)

Фабрика

с)

Ғимарат



3. Шатырдың салмақ түсетін бөлігі.

а)

Қабырғалар

в)

Итарқа, арқалық, ағаш құрылыстары

с)

Жаппалар



4. Ғимараттың ауыр салмағын өзіне қабылдайтын ғимараттың төменгі бөлігі қалай аталады?

а)

Топырақ

в)

Іргетас

с)

Қабырға



5. Ғимараттың беріктік дәрежесі неше класқа бөлінеді?

а)

3 класқа

в)

5 класқа

с)

4 класқа



6. Терезенің қызметі қандай?

а)

Желден, шаңнан қорғау үшін.

в)

Суықтан, ыстықтан қорғау үшін.

с)

Табиғи жарықтандыру, желдету үшін.



7. Ғимараттың отқа төзімділігі дәрежесі қарай

а)

Жанбайтын, жануы қиын, жанғыш

в)

Бықситын, ұшқындайтын, өртенетін.

с)

Тез тұтанатын, жанатын, көмірленетін.



8. Қабырғалар дегеніміз не?

а)

Ғимартты аяздан, ыстықтан қорғайды.

в)

Үй-жайларды сыртқы ортадан бөліп тұрады.

с)

Қардан, желден қорғайды.



9. Биіктігі қандай ғимараттар көп қабатты ғимараттарға жатады?

а)

3 қабаттан жоғары

в)

4 қабаттан бастап одан жоғары

с)

9 қабаттан жоғары



10. Ғимараттың шатыр кеңістігіне орналасқан үй-жай қалай аталады?

а)

Мансард

в)

Чердак

с)

Техникалық қабат.




Дұрыс жауаптар


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

с

в

а

с

с

а

в

в

а



Бағалау эталоны

10 - «5»

8 -9 - «4»

7-6 - «3»

0 - 5 - «2»


V. Жаңа сабақ .

Құрылыс – монтаж жұмыстары


«Құрылыс – монтаж жұмыстары» деген ұғым ғимарат салу кезінде істелінетін бүкіл жұмыстарды қамтиды.

Құрылыстағы барлық жұмыстарды шартты түрде жалпы құрылыс, арнайы құрылыс және тасмалдау және тиеу-түсіру жұмыстарын бөледі.

Ғимараттар мен үй-жайларды құрылыс конструцияларын тұрғызуы байланысты жұмыстарды жалпы құрылыс жұмыстарына жатқызады.

Жер қазу жұмыстарына-жеке бағаналарға арнап щұқырлар мен орлар қазу, топырақ тасмалдау қайта кему, тегістеу, тығыздау жатады.



Тіреу жұмыстарына - қадаларды қағу немесе көму қадалы іргетастарды орналастыру жатады.

Тас қалау жұмыстыранына жеке тастар мен блоктарда тас конструкцияларын тұрғызу жатады. Мұндай жұмыстарға табиғи тастардан қалау, кірпіштен қалау жатады.


Бетон және темір бетон салу жұмыстарына бетоннан және темір бетоннан конструкциялар тұрғызу кезіндегі жұмыстар жатады: бетон қоспаларды дайындау, оны тасмалдау және қалыпқа келтіре отырып отырып қалау бетонның қатыуы үшін қажетті жағдай туғызу. Жұмыстың бұл түрі қалыпқа арматура қанқасын орналастыруды да қамтиды

.



Конструкцияларда монтаждауға – дайын бөлшектер мен элементтер орнату, өлшеу және бекіту жұмыстарының жиынтығы жатады.



Құрылыстаға ұсталақ және ағаш жұмыстарына: ағаш үйлер салу,қосалқы қабырғалар, итарқа, арқалықтар, шатыр жамылғысы жұмыстары, сатылып қоршаулар салу, терезе және есік блоктарын дайындау, жиһаздар пакет төсеу жұмыстарын қамтиды.




Әрлеу жұмыстарына ғимараттар мен үй-жайлардың іші мен сыртын сылақ пен сырлау жұмыстары, сәндік жапсырма қағаздарын желімдеу қаптау және еденге линолеум төсеу жұмыстары жатады.



Арнайы жұмыстарға негізінен конструкциялау кезінде материалдардың ерекше түрлерін және өндіріс әдістерін қолдануға байланысты жұмыстар жатады мысалы: қуат жарық беретін телефон және басқада желілерді, санитарлық-техникалық жүйелерді приборлармен лифтілерді монтаждау жұмыстары.


Кез келеген құрылыс орнында жалпы құрылыс және арнайы жұмыстары басқа толып жатқан тасымалдау және тиеу – түсіру жұмыстары да атқарылады. Оның өзі құрылыс пен жұмыс орнына материалдар мен бөлшектер, қондырғылар жабдықтар мен құрал-саймандар жеткізуге байланысты.

Құрылыс – монтаж жұмыстарын қауіпсіздік техникасы алдын ала нұсқаулар берілгеннен кейін барып жұмысшылар жіберіледі. Олар осы нұсқаулықтарды қатаң сақтау тиіс.


VI. Тақырыпты пысықтау.

  • қолданатын әдістер: тест бақылау, фронтальді сұрау, жалпылама сұрау, әнгімелесу, дискуссия.

Оқушылардың тақырып бойынша материалды қалай игергендігін байқау және алған білімдерін бекіту мақсатында жоғарыда көрсетілген әдістермен тексеріледі.


  • Бекіту сұрақтары

  • Құрылыс өндірісі дегеніміз не:

  • Құрылыс процесі дегеніміз не:

  • Құрылыс процесі мен операция арасында қандай айырма бар:

  • Құрылыс-монтажға қандай жұмыстар жатады:

  • Арнайы жұмыстарға қандай жұмыстар жатады:


VII. Оқушыларды бағалау.

Оқушының сабақ барысында белсеңді, жақсы немесе нашар қатысуы айтылып, қорытынды баға шығарылады.


VIII.Үйге тапсырма беру.

Тақырыбы: Құрылыс-монтаж жұмыстарының түрлері.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ағаш шебері Б.Дүрманов, Р.Асанбаева

  2. «Құрылыс материалдары» М.Садуақасов, Ғ.Батырбаев

  3. Құрылыс материалдары” С.Қ. Хамзин, Ф.Б. Әдішүкір

  4. «Тас, кірпіш қалау жұмыстары» И.Ищенко

  5. Интернет материалдары







DrawObject1

ЖИ арқылы жасау
04 Маусым 2018
2451
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі