Құрылысшы боламын. 20-ға дейін санап үйренемін. Алдыңғы. Кейінгі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құрылысшы боламын. 20-ға дейін санап үйренемін. Алдыңғы. Кейінгі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

14 ҰОҚ. Тақырыбы: Құрылысшы боламын. 20-ға дейін санап үйренемін. Алдыңғы. Кейінгі.

Мектеп/МҰ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Мектепалды сынып/топ

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқыту мақсаттары

0.2.1.1. 20 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санау.

0.2.1.2.Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау.

Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:

-20 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санайды.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін

атайды.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-заттарды саны бойынша салыстырып, ара-арасынан олардың

реттік нөмірін атайды.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

- өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен терминологияны пайдалана алады.

Пəндік лексика жəне терминология:

- алдыңғы, кейінгі.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

Осы санға қатысты кейінгі жəне алдыңғы сандар қалай туындайтынын түсіндір.


  • Қалай ойлайсың, алдыңғы жəне кейінгі сандар орындарын ауыстыра ала ма?

  • Қандай сандар екі таңбалы сандар деп аталады?

Жазу:

- түрлі түсті қарындаштармен бояу, біріктіру сызықтарын жүргізу.

Алдыңғы білім

Заттардың сандық ұғымы туралы түсінік, геометриялық фигуралар мен денелердің атауы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Басталуы

0–5 минут

Ынталандыру.

Педагог əңгімесін балаларға санай алу, санау əрекетін меңгеру өмірде өте қажет болатыны туралы айтып береді. Өзектендіру.

Педагог балалардан:

  • Сендер нешеге дейін санап үйрендіңдер?

  • Сендерде көп затты санап үйрену қажеттігі туындай ма?

  • «Алдыңғы» жəне «кейінгі» деген ұғымдар нені білдіретінін білесіңдер ме?– деп сұрайды.


Ортасы

6–15

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ) Педагог балаларға 1-тапсырмадағы боялған он текшеден жасалған жолақшада орналасқан текшелерді бояуды ұсынады. Педагог балаларға:

Текшелердің осы санына бір текшені қосса, қанша текше шығады?

Осы санға қатысты бұл санды қалай атауға болады? деген сұрақтар қояды.

Жаңалық ашу.

(К) Жұмысты электрондық жиынтық полотномен (№14) немесе қималы материалмен (№48) жүргізген қолайлы. Проблемалық жағдайды шешу нəтижесінде балалар əрбір келесі сан бір текшені қосқан кезде туындайды, əрбір алдыңғы сан бұл саннан 1-ге аз деген қорытындыға келеді. Сергіту сəті.

Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңына қараңыз.)

Əліппе-дəптер.

16–25

Жаңаны қолдану.

(Ж) Қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін 2-тапсырманы орындайды.

Əліппе-дəптердегі 3-тапсырмада балалар алдымен алдыңғы цифрларға, содан кейін келесі цифрларға сəйкес келетін цифрларды жапсырады.

Əліппе-дəптер.

Рефлексия

26–30

Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Əліппе-дəптер



Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2020
1982
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі