Тақырыбы:
Құс-табиғат
байлығы.
Мақсаты:
Құстар,
соның ішінде жыл құстары туралы түсінік
беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы
қызығушылығын арттыру, құстарды қорғауға
деген сезімін арттыруға жетелеу.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру,
яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге,
ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекі
құралдары: тақырыпқа
байланысты суреттер
Тәрбиеші
сөзі:
Құстар
табиғатқа сән береді. Олардың әуені
табиғатты құлпыртып,
адамдардың
көңіл-күйін көтереді. Құстардың түрлері
өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы
әңгімелесек. Жыл құстары дегеніміз –
салқын түссе жылы жаққа ұшып кетіп,
көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол
құстар: көкек, қарлығаш, аққу,
қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек,
қаз, тырна.
Жыл
құстарының кейбірінің тіршілігі
туралы әңгімелейік. Мысалы:
Қарлығаш –
адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың
айналасына салады.Оның өз әні бар, әні
құлаққа жағымды. Қарлығаш адамға саулық,
жақсылық тілеп жүретін және қауіп
қатерден қорғап жүреді.Үй салуды да
адамдар қарлығаштан үйренген.
Қараторғай –
өзі кішкентай,өте пайдалы құс.Орман
қорғаушысы.Ауылға қараторғай келісімен
күннің көзі ашылып, күн жылынады.
Қараторғайды әнге қосып,шырқаған.
Аққу –
30-40 жыл өмір сүреді.Ол көрсе көз тоймайтын
сұлу құс.Халық аңызына сүйенсек жылан
да аққу жұмыртқасына тиіспеген,адамдар
да аққуды атпаған.Ол киелі құс. Қазақ
сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Халық
көктем келсе көкек келді
дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша
ай атына теңеу келеді екен. Не деген
ғажап, көкек деген. Өйткені көкек көктем
келе салысымен көкек, көкек деп ән
салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы
деп аталған.
Тоқылдақты халық
орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды
құрт-құмырсқадан тазартады.
Тиым
сөздер
1.
Құстың ұясын бұзба,
Жұмыртқасын
жарма.
2.
Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба.
3.
Аққуды атпа.
Сұрақ-жауап:
1.
Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?
(Бүркіт)
2.
Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)
3.
Құстың негізгі баспанасы? (Ұя)
4.
Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)
«Құстарға
ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу)
Жұмбақтар
шешу:
Бәріне
ортақ жұмбақ:
Қызығып
әр адам,
Ұстап
ап даладан.
Жүнімен
жұлып ап
Бесікке
қадаған
Бұл
қай құс? (Үкі)
Қашаудай
мықты тұмсығым
Бәсеке
тігем бұл шыным
Құрт,қоңыз,аулап
жарысам
Орман
дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)
Түсі
қара мақпалдай
Төсі
ақ сыр жаққандай
Ұшса
оқтай зулайды
Көктен
жұлдыз аққандай
(Қарлығаш)
«Артық
болмас білгенің» (Халық болжамдары)
Халқымыз
табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ
түсініп, оны тұрмыс тіршілігіне арқау
етіп қолдана да білген.
Ел
арасында ауа райын болжағанда ақбас
тырнаның келу-қайтуына қараған. Тырналар
тым төмен ұшса, ұзамай күн суытады,
ал жоғары самғап бара жатса, күн ұзақ
болады делінеді. Кеш қайтса, қыс
жылы болады.
-
Қаз немесе әтеш бір аяғымен тұрса, аяз
болады.
-
Егер торғайлар қосылып шықылдаса, ауа
райы жылы болады.
- Көкек
қатты, әрі жиі шақырса күн жылынады.
- Қарлығаш
өрлеп ұшса, күн жылы, құрғақ болады. Ал
жер бауырлап ұшса, жаңбыржауады.
-
Сауысқан шатыр астына тығылса, боран
болады.
-
Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады,
ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
-
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,
су тасқыны болады.
-
Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады.
-
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
-
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
-
Шағала келсе сең бұзылады.
-
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте
келеді.
1
- ситуациялық сұрақ.
Егер орманда жүрген балалар құстардың
ұясынан жұмыртқасын алып кетпекші
болса, сен не айтар едің?
2
- ситуациялық сұрақ. Егер
құстың ұясынан балапаны жерге түсіп
кетсе, сен қалай істер едің?
Қортындылау:
Табиғатты
құрайтын бөліктердің бірі – құстар.
Халық ежелден – ақ құстарға әуес, оларға
деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп,
ең жақсы көретін адамды құстарға теңеу
арқылы ол ықыласын көпке аян етеді. Құстар
адам өміріне сән – салтанат беріп, әсем
сазды үнімен жанды рақатқа бөлейді.
Сондықтан, атадан балаға мұра болып
келе жатқан халық шығармашылығында
адам бойындағы ең сұлу ерекшеліктерді
құстарға теңеп, «аққу мойын», «қасы
қарлығаштың қанатындай», «бүркіт
тұмсық», «қаз дауысты» т. б. деп сипаттаса,
«Қарлығаш», «Сандуғаш», «Бүркітбай»
деп балаларына ат берген.
Құстар
– біздің досымыз!. Осы табиғаттың көркі,
сәні, әні болған құстарды қорғайық. Ал
құстар өсімдік қорғаушысы. Сол құстарға
қамқор бола білейік.
«Үміт»
мектеп-интернаты
Тәрбие
сағаты
Тақырыбы:
Құс-табиғат
байлығы
Тәрбиеші:
Жанпейісова
Б