Құстар- Біздің Досымыз
Мақсаты: Құстар,соның ішінде жыл құстары туралы түсінік
беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау. Құстар туралы жұмбақтар
шешу арқылы қызығушылығын арттыру,құстар бағына саяхаттауды
техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды
қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу. б. Оқушыларға экологиялық
тәрбие беру,яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап
қарсы алуға тәрбиелеу.
Ашық сабақ көрнекілігі:
интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар –
біздің досымыз!», нақыл сөздер.
Көрнектілігі:суреттер, слайд.
Әдісі: «Шаттық шеңбері» ,сұрақ-жауап,ойланту ой тастау,
«Дұрыс па,бұрыс па?» стратегиясы
Сабақ жүру
барысы:
1-бөлім"Құстар" сөзтізбегін
шешу
2-бөлім Сұрақтар
3-бөлім Жұмбақтар шешу
4-бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық
болжамдары)
Психологиялық
дайындық (шаттық шеңбері)
алақанды ашайық, күннің нұрын салайық. Таза
ауадан алайық , журек жылуын салайық , мейірім шоғын салайық ,
жинаған осы шуақты досымызға шуақты! Бір-біріне ізгі тілектер
айту!
Бүгінгі сабағымызды
бастайық!
1-бөлім Ой шақыру. "Құстар" сөз жұмбақ
шешу.
1. Суда жұбын жазбай жүретін, ең әдемі, достыққа
берік құс (аққу)
2. Құстың үйі (ұя)
3. .... көлдің суын
тауысқан нүктенің орнында қандай құс атауы
бар?
4. Сөйлей алатын қолға үйретілген құс
(тоты)
5. Су тазалығын сақтайтын құс
(шағала)
6. Не баласын аппағым дейді?
(Қарға)
Сөзжұмбақтан қандай сөз шықты балалар? Құстар не
істейді? Олар бізге дос па?
Иә,Олай болса бүгінгі іс-шарамыздың тақырыбы:
Құстар- біздің досымыз.
Құстар сөзіне ассациограмма
жасаймыз.
2-бөлім Видео-ролик
көрсету
Видео-роликті көріп сұрақтарға жауап
береді.
Сұрақтар:
1. Көктем
хабаршысын
атаңдар.
2.Ауылға қара торғай келсе не
болады?
3.
Ата- бабалармыз балаларының атына неге құс атын
қойған?
4.Құстарға қарап нені
болжаған?
5.
«Құс ұясын бұзбайық» өлеңіның авторы кім?
Халқымыз құстардың келуіне,кетуіне қарап
болжамдар жасағанын білдік. Енді солардың біразына тоқтала
кетейік.
Қарлығаш жоғары ұшса,не болады?
ал
төмен ұшса, не болады?
.Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,не
болады?
Жаңбыр жауарда қарғалар не
істейді?
Құс
не істесе,жаңбыр жауады?
Шымшық ұя салса,не болады?
Қандай құс келсе, сең бұзылады?
Жыл
құсы қалай келсе,көктем ерте келеді?
3-бөлім Ойлан тап!
Жұмбақтар шешу
Қар
кетіп, Қыр көгереді, Құс қиқуы көбейді. Жерге дихан дән сеуіп,
Қорадан жас төл өрді.
Шықылықтап тұрмайды,
Құйрығы ұзын, өзі ала.
Бұл қандай құс?
Таң азанмен оянды,
Елдің бәрін оятты.
Түрі көмірге ұқсайды,
Қарқылдап ұшады.
Шарлап келіп даланы,
Үйіме, үйін салады.
Мысық құлақты, Бүркіт тұяқты
Тұмсығы қашау,
кәсібі - ұя жасау, Ағашты қорғап, зиянкестерді
асау
Биікке
самғайды, Бірақ ізі қалмайды
«Құстар
қандай үн шығарады?»
Балалар, соншама алыс жерден,қиында қатерлі
жолдарды артқа қалдырып, зорға жеткен құстарға қалай көмек
көрсетуіміз керек? Бұл біздің
құстарға жасаған кішкентай көмегіміз
болсын.
Қане, балалар
бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады
ма? Қымбатты
балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы
алайық, оларға қамқор болайық. Әрқашан аспанымыз ашық болсын деген
ниетпен сабағымызды аяқтайық.