Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы:«Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру,қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, вариативтік компонент «Логика» сурет салу.
Тақырыбы:Құстар - біздің досымыз!
Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Білімділігі:Құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсінік беру.Үш тілді меңгеруге, бүтін және бөліктерді салыстырып, есептер шығаруға
Дамытушылығы:Балаларға сурет арқылы көрсетіп, әңгімелеу. Сенсорлық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын,ой - өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі:Құстарға қамқор бола білуге, қорғауға, табиғатты сүюге, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс:Өзін - өзі тану, ағылшын тілі, орыс тілі, бейнелеу өнері.
Қажетті заттар:Қағаз, слайд, құстың суреттері,ұясы, жұмыртқасы, бейнетаспалар, дидактикалық ойынға арналған үлестірмелі материалдар.т.б
Көптілділік: Құстар – птицы – birds
Жұмыртқа – яйцо – egg
Қыс - зима - winter
Қар - снег - snow
Достар - дузья - friends
Мотивациялық қозғау
Балалар мен сендерді ертеңгілік шеңберге шақырамын.
Қайырлы таң алтын күн!
Қайырлы таң көк аспан!
Қайырлы таң жер ана!
Қайырлы таң балабақша!
Қайырлы таң достарым!
Балалар, «Табиғат» дегеніміз не?
Табиғатты екі топқа бөлеміз.Өлі табиғат (жер, су, топырақ,ауа, күн,жұлдыз) және тірі табиғат (адамдар, өсімдіктер, жануарлар).
Тірі табиғаттың ең көп маңызды тобы құстар болып есептелетіндіктен біздер бүгін құстар туралы айтпақпыз. Бүгінгі оқу іс- әрекетіміздің тақырыбы «Құстар біздің досымыз» деп аталады. Сендер құстар туралы, олардың пайдасы туралы білетін боласыңдар. Балалар, тыңдайықшы бір дыбыс естілетін сияқты.
Ғажайып сәт:(Топқа музыка әуенімен қолында рогаткасы бар Дымбілмес келеді)
Дымбілмес: Сәлеметсіздер ме, балалар!Мен Дымбілмеспін! Келе жатып, жолдан бірнеше торғайларды атып түсірдім-деп мақтанышпен айтып мәз болад. Ал сендер қанша торғай атып аласыңдар?
Тәрбиеші: Жоқ! Болмайды ! Балалар біз Дымбілмеске құстардың қандай жақсы,бізге қандай көмегі тиетіні жайлы,оларды қорғау туралы түсіндіріп айтып берейік, Сен тыңда Дымбілмес бізбен бірге отырып сабаққа қатыс.
Дымбілмес:- Ой! Ондайлар маған керек емес, мен бәрін білемін!
Тәрбиеші: онда сен жайғана отырып тыңда!
Ситуациялық сұрақтар:
Балалар, балапандар ұясынан құлап түссе не істеуіміз керек?
Бұзақы балалар құстың ұясын бұзып жатса, не істейсіңдер?
Ауламыздағы құстарға біз қандай қамқорлық жасай аламыз?
«Құстар туралы» слайд тамашалау
-Балалар енді құстар туралы тақпақтар айтып берейік
Іңкәр
Тоқылдақтар тоқылтап
Ешкім қуман көрмейді
Ағашты қанша тессе де
Жұмысы тір өнбейді
Әміржан
Үйге кірші торғайым
Мен аяздан қорғайын
Жем шашайын жегейсің
Үйшік жасап берейін
Жандос
Адам заттың жақыны
Қарлығаштар ақылды
Көк бұлттармен екеуі
Жарысып жүр шаттана
Ғажайып сәт:
-Балалар естейсіңдер ма? Бұл ненің дауысы?
-Иа! Бұлбұлдың сайраған дауысы.
Ол бізге хат қалдырыпты,мен сендерге оны оқып берейін!
«Құрметті «Күншуақ» тобының балалары! Бұл хатты мен сендерге үндеу секілді жазып жатырмын. Қазіргі таңда сүйкімсіз,жауыз адамдар біздің ормандағы жануарлармен құстарға аяушылық көрсепей ,біздің өсіп-өнуімізге кедергі жасап жатыр.Біздің орман құстарына жалпы құс атаулыға көмек керек! Мен өздерің сияқты ақылды,зерек ,өжет балалардан көмек сұрап Жандоспен олардың достарынан қолдау таптым.Бірақ «Жалғыздың үні шықпас,жаяудың шаңы шықпас»- деп,өздеріңнен көмек сұрап отырмын!
-Балалар ішінде Жандоспен олардың достары жіберген видио хаты да бар екен, кәне бірге көрейік!Ішінде сол балалар жіберген тапсырмалары бар екен. Орындап көрейік,бізде өз үлесімізді қосып, хатпен басқа балабақшаларға таратайық! Оларға да өз үлестерін қосып,құстарға қамқорлық жасап, қорғауға шақырайық!
1-тапсырма. Жұмбақ:
Тұмсығы қашау,
Кәсібі үй жасау.
Өз атын ғана біледі,
Соны айтумен жүреді. (Қарға)
Екi айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрiгi. (Қарлығаш)
Тақылдатып,
Мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейдi,
Зиянкестi жазалап. (Тоқылдақ)
Талдың басында,
Жемi бар қасында.
Там тұр саялы,
Достарға аялы. (Құс ұясы)
Дымбілмес сенде ойынға қатысып отыр
2-тапсырма.
Логикалық тапсырма
1)Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?
2)Адамдар мен көліктер басып өтетін жануар қалай аталады? Зебра
3)Орман әншісі? Бұлбұл
4)Үйдің шатырында 5 торғай отыр еді,оның 3 ұшып кетті.Сонда шатырда неше торғай қалды? (сурет бойынша)
Сергіту сәті
Торғай, торғай тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі бұлтиып,
Шиқ,шиқ отырмақ
Бір-екі-үш
Қарлығаш боп ұш
Төрт-бес-алты
Қарлығаш боп қалқы
Жеті-сегіз-тоғыз-он
Қарлығаш боп қон
3-тапсырма.
Дидактикалық ойын: «Дауысынан ажырат»
Мақсаты: Берілген құстардың дауысынан ажырата білуге үйрету.
4-тапсырма.
«Оюлар сыры»
Мақсаты: Зейінділік пен тапқырлыққа баулу. Ойлау қабілеттерін арттыру.
Шарты: Оюлар қандай құсқа ұқсайтынын тауып артындағы тапсырманы орындау
Тапсырмасы: «Жаңылтпашты жаңылмай айт»
Жаңылтпашты дұрыс айта алса оюдың артындағы суретті көре аламыз.Сол суретті үш тілде айтамыз. Олар:
Құстар – птицы – birds
Жұмыртқа – яйцо – egg
Қыс - зима - winter
Қар - снег - snow
Достар - дузья - friends
1)Қарға қарқ етті,
Қарқ еткенде
Ірімшігі сарт етті
2)Сауысқан саңқылдайды
Қарға қарқылдайды
Сауысқан саңқылдағанда
Кім сақ болмайды?
3) Ақ шар
бар,
Көк шар
бар,
Көп шар
бар,
Төрт шар
бар.
4) Қыс қыспаса, қыс
па?
Құс ұшпаса, құс
па?
5) Қар аппақ, дала аппақ-бәрі аппақ....
-Балалар біз Жандоспен оның достары жіберген тапсырманы толық орындаған сияқтымыз! Енді біз де оларға жақсы тілегімізді білдіріп өзіміздің атымыздан суреттер салып жіберейік. Біздіңде құстарды қорғауға олардың өніп-өсуіне,көбейуіне жағдай жасап,жақсы ойда, жақсы ниетте екенімізді білдірейік! Ендеше өнер орталығына барып дәстүрден тыс тәсілді пайдаланып қайталанбас суреттерімізді салайық.
«Балауызбен сурет салу»
Мақсаты: Балаларды сурет салудың дәстүрлі емес әдістерімен таныстыру. Міндеттері: Балалардың дәстүрлі емес әдістермен сурет салуға қызығушылығын дамыту.Балалардың шам (балауыз) қасиеттері және балауыздың сумен өзара әрекеттесуі туралы білімдерін кеңейту;
Қажетті құралдар: балауыз,сурет салатын қағаз,акварель краскасы, су,қылқалам, тұз.
-Балаларға балауызбен сурет салу техникасын және қауіпсіздік шараларын атап өту.
Қорытындылау.
-Балалардың салған суреттерін қарап, арасында балаларға сурет салу техникасын айтып көмек көрсету,жұмыстарын бағалап,мадақтау.
Раунд-Робин әдісі тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мысалы: «Құстар»
«Құстар біздің досымыз»
«Құстар еңбекқор»
«Құстарды ұрмаймыз»
«Құстарды қорғаймыз»
«Ең сұлу құс аққу» т.б
Балалар, біздер құстарға деген сүйіспеншілігімізді білдірейікші!
Құстарды аялайық!
Жарайсыңдар, балалар! Дымбілмес сен енді білген боларсың құстардың қандай бізге пайдасы бар екенін!
Дымбілмес: Иа, балалар мен енді ешқандай құстарды таспен атпаймын оларға қамқор боламын!
Осы сәби жүрегінен шыққан жақсы тілектер қабыл болсын! Құстарымыз сайрап, күніміз ашық болсын!
«Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің» деп мақалда айтылғандай әрқашанда қайырымды болайық, балалар! Осымен оқу іс - әрекетіміз аяқталды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Құстар- біздің досымыз

шағым қалдыра аласыз