400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚҰСТАР – БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ

Материал туралы қысқаша түсінік
БАЛАЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН, ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН, СӨЗДІК ҚОРЫН, ОЙ - ӨРІСІН ДАМЫТУ; ● ҚҰСТАРДЫ ҚОРҒАУҒА, ҚАМҚОРШЫ БОЛУҒА, ТАБИҒАТТЫ СҮЮГЕ ТӘРБИЕЛЕУ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құстар – біздің досымыз
Мақсаты:
● Балаларға жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсіндіру;
● Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту;
● Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: «Құстар – біздің досымыз» атты бұрыш, құстар туралы буклеттер, альбом плакаттар, құстардың дыбысы жазылған таспа, «табиғат» туралы сызба.
Өткізу әдісі: Сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру, көрнекілік әдістер.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық сәт.
Сұрақ - жауап.
● Табиғат дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?
● Өлі табиғатқа нелер жатады?
● Тірі табиғатқа нелер жатады?
● Табиғат құбылыстарына нелер жатады?
«Табиғат» атты сызбамен жұмыс.
ТАБИҒАТ
Өлі табиғат
↓
Жер, су, топырақ, ауа, күн, жұлдыз
Тірі табиғат
↓
адамдар
Өсімдік -------- Ағаштар,
------------------- Бұталар,
------------------- Шөптер
жануар -------- Сүтқоректілер,
------------------- Құстар,
------------------- Бунақденелілер,
------------------- Жәндіктер
Ал енді өсімдіктер мен жануарлар туралы қаншалықты білетінімізді «Кім жылдам?» ойынымен байқап көрейік. /Топқа бөлу. Жауап берген балаларды сыйлықтармен бағалау/.
Сайыс түрлері --------------------------- 1 топ ----------------- 2 топ
1. Жеміс ағаштарын ата
2. Көкөністерді ата
3. Үй жануарларын ата
4. Жемістерді ата
2.Іздену ұйымдастырушы
- Балалар, енді мынау тақтадағы сөзжұмбақтар шешіп көрейік. Егер дұрыс шешсек, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады. (Құстар)
1) Түгі қара мамықтай, төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды, көктен жұлдыз аққандай.
2) Тал басында, түндіксіз отау.
3) Өзі сақ, өзі ұсақ, шықылдап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала, Бұл қандай құс?
4) Орманда жоғары, ағашқа қонады.
Тұмсығын балға қып, тоқ - тоқ соғады.
5) Ақ сарайды талқандап, шықты біреу таландап.
6) Биікке салған ағаш үй, сол ғой оның мекені.
Жаздай сайран салып - ақ, қыста алысқа кетеді.
Жұмбақтың шешулері: қарлығаш, ұя, сауысқан, тоқылдақ, балапан, қараторғай.
Сөзжұмбақтың шешуі: «Құстар»
- Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда біз құстар туралы көп нәрселерді үйренеміз.
1. Құстар туралы түсіндіру.
Тірі табиғатта жататын жануарлардың ең көп маңызды тобы құстар туралы болып есептеледі. Құстардың түрі өте көп. Оларды біз үлкен екі топқа бөлеміз. 1) Жабайы құстар, 2) Үй құсары.
Жабайы құстар табиғатта өз алдында тірщілік етеді. Құстардың пайдасы өте көп. олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады. Құстар бір орында тұрмайды. Олар бір жерден екінші бір жерге ұшып - қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет – олар ұшады, қанаттары, мамықтары, бәрінің тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығына келсе, құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір - біріне ұқсамайды. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады.
3) Ойын: «Қай құстың дыбысы?» /Дыбыс таспасына жазылған құсардың дыбысын табу/.
Құстар немен қоректенеді?
Біздің жақта қандай құстар қысап қалады?
«Ұшты - ұшты» ойыны.
«Құстар – біздің досымыз» атты бұрышпен таныстыру (бұрышта құстарға байланысты буклеттер, альбомдар, плакаттар, қанатты сөздер қойылған, ).
Қазақ халқы ежелден - ақ құстарға әуес болған, оларға деген шексіз сүйіспеншілігін дәріптеп, жақсы көретін адамды құстарға теңеу арқылы ықыласын білдірген.
Сергіту сәті:«Шөп - шөп шөжелерім» әнімен
- Балалар, бүгінгі құстар сабағымызды естіп ормандағы құстар ақ көгершін арқылы хат жіберіпті. Кәне, оқып көрейік.
Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің?
Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе, сен қалай істер едің?
3.Рефлекстік кезең:
1) Тыйым сөздер: Аққуды атуға болмайды. Құстың ұясын бұзуға болмайды.
2) Сұрақ - жауап әдісімен:
а) Құстардың қандай пайдасы бар?
ә) Құстар туралы тақпақтар білесің бе?
3) Құстар туралы мақал - мәтелдер:
а) Бұрап қойған сағаттай, айқайлайды таң атпай.
ә) Ерді талап ұшырар, құсты қанат ұшырар.
Қорытындылау: Түрлі сыйлықтармен мадақтау.


Күтілетін нәтиже:


Қайта жаңғыртады: Құстар туралы білімдері кеңейеді


Түсінеді:Құстардың тіршілігі туралы түсінігі артады.


Қолданады: Құстарға қалай қамқор болу керектігін біледі.



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
325
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі