400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құстар -біздің досымыз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстар туралы түсінік беру.Торғай,қарғамен жақын таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Айгөлек» IІ- кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы.

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлім: Жаратылыстану

Мерзімі: 06.12.2019 ж

Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз.

Мақсаты: Балалардың құстар туралы білімдерін кеңейту.

Ұқыптылыққа,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтар: құстың ұясы, торғайдың, қарғаның суреттері

Сөздік жұмыстар: ұя, торғай, қарға.

Әдіс –тәсілдер: жылулық шеңбері, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, өздік жұмыс, сергіту сәті, ойын, жұмбақ.

Билингвизмдық компонент: ұя –гнездо, торғай –воробей, қарға – ворона

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Жылулық шеңбері:

Қайырлы таң, көк аспан,

Қайырлы таң, Жер - ана!

Қайырлы таң, апайлар,

Қайырлы таң, достарым!

Шеңберге тұрып барлығы бірге айтады.

Іздену ұйымдастыру

шылық

Балалар, мен сендерге Абай атамыздың «Қыс» мезгіліне арнап жазған өлеңін оқып берейін:

Ақ киімді денелі ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды,

Үсті – басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

- Қыста күн қандай болады?

-Иа, қыста күн суық, аяз, боран болады екен.

Жұмбақ жапсыру:

Қара түсті қарқылдақ,

Ұшып – қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем іздейді там – тұмдап.

(Қарға)

Тал басында ағаш үй,

Терезесіз тамаша үй.

Соны мекен етеді,

Қыста алысқа кетеді.

(Торғай)

Тосын сәт:

Үнтаспадан құстардың дыбысын тыңдау.

-Балалар,сендер ненің дауысын естіп тұрсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар, бұл құстардың дауыстары екен?

Балалар қыстап қалатын құстарға ұя жасаймыз, жем,су береміз.Өйткені оларға қыста қорек табу өте қиын болады.

Торғай, қарға – бұлар дала құстарына жатады.Олар суықтан тоңбайды.

Торғайдың басы дөңгелек , денесі сопақша болып келеді, тұмсығы бар, қанаты бар, ол аспанда ұшады.

Қарғаның түсі қара, тұмсығы ұзын болады. Қарғаның қанаты бар, екі аяғы бар, аспанда ұша алатын құс.

Құстарға жем шашамыз, су береміз, адамдар жемсауыт жасап ,оны ағаш бұтақтарына іліп қояды.

Сөздік жұмысы: ұя, торғай, қарға

«Торғай, қарға» сөздерін жаңғырық әдісімен қайталау.

Балалар енді бәріміз бірге орманға барайықшы?

Топтық жұмыс:

Балалар үш топқа бөлініп отырады.

1топ -ұя жапсырады.

2 топ-жемсауыт жапсырады.

3 топ-қарға мен торғайды жапсырады. Балалар топпен жасаған жұмыстарын тақтаға іліп, ойларын айтады.

Тілдік жаттығу

Бала қарға – қарқ, қарқ (бәсең дауыспен)
Ана қарға – қарқ, қарқ (орта дауыспен)
Әке қарға – қарқ, қарқ (қатты дауыспен)

Билингвалды компанент: торғай – воробей -sparrow , қарға – ворона - crow,

Сергіту сәті:

Қарлығаш боп ұшайық.
Торғай болып  қонайық.
Сауысқан боп секіріп
Тоқылдақ боп шоқиық
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып – ұшып алайық
Орнымызға қонайық.

Ойын: «Құстарға мекен табайық»

Шарты: Балалар жерде жатқан суреттерді алып, ормандағы ағаштардың басына қондырады.


Балалар сұрақтарға толық жауап береді.







Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.











Үнтаспаны тыңдайды.

Торғай, қарға









Құстар жайлы мәліметті тыңдайды






Балалар бірге қайталайды.




Балалар құстарды орналастырады

Балалар бірігіп топтық жұмысты орындайды


Тілдік жаттығуды тәрбиешімен бірге қайтайды

Балалар жаңа сөздерді қайталап айтады.


Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.



Ағаштарға қарға,торғайды жапсырады.

Рефлексивті түзетушілік

Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.

- Балалар,бүгінгі ашық тақырыптық қызметімізде қандай құстармен таныстық?

- Құстардың денесін бейнелеп айтып беріңдерші?

- Құстарға қандай күтім жасаймыз?

Ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысқан балаларды мақтап, мадақтаймын.

Сұрақтарға жауап берді.




Балалар өздерін мақтағанға қуанады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
458
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі