400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Құстар айтысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бижанова Нурсауле Базарбаевна

№54 негізгі мектебі


Пәні: Әдебиеттік оқу

Сынып: 3

Күні: 15.11.17ж

Сабақтың тақырыбы: Құстар айтысы  (үнді ертегісі)
Сабақтың мақсаты:

1)Құстар туралы оқушылар білімін толықтыру, ертегіні түсініп оқуға машықтандыру 
2) Оқушылардың қызығушылығын арттыру, байланыстыра сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, өзіндік ізденіс дағдыларын жетілдіру 
3) Ұжымда өз жауапкершілігін сезінуге, табиғатты қорғауға, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу 
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес 
Сабақтың типі: аралас сабақ 
Сабақтың формасы: топтық 
Сабақтың көрнекілігі:слайдтар 
Техникалық жабдықтар: проектр 
Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, ізденіс 
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу 
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру  а) оқушылармен амандасу, түгендеу.
Психологиялық дайындық 
Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Оқушыларды топқа бөлу:

ІІ Үй тапсырмасы: М.Шаханов. «Достық өлкесінің заңы»

Өлеңнің авторы М.Шаханов туралы сызбаны толтыру.

Мұғалім: «Достық өлкесінің заңы» атты өлеңіне кезек берсек.

1.Өлең не туралы? (достық, сатқындық)

2.Досын қайда ертіп барды? (нағашысының үйіне)

3. Қандай жағдайға тап болды? (досы ажесінің көзәйнегін сындырып алды)

4. Екі бала не істеді? (қорықты)

5. Кімнен? (әжесінен)

6. Неге? (әжесі қатал адам)

7. Әжесінің іс әрекеті? (ашуланды)

8. Балалар не істеді? (досын құтқарып қалды)

9. Әже немересін жазалады ма? (жоқ)

10. Кім сатқындық жасады? (інісі)

11. Әжесі балаға қандай жаза қолданды? (құлағынан ұстап, нағашысының алдына апарды)

12. Нағашы ата не істеді? (немересіне араша түсті)

13. Атасы қалай араша түсті? (жаман дос Отанында сатып кетеді)

Міне балалар өлеңнен қандай ой түйдіңдер?

Ендеше мына сөзжұмбақты шешейік. (сөзжұмбақ шешу)

Қандай сөз шықты? (Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.)

Сендер де ешқашан достарыңды сатпаңдар. Достарың көп болсын.

Сергіту сәті:

Жаңа сабақ: Ендеше, жаңа сабағымызға көшейік.

Оқулықпен жұмыс: Оқушылар мақал-мәтелдерді оқиды.

Мұғалім: Енді осы мақал-мәтелдерге тақырып ойластырайықшы. Яғни, мақал-мәтелдер не туралы?

Оқушылар: ынтымаққа, бірлікке байланысты.

Мұғалім: Оқулықтың 78 бетіндегі «Құстар айтысы» (үнді ертегісі)

Мұғалім: Ертегі деген не? 
Оқушылар: Ертегі – адамның қиялынан туған ой жүйріктігінен пайда болған шығарма.

Мұғалім: Ертегілердің қандай түрлері болады?

Оқушылар: Ертегілер қиял- ғажайып, хайуанаттар туралы, шыншыл ертегілер болып бөлінеді. 
Мұғалім: Бүгінгі біздің ертегіміз солардың қайсына жатады?

Оқушылар: жан-жануарларға байланысты.

Мұғалім: Енді осы ертегіде қандай киіпкерлер бар екен соны білу үшін, біз жұмбақтар шешеміз.

1.Бейбіт құсы аталады, 
Бар әлемге жар салады. 
Танисың ба ол құсты 
Аты қалай аталады? (көгершін) 
2.Ұшқаны қызық жалпылдап, 
Өзі сондай қарқылдақ (қарға) 
3.Бір-ақ уыс көлемі

Шыбын-шіркей қорегі

Бау-бақшаны қорғайды

Ал аты ше? (торғай)

Олай болса, біздің бүгінгі өткелі отырған «Құстар айтысы» атты ертегіміздің басты кейіпкерлері Торғай, Көгершін, Қарға болмақ. 
Мұғалім: Бүгінгі біздің жаңа тақырып сол құстарға байланысты болмақ.Құстар екіге бөлінеді. Жылы жаққа ұшып кететін құстар, және қыстап қалатын құстар.

Қыстап қалатын құстар, яғни суыққа төзімді құстарды кім атайды?

Оқушылар: Қарға, сауысқан, көгершін, торғай.

Мұғалім: Ендеше бәріміз зейін қойып ертегіні тыңдайық.(ертегіні түсіндіру)

3-тапсырма: Оқушыларға ертегіні «Ынтымақ», «Алауыздық» деген бөліктерге бөліп оқыту.

4-тапсырма: Ертегіден өзіңе қандай сабақ алдың?

Қорытынды: Ойын: «Тиінге азық жинау» 
1. Торға қандай құстар түсті? 
2. Құсбегі деген кім? 
3. Құстар тордан босанудың қандай жолын ақылдасты? 
4. Бірлік туралы мақал айт? 
5. Көгершіндер қандай сөздер айтты? 
6. Ертегі соңы қалай аяқталды? 

Үйге тапсырма: Ертегіні мазмұндау. (5-тапсырма) Бұқар жыраудың термесін өз

бетіңше жалғастырып көр.

Бағалау:


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
467
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі