|
Мақсаты
Күтілетін
нәтиже
|
Білімділік: Балаларды ертегі мазмұнымен
таныстыра отырып, ертегідегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Ой
қозғау страрегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы
жан - жақты ойлауға үйрету, топпен жұмыс жүргізу барысында
оқушыларға өзіндік жұмыс жасай білулеріне, өз бетінше ізденуге
үйрете білу және сөздік қорларын
молайту. Дамытушылық: Өткен сабақтарда алған
білімдерін бір жүйеге келтіру, түсініктерін ары қарай
дамыту Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, табиғатқа
қамқорлықпен қарауға, адамгершілікке, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу, Сабақтың
әдісі: Сын тұрғысынан ойлау,
топтастыру, дамыту картасы, болжау
әдісі. Сабақтың
көрнекілігі: Құстардың суреттері,
интерактивті тақта, оқулық,
кітапшалар.
|
|
Психологиялық
ахуал
|
Психологиялық
дайындық
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық.
|
Оқушылар шеңберде
жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік
тілейді.
|
|
Қызығушылықты
ояту
|
I. Ұйымдастыру
кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу Топқа
бөлу
II. Үй тапсырмасына шолу
жасау.
1. Әңгіменің авторы кім? Ол туралы не білесің?
2. Бала Ермекті өнерге, әнді түсінуге жетелеген кім?
Қалайша? (Жәнібек Кәрменов 1949 жылы 22 наурызда Шығыс Қазақстан
облысында туған.Әнші,жазушы,қазақ КСР-інің еңбегі сіңірген
артист.1992 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.)
3.«Әннің жақсысы да жаманы да тыңдаушысынан»деген пікірмен
келісесің бе? (Әкесі Бекмұхамед Ермектің әнге құштарлығын
сезіп,Алматыдағы музыка училищесіне оқуға берді)
4. Өзің үйден қандай ән тыңдап келдің? Әннің сөзін, әуенін жазған
кім екен? III. Жаңа
сабақ. Қызығушылығын
ояту. Ойын: «Кім
жылдам?»
Жыртқыш құс (қыран)
Қандай құс жемін түнде аулайды (жапалақ)
Қонақ шақыратын құс(сауысқан)
Құстардың үйі (ұя)
Оман дәрігері(тоқылдақ)
Әнші құс (бұлбұл)
- Жарайсыңдар, балалар.
Тақтаға - қарға, торғай, кептер суреттері
ілінеді.

Құстар сөзін үш тілде
айту. құстар -
птицы -
birds
(ботс)
Оқушылар осы құстарға сипаттама береді.
Құстар суреті
- Өзіміз болжап көрейікші, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп
ойлайсыңдар?
- Құстар туралы.
- Не себепті олай ойлайсыңдар?
- Жаңа сабағымыз «Құстар
айтысы» деп аталады.
Үнді ертегісі. Дәптермен жұмыс
Оқулықпен жұмыс.
- Мұғалімнің оқуы. «Құсбегі» сөзін түсіндіру.
- Ертегіні 3 топқа бөліп іштей оқыту.
- Әр топқа дауыстап тізбектей оқыту.
- Ертегі мазмұнын баяндау. 3 топтан 3 оқушы шығады.
- Сұрақпен жұмыс.
Ертегі талдау.
- Құстар тордан қалай құтылмақ болды?
- Құсбегі тордағы құстардың айтысатынын қайдан білді?
- Тор неліктен жерге салбырап түсе бастады?
- Құс аулаушы торды не істеді?
IV. Жаңа түсініктер мен іс
әрекеттерін қалыптастыру.
Сын тұрғысынан ойлау.
V. Жаңа түсінікті тексеру.
Осы ертегіні оқу барысында
қандай көркем сөздер қолданылған? Ынтымақ, алауыздық, енжарлық –
осы сөздердің мәндес сөздерін үш топқа
тапқызу.
- Осы сөздер ертегінің қай жерлерінде
қолданылған? VI. Жаңа сабақты бекітуге
арналған тапсырмалар:
(ойтолғаныс)
- Балалар, осы ертегі неліктен «Құстар айтысы»деп аталған?
Бұл ертегіні басқаша тағы қалай атауға болады?
Неліктен?
А) Таласқан құстар.
Ә) Құстар мен құсбегі.
Б) Тордағы құстар.
- Әрі қарай болжам жасап көрейікші, құсбегі тордағы құстарды не
істеуі мүмкін деп ойлайсыңдар?
- Бүркітке жемтік ретінде беруі мүмкін...
- Базарға сатып, ақша алуы мүмкін....
- Асырауы мүмкін......
- Балалар, осы ертегі ертегінің қай түріне жатады?
(жан - жануарлар) VII. Жаңа сабақты
қорытындылау.
Құстар
Торға түсті
Әр түрлі болды
Ақылдасты
Қанаттарын бірге қақты
Тормен бірге ұшты
Айтысты
Жанжалдасты
Осы ертегінің негізгі ойын қандай мақалмен қорытындылауға
болады? «Алтау ала болса, ауыздағы
кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі
келеді». «Бірлік болмай, тірлік
болмас». «Ынтымақты
ел озар».
|