жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Құстар әлемі"
Білім беру саласы: Шығармашылық, Коммуникация, Таным,Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Ағылшын тілі, Жапсыру,Айналамен танысу,ҚМҚ.
Тақырыбы: Үй құстары
Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Үй құстарынан алынатын өнімдерді зерттей отырып, олардың адамға қандай пайдасы бар екенін білу. Үй құстарын аттарын үш тілде айту.
Көрнекіліктер: Үй құстарының суреттері, слайд, тапсырмалар, жұмыртқа «шикі,піскен,қуырылған»
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Балалар шаттық шеңберіне тұрып,жұмбақ шешейік: Бұрап қойған сағаттай, Айқайлайды танатпай? «Әтеш» Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбымен таныстырып, орталықтарға бөлінуге нұсқау жасайды. |
Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің көмегімен жұмбақты шешеді. Орталықтарға отырады |
|
Іздену Ұйымдастырушы |
«Ғылым орталығы» Балалар құстар нешеге бөлінеді? Үй құстарын атап беріңдерші? слайд арқылы жұмбақ жасырады) Жұмбақ: Күн батса қонақтап қалғыған, Таң атса жерден жем аңдыған. (Тауық) -тауық бізге қандай өнім береді? -Жұмыртқаның пішіні қандай? -ендеше біздер осы жұмыртқаны зерттейміз. 1. жұмыртқа мынау шикісі 2.жұмыртқаның піскені 3.жұмыртқаның майға қуырғаны Шикі жұмыртқаны адам ерте аш қарынға ішсе ол адам денсаулығына пайдалы және шашқа маска ретінде шикі жұмыртқаны пайдалануға болады. Осы шикі жұмыртқаны тәтті тағамдар пісіру үшін пайдаланамыз. Ал мынау суға піскен жұмыртқа қане, оны ортасынан кесіп ішінде сары уызы бар, сыртында қабықшасы бар. Тырнақтың жақсы өсуіне, тістің жылтыр болуына пайдалы. Енді осы жұмыртқаның қабықшасын саусақтарымызбен уатып, гүлдерге салайық. Енді мынау майға қуырылған жұмыртқа қәне, дәмін көрейік? -дәмі қандай екен? Орыс халқы өздерінің паска мерекесінде жұмыртқаларды әртүрлі түске бояайды. Тауықтың піскен еті біз бұны күнделікті үйде тағам ретінде пайдаланамыз ендеше осы піскен тауықтың сорпасының дәмін көрейік. Енді етінің дәмін көрейік |
-Тауық -Жұмыртқа -дөңгелек |
|
Рефлекісті коррекциялаушы |
Математика орталығы Тәрбиеші балаларға көрнекіліктерді пайдалана отырып үй құстарымен таныстырады. Үй құстары олар: әтеш,тауық,үйрек,қаз,күрке тауық, балапан. Үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан шығарады. Үй құстарының пайдасы көп. Жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады. Жүнінен жастық жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп асырайды. Ұя салады,олар тазалайды, жем,су береді. Балапандарына корек беріп көмектеседі. Балалар бізге тауық хат жіберіпті (экранға қарайықшы) хатты оқып береді.
Дидактикалық ойын: «таяқшалар» Сергіту сәті (бейнетаспа) Көркем әдебиет орталығы Үй құстарымен слайд арқылы үш тілде таныстырады. Тауық-курица-hen Әтеш-петух-cock Балапан-цыпленок-chicken Қаз-гусь-goose Үйрек-утка-duck Үй құстары жеммен қоректенеді.олар көктемде балапан шығарады. Үй құстарының пайдасы көп: жұмвыртқасын,етін адамдар тағам ретінде пайдаланады,жүнінен жастық көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқорлық көрсетіп асырайды. Ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді. Ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді. Үйір-үйір балапан Үйірге кім үйретті Үйір-үйір балапан Үйірге өзім үйреттім Жаңылпаш айтады Ten little duckings Dash dash, clash Jumped in the dusk pond Splash , Splash, Splash When the mother called them Ten littel duckings Swam rig ht bask Дидактикалық ойын: «Үй құстарын тап» Мақсаты: құстар арасынан үй құстарын тауып ажырату. Өнер орталығы Күн бата қонақтап Таң ата жерден жем іздеп Қиқу салып бақырып Айғайлауды тауыпты Қыт-қыт дейді шақырса Кім біледі ................ жұмбақ жасырады. Үй құстарын слайд арқылы көрсетіп, әңгімелеп,ерекшеліктерін айтады.(әтеш,тауық,үйрек,қаз,балапан)әтештің басында айдары,екі көзі,екі қанаты,екі аяғы,құйрығы бар. Ку-ка-ре-ку деп дыбыстайды. Олар жем жейді,су ішеді. Тауық пен әтештің айырмащылығы әтеште айдар бар, ал тауық бізге жұмыртқа береді. Ол қыт-қыт деп дыбыстайды. Қаз-мойны мен тұмсығы ұзындау келеді. Ол тауыққа қарағанда үлкен болады. Үйрек –көлшікте,құрғақта жүреді. Балапан- жұмыртқаның ішінен шығады. Үй құстарының пайдасы өте көп. Дидактикалық ойын: «Ненің дыбысы» Мақсаты: үй құстарының дыбыстары арқылы ажырату Ендіше, біз қазір осы үйректі геометриялық пішіндер арқылы жапсырамыз. Үлгі көрсетеді (балаларға нұсқау береді) Жасаған жұмыстарын мақтап,мадақтап. Келген конақтарға ұсынады. Сергіту сәті Аспаздық орталық Үй құстарын слайд арқылы және дауыстарын естіріп,әңгімелейді. Жұмыртқасынан нан, тәтті нан,бөлке, торт, торттардың кремін дайындауға болады. Ендіше балалар «Сары балапан» жасаймыз. Оған қайнатылған жұмыртқа керек және укроп пен кукуруз керек әдемілік жасауға. Пышақпен қауіпсіздік ережесімен таныстырады. Балалардың жұмысын бақылап, көмектеседі. Жасаған «сары балапан» мадақтайды. Дидактикалық ойын : «Балапанды құрамында не бар?» Сары балапанға тақпақ айтуды ұйымдастыру. Шиқ-шиқ-шиқ Мен әдемі балапан Біліп қой сен балақай Ән айтқанды,би-билеп Ұнататын балапан! Сергіту сәті «Көңілді күн» бейнетаспасы арқылы өткізеді. Орталықтарға арналған карточкаларды өз орындарына салады. «үй құстарын» үш тілде қалай айтамыз? Үй құстарының пайдасы қандай? Ненің суретін жапсырдық? Құс етінен жұмыртқадан нелер жасауға болады екен? Қандай тапсырмалар орындадық? |
Естеріне сақтайды. -қызығушылықтарын танытып, үш тілде қайталайды, естеріне сақтайды. -тапсырмаларды орындайды. -ағылшынша тақпақты тәрбиешімен бірге қайталады. Берілген үлестірмеді. Материалдардың ішінен үй құстарын тауып, ажыратып белгілейді. -қызығушылық танытады -үй құстарының дыбыстарын ажыратады. Жұмбатты шешеді Қызығушылықпен тыңдайды. -үйрек жапсыруға кіріседі. -ойынға қатысады -қызығушылық танытып,естеріне сақтайды -балапан жасауға жқмыстанады. -тақпақты жаттайды Бойларын сергітеді. -сұрақтарға толық жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балалар үй құстары туралы: немен қоректенеді, адамдарға деген пайдасын ,үй құстарының түрлерін,олардың дыбыстаруын және үш тілде білу керек
Болу керек: балалар үй құстарына жем шашып,су құйып, ұя салып, маңайын тазалап қамқор болуға.
Істей білу керек: Балалар тәрбиешінің берген тапсырмаларын өз бетінше істей білуі, үй құстарына деген қамқорлықтарын күнделікті өмірде пайлана істей білуі керек.
МКҚК «Болашақ» балабақшасы
Бекітемін:
«Болашақ» балабақшасы МКҚК
әдіскер Амирова Н_______
14.10.2016ж
№4 «Ақсұңқар» ересек тобына арналған ашық есік күніне ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
«Үй құстары»
Орындағандар: Нұрмағанбетова А
Шаухаева Г
Уналиева М
Жұмаш А
Қожанбетова А
Құрық ауылы
2016ж
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген