жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Құстар-біздің досымыз»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім бері саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»
Мақсаты:1.Вокалды және аспаптық музыкаға қызығушылығын арттыру. Күйші-композитор Н.Тілендиев туралы түсінік беру.2. Музыка арқылы шығармашылығын дамыту. 3. Құстарды қорғап, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Құстардың суреті, қайың ағашының суреті, аққу құсының макеті, қағаздан қиылған жұлдызшалар, т.б.
Сөздік жұмыс: Аққу, тоқылдақ
|
Оқу қызметінің кезеңдері |
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық- қозғаушылық |
«Марш», М.Рахвергер Марш әуенімен, шеңбер бойымен жүріп жарты шеңберге тұруды ұйымдастарады. -Қане, балалар, қонақтармен әдемілеп әуендетіп амандасайық. Орындарына отыруды ұйымдастырады |
Маршпен шеңбер бойымен жүреді, аяқтарын нық басады.
|
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
(Ғарыш кемесінің дауысы естіледі) -Балалар, бұл ненің дауысы? -Біз өткенде қайда барып едік? Өткен тақырыпты сұрау -Ғарышқа қай қаладан ұшады? -Ғарышқа ең алғаш ұшқан кім? -Ал біздің қазақ ғарышкерлерінен кімдерді білесіңдер?
-Аспанда ғаламшарлардан басқа тағы нелер бар? -Дұрыс жұлдыздар. -Жұлдыздарды ағылшын тілінде қалай айтады? -Өткен оқу қызметімізде үйренген әнімізді айтайықшы. Ән айту: «Twinkle, twinkle, little star»
-Балалар, құлақ салып тыңдайықшы, тағы ненің дауысы естіледі? -Ия, дұрыс. Бүгін біз құстармен танысамыз. -Құстардың түрі өте көп. Олар орманда да, теңіз жағалайында да өмір сүреді. -Біз қазір құстармен танысу үшін екі топқа бөлінеміз. -Біздер әдемі ән айтқан кейін аспаннан жұлдыздар жауды, қараңдаршы.
-Мына жұлдыздарды теріп, үлкен жұлдыз кімде болса олар ормандағы құстармен танысуға барады -Ал кішкене жұлдыз кімде болса олар теңіз жағалауындағы құстармен танысуға барады.
І топ - «Музыкалық бейне орталығы» (Аққудың суретін көрсету) -Аққуды адалдықтың, достықтың белгісі деп те, биші құс деп те атайды халық арасында. -Құстарды қорғау керек. Олар біздің досымыз. -Ал сендер аққу құсын көрдіңдер ме? -Ия ол біздің Каспий теңізіне қыс мезгілінде ұшып келеді. -Көптеген композиторлар құстар туралы шығармалар жазған.Соның ішінде біз бүгін Н.Тілендиев атамыздың «Аққу» деген күйін тыңдаймыз. -Н.Тілендиев атамыз күйші- композитор. Домбырада керемет ойнаған, балаларға да арнап әдемі әндер жазған. Музыка тыңдау: «Аққу», Н.Тілендиев -Қане, балалар, мына суретке назар аударайықшы. -Бұл суретте аққу құсы теңізде суы болмағасын жүзе алмай тұр екен -Теңізді бояп аққуға көмектесеміз бе? -Ол үшін ұялы телефондарымыздан музыканы тыңдап отырып, сурет салайық (Ұялы телефонды дұрыс қолдануын, музыканың дыбысын, құлаққаптың дұрыс киілуін қадағалау)
ІІ топ «Ырғақтар орталығы» -Өте жақсы балалар. -Балалар, егер сендер жұмбақты шешсеңдер мен сендерге сол құсты таныстырамын.
Тұмсығымен ояды, Ағаш құртын жояды.
-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бұл Тоқылдақ. (Тоқылдақтың суретін көрсету) -Тоқылдақты «орман санитары» деп те атайды. Себебі ол ағаштарды құрттан тазартады. -Қане Тоқылдақтың дауысын тыңдайықшы. (Құлаққапты киіп, ұялы телефоннан Тоқылдақтың дауысын тыңдайды) -Құстар біздің досымыз. Құстарды қорғауымыз керек. -Балалар, бүгін біз осы Тоқылдақ туралы ән үйренеміз. -К.Ыбраев ағамыз біздің Мағыстаудың композиторы. Ол балаларға да арнап көптеген әндер жазған. Болашақта да ол ағамыздың әндерімен танысамыз. Ән үйрену: «Тоқылдақ», К.Ыбраев Муз. жетекшісі әнді орындап береді. «Тоқылдақ» әнінің сөздерін жаттап, ырғағымен танысып әуенімен үйренеміз. -Балалар, «тоқ-тоқ-тоқ» деген жерін метталлафон аспабында ойнап үйренейік (Топтардың орын ауыстыруы)
Сергіту сәті: Ойын: «Құстар мен балапандар» (Музыкалық дыбыстың биіктігін айыруға арналған ойындар) -Балалар, барлық құстардың балапандары болады екен. -Біз екі топқа бөлініп ойын ойнайық
Орындарына оытруды ұйымдастыру. Әнді әуенімен барлығы бірге орындау. |
-Ғарыш кемесінің -Ғарышқа
-Байқоңыр қаласынан -Юрий Гагарин -Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов
-Жұлдыздар
-Star
Әнді көңілді орындау
-Құстардың
Педагогтың айтқанын мұқият тыңдау
Күйді тыңдайды (Балалар ұялы телефоннан музыканы құлаққап арқылы тыңдай отырып сурет салады) Балалар суретті бар ынтасымен салады
Балалар жұмбақты бірге ойлана шешуге тырысады.
Тоқылдақ
Жаңа тақырыпты мұқият тыңдау
Әнді мұқият тыңдайды Әннің сөздерін естеріне сақтап, әуенімен айтуға тырысады. Металлафон аспабында ойнап үйренеді
Ойын ойнап көңілді әсер алады
|
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Келіп көктем құстары, Бау-бақшада ән салды Оларды жас достары, Ұя жасап қарсы алды. -Балалар, бүгін біз қандай құстармен таныстық? -Құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар? Балаларға өз үйлерінің алдындағы ағаштарға ұя жасауды ұсынады -Бүгін оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін мен сендерге мына кітпшаларды сыйға беремін. Оқу қызметін қорытындылау. Мақтау. Мадақтау |
Қойылған сұрақтарға жауап беріп, құстарға жасаған өз қамқорлықтары туралы қызу әңгімелейді.
Көңілді әуенмен топтарына тарайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Музыканың эмоциялық мазмұнын жеткізу. Ән мәтінін түсініп, таза айтуды
Игерді: Құстар туралы біліп, мағлұмат алады.
Меңгерді: Әннің музыкасын әндете айтуды, дұрыс тыныс алуды, өз мәнінде нақышына
келтіре орындауды

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген