2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Құстар біздің досымыз

Құстар біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз
Мақсаты: 
Білімділік: Оқушылардың құстар туралы білімдерін тиянақтап, 
құстардың түрлерімен таныстыру. 
Тәрбиелік: Құстарға қамқор болуға бейімдеу. Отанын, жерін, орманын, 
көлін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың құстар туралы ой-өрістерін, 
түсініктерін, логикалық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: құстардың суреттері, құстар туралы нақыл сөздер,бейнежазбалар,
Бөлімдері: 
I. Таныстыру 
II.
Жұмбақ
III. Кім көп біледі?
IV. Суреттер сөйлейді
V.
Кім тапқыр?
Сайыстың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Баршамызға белгілі 1сәуір –Халықаралық құстар күні. Бұл күн сонау 1906 жылдан құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция жарияланғаннан бері аталып келеді. Бүкіл дүниежүзі бойынша12 мыңдай құс тіршілік етеді. Біздің елімізде құстарға бай. Біздің елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар. Олар зиянды жәндіктер мен кенелерді, кемірушілер мен құстарды құртып, егін мен орманды қорғайды.
Дәл қазір елімізге жылы жақтан құстар ұшып келуде. Қазақ халқы шебер әншісін «бұл-бұлға», ардақты азаматын «сұңқарға», қас сұлуын «аққуға», ержігітін «жапалаққа» теңеген. Ал ендеше осындай табиғаттың ерекше бір жаратылысы құстарға арналған сайысымызды бастайық.
І топ:«Аққу» тобы

ІІ топ: «Тырна» тобы
ІІІ топ :«Қарлығаш» тобы

ІV топ :« Ақ көгершін» тобы

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:

1.Мектеп директоры : Тохметов Д.Е.
2. Оқу ісінің меңгерушісі: Керейқулова Ұ.


3.Оқу ісі жөніндегі орынбасар: Крыкбаева Ш.

4. Оқу ісі жөніндегі орынбасар: Сатилова Р.

5. Тәрбие ісінің меңгерушісі Садібекова Г.
Көңілді тапқыштар, білімділер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер, 
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. 
- деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы бөлімін бастасақ.
І . Таныстыру
Бұл бөлімде әр топ өзінің эмблемасын, атын таныстырады

І топ:«Аққу» тобы

ІІ топ: «Тырна» тобы
ІІІ топ :«Қарлығаш» тобы

ІV топ :«Ақ көгершін» тобы

ІІ. Жұмбақтар
Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала берсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді! Бұл бөлімде ұяшықтар бойынша жұмбақтар жасырылады. 10,20,30 ұпайлық. Қай ұяшықтың жұмбағына жауап берсе , қоржындарына сонша ұпай қосылады.
10 ұпайлық жұмбақтар

1. Тал басында 
   Түндіксіз отау (ұя)

2. Күндіз тіпті ұшпайды,
    Түнде тышқан ұстайды. (жапалақ)

3. Ақ сарайын талқандап,
    Шықты біреу талтандап.     (балапан)

4. Қонып алып жарға,  
    Қарқылдайды     (қарға)

20 ұпайлық жұмбақтар

1. Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,
Қонса көл суы сирақтан келмейді           (тырна)

2.Ұя салып ,балапан баспайды
Өз атын атап қақсайды
                                        (көкек) 

3. Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс?
                                        (сауысқан)

4. Дамылсыз барабан қағады
Сол жерден тамағын табады
                                         (тоқылдақ)




30 ұпайлық жұмбақтар

1.Көңілдің көркі сәні екен,
   Ұшқанда сазды ән екен.
   Айқындар оны байқаған,
    Адамдар қорғап сақтаған.
    Бұл қандай құс?
                          (Аққу)

2. Ауылда, қалада мекені,
     Жолаушы жүрсек шығарып салады.
     Алдыңнан шығады,
     Жаныңды еркелетеді.     
                            (Қарлығаш) 

3.Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар?
                                      (Қараторғай)

4. Маң-маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды.
                                     (Түйеқұс)

ІІІ. «Кім көп біледі?» Бұл бөлімде сіздердің қаншалықты құстарды білетіндіктеріңіз анықталады. (құстардың аттарын суреттердің астына жазу)


IV. Суреттер сөйлейді
Берілген сурет қиындыларды құрап, сол суреттегі құс туралы мағлұмат беру керек. (Торғай, Қараторғай, Бүркіт, Түйеқұс)

V. Кім тапқыр?
Балалар ормандағы құстар біздің мереке өткізіп жатқанымызды біліп, ақ көгершіннен хат жіберіпті. Бұл хатта орман құстары біздерге сұрақтар берген екен.

Берілген сұрақтарға ойланып, жауап берейік.

1.Құстардың атын қойған қандай кісі есімдерін білесіңдер?

2.Елімізді жаудан қорғап ерлік көрсеткен қыран, бүркіттей батырларды білесіздер ме?

3.Бұлбұлша сайраған әншілерімізді білесіздер ме?

4.Құстар жайында жазылған әндерді білесіздерме?
Ән: «Ақ көгершін». Орындайтын: 3 «К» сынып оқушылары

Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,
Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған 
—деп әділ-алқазыларға сөз кезегін ұсынамыз

Қорытынды: Міне, бүгінгі сайысымызды қорытындылай келе мектебімізде өнерлі, білімді жастарымыз бар екенін көз жеткіздік. Әр топ мүшелері өз білімдерін, өнерлерін көрсете білді. Құстардың көктемгі тіршілігі, табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы, келтіретін пайдасы туралы ұғындыра отырып, оларды қорғай біліңіздер демекпін.
Осымен бүгінгі «Құстар – біздің досымыз» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз. 
Қош сау болыңыздар!


24 Қаңтар 2019
474
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі