Құстар біздің досымыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құстар біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстар туралы білімдерін кеңейту. Олардың тіршілігін, ортақ қасиеттерін, айырмашылығын ажыратуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі



Күні:

Тәрбиешінің аты-жөні:Абитаева М.Б

Қатысқандар саны: қатыспағандар саны:

Өтпелі тақырып: Қыс қызығы

Апта тақырыбы:Құстар біздің досымыз.

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Құстар- біздің досымыз!

Мақсаты:

Білімділігі: Құстар туралы білімдерін кеңейту. Олардың тіршілігін, ортақ қасиеттерін, айырмашылығын ажыратуға үйрету.

Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын, ой өрісін, дамыту. Сұраққа толық жауап беруге, екі үш сөйлем құрастыруға қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Құстарға қамқор бола білуге, қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Билингвальді компонент:Құстар- птицы- birds. Жұмыртқа-яйцо- egg.

Көрнекіліктер: Құстар туралы слайд, құстардың суреттері

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың әрекеті
















Кіріспе бөлім



















Негізгі бөлім

























































































Қорытынды




Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті гүліміз.


Қайырлы күн балалар

Қайырлы күн қонақтар

Good morning,good morning,

Good morning to you,

Good morning,good morning,

I am glad to see you.

(құстар туралы аудиозапись қосылады, екі бала құс боп ұшып келеп тақпақ оқиды.)

Тәрбиеші: Балалар бізге қандай құстар келіп түр?

Тәрбиеші: Ендеше , біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс -әрекетіміз құстар тақырыбында болмақ.

Балалар, ал енді сендер құстар туралы не білесіңдер?

Тәрбиеші: Олардың қандай пайдасы бар?

Тәрбиеші: Құстарды жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай калай бөлеміз?

Тәрбиеші: Қыстап қалатын құстарды білеміз бе?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бұлар суықтан қорықпайды, қыста өз қоректерін тауып жейді.

Жыл құстары жайлы не айта аламыз?

Тәрбиеші: Құстар қыста ағаш бүршігін, кепкен жемістерді қорек етеді. Ал адамдар оларға қандай көмек көрсетеді?

Балалар: Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан қоқымын, жем шашып береді.

Қостілдік жұмыс: Құстар —птицы- birds, Жұмыртқа- яйцо-egg

Құстар туралы слайд. Құстар бір орында тұрмайды. Олар бір жерден екінші жерге ұшып-қонып жүреді.Олар балапандарын жауларынан қорғайды. Барлық құстарға ортақ қасиет- олар ұшады, қанаттары, мамықтары, бәрінін тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығына келсек, құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір-біріне ұқсамайды. Құстар: жүзеді, ұшады, жүреді.Құстар өте пайдалы. Олар ағаштарды қорғайды.

1- орталық Ғылыми-ізденіс. Белгісі ағаш

«Құстарды топтастыру» ойыны

Ағашқа жыл құстарын ,жемсауытқа қыстап қалатын құстарды ілу.


Жыл құстары:Қарлығаш, бұлбұл, аққу , көкек.


Қыстап қалатын құстар: торғай, сауысқан, көгершін, қарға,


Қарға- басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Оның балапанын сөйлеуге үйретуге болады. Қарғалар ұзақ өмір сүреді.

Сауысқан-ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Кез келген тамақты корек етеді. Қауырсындары бірыңғай қара емес, жасыл реңкті келеді, бүйіріндегі қауырсыны аппақ.

Суыкторғай- ағаш қуыстарын, індерді, үй- жайларды мекендейді. Бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді.

Көгершін-достықтың символы.Ол бейбітшілік құсы деп есептеледі. Ол-әлемді шарлап хат тасушы құс болған.Оның түсі сұр, көк, қоңыр, ақ түсті болған.

Қарлығаш-киелі құс. Ол адамның досы. Қарлығаш ұясын асханаларға, үйлердің кіре беріс жерлеріне, киіз үйдің шаңырағына салады.Ол кішкентай сәбиді айдаһардан қорғап қалған.


Бұлбұл-орман-тоғайда, нулы жерде, бақта жүретін, дауысы әдемі кишкене әнші құс.


Көкек- «Көкек, көкек »,-үн шығаратын, түсі ала-құла көктем құсы.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ал біз осы құстардың қалай дыбыстайтынын білеміз бе?


Балалар: Ия.


Тәрбиеші: Олай болса қай құс қалай дауыстайды, соны табыңдаршы.


«Құстар қалай дауыстайды?» дидактикалық ойын.

Қарға-қарқылдайды

Сауысқан-шақылдайды

Тоқылдақ-тоқылдайды

Бұлбұл- сайрайды

Қаз- қаңқылдайды

Торғай- шиқылдайды

Көкек-көкектейді.

Дидактикеалық ойын: « Суретшінің қатесін тап»



Тәрбиеші: Балалар құстар туралы ырымдар мен болжамдарды да білеміз. Қане, соларды еске түсірейікші.


Құстың ұясын бұзба!


Құсқа тас лақтырма!


Құстардың балапанына тиіспе!


Құстардың жұмыртқасын жарма!


Жаңбыр жауарда қарғалар у-шу болады.

Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.

Шымщық ұя салса, қыс қатты болады.

Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.

Торғай терезеге қонса, күн суытып, аяз болады.

2- орталық. Шығармашылық Жапсыру. Белгісі құс.

Аққу құсын күрішпен жапсыру. (дәстүрден тыс)

Сергіту сәті: «Шөжелерім» әнімен қимылдау.


Тәрбиеші: Балалар, барлағыңызды «жүректен жүрекке » шеңберіне шақырамын.

Балалар біздер құстарға деген сүйіспеншілігімізді білдірейікші!

(Тәрбиеші құс мүсінін алақанына салып, балапанды балаларға ұсынады.)

  • Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оны аялап мәпелер едім-деп, балапанды балаларға үсынады.

  • Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оны жуындырар едім.

  • Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оған әдемілеп ұя жасап берер едім.

  • Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оның аузына дәм салар едім.

  • Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оның қанаттарын тазалар едім.

  • Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оны құшағыма қысар едім.

Жарайсыңдар балалар! Осы сәби жүрегінен шыққан жақсы тілектер қабыл болсын! Құстарымыз сайрап, күніміз ашық болсын! Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сіздерге рақмет!





Балалар шаттық шеңберін қимылмен орындайды.





Мен торгаймын, торғаймын суықтанда тоңбаймын, құрт-құмырсқа, шіркейден. Бау-бақшаны қорғаймын.


Торғай мен акку.


Құстар үй құстары және дала құстары болады.


Олар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады.

Қыстап қалатын құстар , жыл құстары болып бөлінеді.

Торғай, қарға, көгершін, сауысқан.

Жыл құстары олар жылы жаққа ұшып кетеді.

Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан қоқымын, жем шашып береді.

«Құстарды топтастыру» ойынын ойнады.


Құстарды сипаттап шықты.


























Құстардың дауысын салды.








Суретшінің қатесін тауып, шеңбермен қоршап қойды.


Ырымдар мен болжамдарды толық айтып берді.














Аққу құсын күрішпен үлгі бойынша өте жақсы жапсырып шықты.


Сергіту сәтін интерактивті тақтадан бейнебаян көру арқылы қимылдарын қайталап, орындап шықты.


Құс мүсінін алақанына салып, сәби жүрегінен шыққан жақсы тілектерін айтты.

Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды:Жалпы құстар туралы

Түсінеді: Табиғатқа ,қоршаған ортаға сүйспеншілікті

Қолданады: Құстарды ажыратып атау, қамқор болу.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
28.01.2019
359
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі