Материалдар / Құстар біздің досымыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құстар біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
555
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз

Мақсаты:

1.  Білімділігі:Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы                           құстардаң мағнасы жайлы мағлұмат беру,барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау, оларды қарсы алу. Халық қазынасы мақал- мәтелді, жұмбақ болжамдарды пайдалана білуге үйрету.

2.  Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту.

3.  Тәрбиелік: отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге, аң- құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, үнтаспа, қанатты сөздер, шар, гүл, көктем көрінісі.

І. Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! «Құстар біздің досымыз » атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Мен баршаларыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын.Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі. Жер бетінде 8600- ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500- дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ: аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз.



Picture 1



· Бейбітшілік құсы қай құс?

· Көгершін.

· Балалар сендер білесіңдер ме биылғы жыл қай құсқа беріледі?

· Қарлығаш.

ІІ.Ө Көктем:

   Ал құрметті халайық,

   Мерекені бастайық.

   Жұмбақ шешімін тапсаңдар,

   Құстарды қарсы алайық.

ІІІ. Жұмбақ.

Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды

Көктем жұлдыз қаққандай.                   (қарлығаш)

 

Орман іші солқылдап,

Жаңғырықты түнімен.

Ұрды ағашты тоқылдақ,

Тұмсығының түбімен.                             (тоқылдақ)



Picture 2


ІҮ.Сұрақтар.

А) Көктем айларын ата!

Б) Құстар балапандарын қайда өсіреді?

В) Ең алғаш шығатын гүл?

Г) Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?

Д) Киелі құс?

Е) Қандай құстың құйрығы айыр?

Ү.  Ән «Ақ көгершін»  4а – сынып

   Сұрақтар.

А) Адамдар көктемде қалай киінеді?

Б) Түнде ұшатын құсты ата!

В) Орман дәрігері?

Г) Өз атын өзі шақыратын құс?

Д) Сөйлейтін құс?

Е) Көгершін қандай құс?

ҮІ. Кім құстарға арналған тақпақ оқиды?

« Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.» - деп Абай атамыз жырлағандай өлең жолдарына кезек берейік.

Оқушылар өлең оқиды.

ҮІІ. Ән «Торғай»     3а- сынып.

Кім көп құс біледі?

Құс аттарын параққа жазу.

ҮІІІ. «Мақал- мәтел, жұмбақ» сайысына кезек берейік.

Бұлбұл үнді, жылап тілді.

 

Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.

 

Ер жаңылып қолға түсер,

Құс жаңылып торға түсер.

 

Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ.

 

Қаз келсе, жаз келер.

Жұмбақтар:

Сайрайды бір талмайды,

Әнші құс бұл таңдайлы.     (бұлбұл)

Қараңғыда ұшады, құбылады.

Жарық көрсе қашады, тығылады.        (жарқанат)

Шарлап келіп даланы,

Үйіне үй салады.                           (қарлығаш)

ІХ. «Аққу биі»  3-4 сыныптар.

Ал, балалар құстарға байланысты қандай халық болжамдарын білесіңдер?

· Құс жүнін үрпитсе- жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

· Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.

· Шымшық ұя салса- қыс қатты болады.

· Қарға қарқылдаса - қар жауады


Х. Қорытынды.

Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық. Оларға қамқор болайық.

Әрқашан аспаның ашық болсын деген ниетпен «Құстар қайтып барады» әнімен аяқтауды жөн көрдіе.

Оянып бар табиғат ұйқысынан,

Жадырап құтылғандай құс қамынан.

Көктемді шуға бөлеп әнге ораған,

Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!