Ашық
тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Құстар-біздің досымыз»
Мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға
құстар жайлы алған білімдерін кеңейту.
2.Дамытушылық: Оқушылардың
ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық
іс – әрекеттерін,
шығармашылығын,
сөздік қорларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды
отан сүйгіштікке, ұқыптылыққа,
сауаттылыққа, табиғатты қорғауға,
оқуға
дағдыландыру.
Сабақтың
әдісі:
түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың
көрнекілігі:суреттер,
кластер, үнтаспа, карточкалар, презентация.
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар
келіп отыр. Ендеше, бүгінгі келген
қонақтарымызбен амандасайық, өзіміздің
білімдерімізді көрсетейік.
“Шаттық
шеңбер”
1.
Кіріспе әңгіме:
Құстар —
жылықанды омыртқалы жануарлар
(омыртқасы бар жануарлар). Олардың
қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға
көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен
жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға
айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа
салады. Құстардың денелері жеңіл
болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы
болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да
кездеседі.
Жер
бетінде 8600- ге жуық құстар түрі бар
десек, біздің елімізде 500- дей түрі
кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде
қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар
кездеседі. Табиғатты
құрайтын бөліктердің бірі – құстар.
Халық ежелден –ақ құстарға әуес, оларға
деген сүйіспеншілік шексіз дәріптеп,
ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу
арқылы ол ықыласын көпке аян еткен.
Халық өз орталырынан шыққан саңылақ
ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән
шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үішн,
Отан үшін жанын қиятын батырларын –
қыранға, елден асқан сұлуды – аққуға
теңеген. Қарлығаш адамға саулық, жақсылық
тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап
жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан
үйренген
Оқушыларды
топқа бөлу.
І
топ Жыл құстары
ІІ
топ Қыстап қалатын құстар
ІІІ
топ Сирек кездесетін құстар
Жыл
құстарын атайтын болсақ: аққу, қарлығаш,
үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды
білеміз.
"Қыстап
қалатын құстар суықтан қорқа ма, әлде
аштықтан қорқа ма?"Құстар суыққа
тоңбайды,олар аш қалудан қорқады.
Өйткені күз түсе олардың қоректері
азаяды. Бірақ қыстап қалатын да
құстар бар. Олар қыстыгүні өзіне азық
тауып, қоректене алады.
Сауысқан
-қарға тұқымдасының бірі,оның түсі
ала,құйрығы ұзын болады. Орман,тоғайлар
мен бұталы жерлерді мекендейді.
-
Аққу
30-40 жылдай өмір сүреді. Ол көрсе көз
тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына
сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына
тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған.
Ол киілі құс.
Құстарды
сипаттау
І
топ
Қарлығашты сипаттау
ІІ
топ
Торғайды сипаттау
ІІІ
топ
Аққуды сипаттау
Мақал-мәтелдер
жарысы
Құс
баласы қырымға қарайды,
Қаршыға
ілген қазға сын.
Қыран
құстың баласы ұшса келмес ұяға.
Ит
тамығы үшін жүгіреді.
Құс
тамағы үшін үшады.
Құс
патшасы –бүркіт,
Аң
патшасы-арыстан.
Құс
қанатымен қатар ұшады.
Жұмбақтар
шешу
Мысық
құлақты,
Бүркіт
тұяқты. (үкі)
Тұмсығы
қашау, кәсібі - ұя жасау,
Ағашты
қорғап, зиянкестерді асау. (тоқылдақ)
Қайталап
атымды,
Ән
салып аламын.
Кез
келген ұяға,
Жұмыртқа
саламын. (көкек)
Биікке
самғайды,
Бірақ
ізі қалмайды. (бүркіт)
Тал
басында ағаш үй,
Терезесіз
тамаша үй.
Соны
мекен етеді,
Қыста
алысқа кетеді. (торғай)
Қорытынды.
Оқушыларға
тақтадан неге құстар біздің досымыз
екені туралы плакатта берілген суреттер
арқылы түсіндіріледі.
Құстар-біздің
досымыз,
Шырқап,
әнге өосамыз.
Құстар-біздің
досымыз,
Көктем
айын тосамыз.