400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Құстар-біздің досымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірбе алмасу үшін және сабақ көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»

Мақсаты:Балаларды жергілікті жердің құстары мен таныстырып оны күтіп баптауға,аялауға,оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.Құс түрлерін ажырата білуге үйрету. Б.М:Балалардың құстар туралы білімдерін тиянақтау.Қазақстанда кездесетін құстармен танысу.Үй құстарының әр қайсысының өзіне тән қасиеттері туралы әңгімелеу. Д.М:Құстардың табиғатқа келтіретінпайдасы жайлы түсініктерін дамыту. Т.М:Құстарға қамқор болуға,қорғауға тәрбиелеу. Көрнектілік:Слайд,суреттер,құс мүсіндері. Барысы:Ұйымдастыру кезеңі

1.Балалар көңіл-күйіміз қалай? 2.Қазір бір-бірімізге жақсы тілек тілейік. 3.Бүгін сабақ сен үшін көңілді өтсін. 4.Күн жылынып,қар еріп Дала гүлге толады Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? (Көктемде) 5.Балалар көктем деген сөзді естігенде естеріне не түседі? Кәне,бір-бір сөзден айтып жіберейікші. 6.Дұрыс балалар,көктемде күн жылынады,жыл құстары туған жерге оралады.Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»Бүгінгі сабақта біз сенднрмен құстар,құстардың түрлері,оларды қорғау туралы әңгімелесеміз.Сендер қандай құстарды білесіңдер?Үй құстары және жабайы құстар деп екіге бөлінеді: Үй құстары:тауық,қаз,үйрек,күркетауық. Үй құстарының пайдасы қандай? Жұмыртқа береді,мамығынан жастық жасаймыз,ет,сорпасы жеңіл болады. Жұмыртқасын барлық тағам түрлерін жасауға пайдаланамыз. Слайдтағы суреттермен жұмыс. Сергіту сәті: «Бүркіт пен бидай»ойыны Тамаша!Олай болса,мен сендерге құстар туралы жұмбақтар жасырамын.Қане,кім тапқыр екен? 1.Тұмсығы қашау, Кәсібі-ұя жасау. (тоқылдақ) 2.Өз атын ғана біледі Соны айтумен жүреді. (көкек) 3.Үлкендігі шымшықтай Бақ ішінде,торғайдай Ән салады күн шықпай. (бұлбұл) 4.Жан-жаққа қарап жалтаңдап Маңында қоқыс балапандап Күні бойы іздеп көрген Талғамай жейді керегін. (қарға)

«Түлкі мен қаздар»ойыны Ал,балалар М.Монтессори әдіс-тәсілі бойынша қолымызға жаттығу жасап алайық. Ұядағы балапандар Балапандар ұяда отыр,аналарын күтіп отыр. Қортынды: -Құстардың қандай пайдасы бар? -Неге құстарды біздің досымыз деп атаймыз? -Өйткені,құстар ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғайды.-Олай болса,біз достарымызды қалай қарсы аламыз,оларға қандай қамқорлық жасаймыз? -Ұя жасаймыз. –Партаның үстіндегі фигуралардан ұя құрастырып көрейікші. Енді осы ұяларға құстар ұшып келіп қонып жатыр. -Рахмет, балалар! Біз достарымызға ұя жасап,жақсы қарсы алдық. Сабақты бекіту,қортындылау.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.03.2019
351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі