400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құстар біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз!»

Білім беру салалары: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Жаратылыстану»

Мақсаты

1.Білімділігі:Құстар туралы білімдерін кеңейту. Олардың тіршілігін, ортақ қасиеттерін, айырмашылығын ажыратуға үйрету.

2.Дамытушылығы:Балалардың сөздік қорын, ой - өрісін, дамыту. Сұраққа толық жауап беруге, 2-3 сөйлем құрастыруға қалыптастыру.

3.Тәрбиелігі: Құстарға қамқор бола білуге, қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілері мен құралдар: Құстардың суреті, дидактикалық материалдар, дәнді-дақылдар, мамық ,құс ұясы.


Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты

Кайырлы күн достарым

Кайырлы күн қонақтар

(құстар дауысы, аудиозапись қосылады)

Өте жақсы балалар,жылы лебіздеріңізге көп рахмет!

Тәрбиеші:Ой балалар, қандай керемет әдемі дауыс..Дауысы құлаққа жағымды екен.Балалар бұл ненің дауысы естіліп тұрған?

Балалар: Құстардың.

Тәрбиеші: Егер менің қолыма құс келіп оны мен аялап, мәпелер едім.

-Егер менің қолыма құс келіп қонса,

-Мен оны жуындырар едім.

- Мен оған әдемі ұя жасап берер едім

- Мен оны тамақтандырар едім

- Мен оның қанаттарын тазалар едім

- Мен оны құшағыма қысар едім

-Мен оған қамқор боламын

- Мен оны аялаймын

- Мен оны мәпелеймін

- Мен оған жем берер едім

-Мен оны бағамын

Өте жақсы балалар,жылы лебіздеріңізге көп рахмет!

Тәрбиеші: Ендеше, біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз құстар туралы болмақ. Балалар құстар дала құстары және үй құстары болып екіге бөлінеді.

Дала құстары: қарлығаш, кептер, торғай, қарға т.б.

Үй құстары: тауық, қаз, үйрек, қораз, балапан т.б.




Құстар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады.

Құстар бір орында тұрмайды. Олар бір жерден екінші жерге ұшып –қонып жүреді. Олар балапандарын жауларынан қорғайды. Барлық құстарға ортақ қасиет – олар ұшады, қанаттары, мамықтары, бәрінің тұмсықтары бар.Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығына келсек, құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір – біріне ұқсамайды. Құстар: жүзеді, ұшады, жүреді. Құстар өте пайдалы. Оның етін азық ретінде ал мамығын көрпе,жастық ретінде пайдаланамыз. Жұмыртқасын асып және қуырып жейміз.

Сергіту сәті:

Көк аспанға қараймыз

Құстарды біз санаймыз

Үшбұрыш болып тырналар

Жылы жаққа оралар.

«Құстарды топтастыру» ойыны.

Ағаштың төменгі бөлігіне үй құстарын ал жоғарғы жағына , дала құстарын тауып орналастырайық.

1.Үй құстары: тауық, қаз, үйрек, , балапан т.б.

2.Дала құстары: қарлығаш, кептер, торғай, т.б.

Жарайсыңдар балалар! Ойынға өте белсене қатыстыңдар.

Тәрбиеші: Балалар құстар туралы ырымдар мен болжамдарды да білеміз. Қане, соларды еске түсірейікші.

Құстың ұясын бұзба!

Құсқа тас лақтырма!

Құстардың балапанына тиіспе!

Құстардың жұмыртқасын жарма!

Тақпақтар

Кептер деген осы құс,

Қиын кезде досымыз.

Әрлі-берлі хат тасып,

Ұшқан талай асығыс. (Іңкәр)


Аққудан сұлу құс бар ма,

Қанаты қандай ұшқанда?!

Тұрарсың қалай мақтамай,

Сұлуын – ай , аппағы – ай! (Қарақат)


Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса, қар болар.

Бұтаға қонар қарғалар.(Раян)


Құсты көрдік біз бір күн,

Мойны неткен ұзын қаз?

Сирағы да ұзын қаз,

Саны сондай аз дейді.

Кейде қоқиқаз дейді.(Дильназ)


Біздің балалардың құстар туралы тақпақтарын тыңдайық

Д/О: «Ойлан тап»

Біздің балалардың құстар туралы тақпақтарын тыңдайық.

Қорытынды:

Балалар бүгін біз оқу қызметінде қандай тақырыппен таныстық. Құстардың қандай түрлерін білеміз? Олардың бізге қандай пайдасы бар?

Жарайсыңдар, балалар! Құстарымыз сайрап, күніміз ашық болсын! Осымен оқу қызметіміз аяқталды. Сіздерге рахмет!
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
473
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі