Материалдар / "Құстар біздің досымыз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Құстар біздің досымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2020
544
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:  "Құстар біздің досымыз "

Мақсаты құстар туралы түсініктерін шыңдай түсу.

Білімділік: балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық: балалардың ойлау қабілетін дамыту, тақпақтар, мақал–мәтелдер, тыйым сөздер  айтқыза отырып, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: құстарды аялауға,қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Құстардың суреттері (Қарға,Қарлығаш,Қараторғай)

Барысы: 

I Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

 Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған жер – Ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
Аман – есен болайық,
Бейбітшілік қалайық.

- Сәлеметсіздер ме, апайлар.-Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

-Балалар, жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі. Дұрыс айтасыңдар, балалар.

-Күз мезгілінің келгенін қалай білдіңдер?

-Жеміс- жидектер піседі, күн суытады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.. Иә, дұрыс айтасындар. Бірақ балалар барлық құстар жылы жаққа ұшып кетпейді екен.

Жұмбақ:
Қанаты бар талмаған,

Аспанда ұшып самғаған.
Жауы шыбын – шіркейдей,
Табиғатты ол қорғаған.
(құс)

-Сауысқан, суық торғай, тоқылдақ қарға секілді көптеген құстар суықтан қорықпай қалады екен .

-Бүгін біз осы құстар әлеміне саяхат жасаймыз. Балалар қалай ойлайсындар, жабайы құстар қайда өмір сүреді?

-Орманда, далада, тауда.

-Дұрыс айтасыңдар.

-Ендеше балалар, құстар бізге қонаққа келіп тұр.Балалар көзімізді   жұмайық, бір сәт армандап, ойланайық. 1,2,3- көзімізді ашамыз демалып, тыныстаймыз. Қане, келген қонақтарымызбен танысайық.

ll Негізгі бөлім:

Тақтада ілулі тұрған құстардың суреттеріне назар аударыңдар.

Мынау қандай құс?

Бұл қарға. Оның түсі қандай, көлемі қандай? Қара, үлкен.

Ал мынау қандай құс?

Бұл қарлығаш. Қарлығаш қандай құс? Әдемі, адамға дос, түсі қара-ала

Ал мынау ше? Бұл қараторғай. Қараторғай қандай құс? Кішкентай құс,түсі қара.

Жарайсыңдар балалар. Ал енді осы құстар туралы қандай тақпақ, жаңылтпаш білесіңдер?

Қане, Кәріпжан сен қандай құсты білесің? Мен сауысқан туралы тақпақ білемін.  

Сауысқан, сауысқан,

Жауыр атқа жабысқан.

Ойда жауыр көрінсе,

Ойбайлатқан сауысқан. Жарайсың Кәріпжан!

Ал Аян сен қандай құс туралы тақпақ білесің ?

Мен қарға туралы айтып беремін. 

Қарға, қарға қарғалар.

Қар үстінде жорғалар

Боран соқса қар болар,

Бұтаға қонар қарғалар.
Жарайсың Аян! тақпағың қандай тамаша.  Балнұр да бізге тақпақ айтқысы келіп тұр екен.

Құстар бізге ұнайды,

Туған жерде жүретін.

Суығына шыдайтын,

Ыстығына күйетін.

Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта» ойыны

Шарты: мен сендерге сөйлемнің басын бастаймын, сендер аяқтайсыңыздар.

- Құстар ұша алады, өйткені ... - Оның қанаты бар.

- Құстар қоректенеді ... - Құрт, құмырсқа, жәндіктер, дәндермен.

- Көктемде қайтқан құстар ... - Тырна, ұзақ, аққу, қарлығаш.

- Аяздан қорықпайды ... - Қарға, торғай, сауысқан.

- Үй құстары ... - Әтеш, тауық, үйрек, қаз.

- Құстар қорғайды ... - Ағаштарды.

- Құстар бір–біріне ұқсайды, .... - Жүнімен, қанатымен, құйрығымен, тұмсығымен, жұмыртқасымен, аяғымен ұқсайды.




«Құсты және ұясын құрастыр» ойынын ойнаймыз.

(Геометриялық пішіндерден құс бейнесін, ұясын құрастыру)

Фонетикалық жаттығу:

Бала қарға – қарқ, қарқ (бәсең дауыспен)
Ана қарға – қарқ, қарқ (орта дауыспен)
Әке қарға – қарқ, қарқ (қатты дауыспен)

Сергіту сәті:

Қарлығаш боп ұшайық.
Торғай болып  қонайық.
Сауысқан боп секіріп
Тоқылдақ боп шоқиық
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып – ұшып алайық
Орнымызға қонайық.


Ал енді кезекті жаңылтпашқа берейік.       

Аппақ қарға,                               

Қара қарға.                                

Ала қарға,                                

Қонып отыр.

Қара қарға,                                

Ала қарға.                              

Аппақ қарға,                               

Тоңып отыр.  

Балалар, мен сендерге «Бақтағы оқиға » атты әңгімені оқып берейін. «Айгүл анасымен бірге келе жатты. Күн суық, жаңбыр. Бақта адам жоқ. Жолдың үстінде Айгүл кішкене ғана жұп-жұмсақ бір нәрсенің жатқанын байқап қалып, жүгіріп келеді. Көргені кішкентай торғайдың балапаны болды». Одан әрі не болғанын сендердің ойларыңнан кейін айтамын. (Балалар өз ойларын айтады) . Айгүл балапанды үйіне алып кетті.

Дұрыс, ал енді әңгімені ары қарай тыңдайық. «Айгүл торғайдың баласын қатты аяп, үйіне әкеліп қарайды, өз қамқорлығына алады. Күн жылынғанда ұшырып жібереді. Торғайдың балапаны Айгүлді қимай бірнеше рет айналып ұшып, жоғары көтеріле береді». Қанаттарын қағу,қанаттарын қағып, айналу.  Қанаттарын қағып, секіріп-секіріп алу. 
Дұрыс, торғайға өз тақпақтарымызды айтып берейік. Ең алдымен бойымызды сергітіп алайық. 
Өте тамаша, балалар қазір біз сендермен құстарды 
топтастыру ойынын ойнаймыз.

Ойынның мақсаты: құстарды ажырата білуге үйрету. Күннің жанына жыл құстарын, жемшашардың жанына қыстап қалатын құстарды топтастыру. Жыл құстары (күннің көзі) – аққу, қарлығаш, тырна, қараторғай. Қыстап қалатын құстар(жемшашар) – торғай, қарға, көгершін, шымшық.

-Жақсыбалалар, енді сендер құстарға байланысты тыйым сөздерді айта аласыңдар ма? 
«Аққуды атпа», «Құстың ұясын бұзба», «Құстың жұмыртқасын жарма».

Дұрыс, балалар енді сендермен сурет бойынша сұрақ-жауап ойынын ойнайық. (Тақтаға слайд арқылы құстардың суреттерін көрсету, тәрбиеші сұрақты оқиды, балалар кезекпен тақтаға шығып, суреттегі құсты дұрыс тауып айтып береді).

Ең әдемі құс қандай құс?  Тотықұс. 

Тауда мекендейтін қандай құс?  Бүркіт. 

Ең кішкентай құс қандай құс?  Торғай. 

Қарға қандай? Қарға қара

Үкінің көзі қандай? Үлкен
Қандай құсты емші дейміз? Тотықұсты

Аққу қандай құс? Аппақ

Қорытынды:

- Бүгін біз не жайлы әңгімелестік? - Құстар жайлы – құстар біздің досымыз

- Құстардың қандай пайдасы бар? - Құстар ағаштарды құрт – құмырсқадан, шыбын – шіркейлерден тазалайды.

- Балалар сендерге үлкен рахмет. Бүгінгі оқу қызметімізге барлығыңыз жақсы қатыстыңыздар.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!