жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Құстар біздің досымыз
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Балалардың құстар жайлы ,олардың тіршілігі туралы білімдерін
кеңейту. Құстардың атын атап,қыстап қалатын құстар мен жыл
құстарын ажырата білуге үйрету.
Шаттық шеңбер
Амандасу
үлкенге
Тәрбиенің басы
ғой
Ал, қанекей
бәріміз
Сәлем дейік
үлкенге
Сәлеметсіздер ме,
қонақтар!
Балалар ал енді орындарына жайғаса
қойындар.
Артикуляциялық жаттығу: (слайд)
Тыныс алу жаттығуы:
-
Ал енді балалар бәріміз алдымызда тұрған құстарды ұшырайық. Ол үшін демімізді ішке тартып, аузымызбен демімізді шығарайық.
Тақырып түсіндіру (мелодия)
-
Балалар шығып жатқан ненің даусы? (Құстар)
-
Дұрыс айтасыңдар балалар біз бүгінгі сабақта құстар туралы әңгімелейміз.(слайд)
-
Құстардың түрлері өте көп.
-
Балалар құстар екі топқа бөлінеді екен?
-
Қандай топқа бөлінеді екен?
-
Қане кім айтады
-
Үй құстары және дала құстары
-
Дұрыс балалар
-
Ал үй құстарына қандай құстар жатады?
-
Әтеш, тауық, үйрек, қаз
-
Өте жақсы
-
Неге үй құстары деп атаймыз?
-
Себебі оларға жем, су беріп үйде бағамыз
-
Өте жақсы
-
Үй құстарының қандай пайдасы бар?
-
Үй құстары бізге жұмыртқа береді, етін жейміз
-
Өте жақсы
-
Ал енді балалар жыл мезгілінде өзгерістер болғанда құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Кетпей қыстап қалатын құстар бар олар: қарға,торғай, көгершін, сауысқан. Себебі олар суыққа шыдамды болады.
-
Жылы жаққа ұшып кететін құстар оларды жыл құсы деп айтамыз. Себебі күн салқындағанда жылы жаққа ұшып кетеді, күн жылығанда ұшып келеді. Олар аққу, қарлығаш, тырна, тоқылдақ, қараторғай.
-
Аққу балалар 30 - 40 жыл өмір сүреді екен. Бұлар жұптасып жүреді екен. Ол киелі құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққудың жұмыртқасына тимеген екен. Қазақ халқы сұлу қыздарын аққуға теңеген екен.
-
Ал мынау қарлығаш. Қарлығаш адамға дос. Ол өзінің ұясын, ауланың айналасына салады. Қарлығаш адамға жақсылық тілеп жүреді және қауіп қатерден қорғайды.
-
Мынау балалар тоқылдақ
-
Тоқылдақ халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты құрт – құмырсқадан тазартады.
-
Ал мынау қараторғай
-
Қараторғайдың да пайдасы көп. Шыбын шіркейден қорғайды.
-
Ал балалар бізге бүгін орманшы хат жолдапты (Орманшы деген кім балалар?). Сендерге сол хатты оқып берейін. «Сәлеметсіңдерме балалар. Маған сендердің көмектерін керек. Менің барлық ормандағы құстарымды мыстан кемпір өзінің үйшігіне қамап тастады. Оларды бостандыққа шығару үшін мына сиқырланған қорапшаның ішінде біренше тапсырмалар берілген соны орындау керек. Балалар сендер маған көмектесесіңдерме?»
1 тапсырма «Пазл ойыны»
2 тапсырма «Кім тапқыр» (жұмбақ )
-
Бір-ақ уыс көлемім
Шыбын-шіркей қорегім
Бау-бақшаны қорғаймын
Ал атым ше? (Торғаймын) -
Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сондай қарқылдақ. (қарға) -
Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышұан ұстайды. (жапалақ) -
Дамылсыз барабан қағады
Сол жерден тамағын табады
(Тоқылдақ) -
Ұя салып ,балапан баспайды
Өз атын атап қақсайды
(Көкек) -
Бұрап қойған сағаттай
Айқайлайды таң атпай (Әтеш) -
Судан шықса баладай
Тәй – тәй басып қаладай (Қаз) -
Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа. (Қарлығаш)
3 тапсырма «Сергіту сәті»
4 тапсырма «Сөзжұмбақ»
5 тапсырма Саусақ жаттығуы
Қазым, қазым қаңқылда, көлде
жүзіп саңқылда.
Жем шашайын жейсің бе,
әлде кәмпит берсі дейсің бе?
Жоқ, жоқ кәмтип болмайт
тәтті ас,
Бидай менен арпа шаш.
6 тапсырма «Сәйкестендір»
7 тапсырма «Тіл ұстарту жаттығуы»
-
Ыс – ыс - ыс келіп қалды қыс
-
Ұс – ұс - ұс ұшып кетті құс
-
Ос – ос – ос құстар бізбен дос
Құстарды шығарып орманға жабыстырамыз.
Қосымша «Құстарға қамқор бол» (Ситуациялық сұрақтар)
1 – ситуациялық сұрақ. Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің?
2 – ситуациялық сұрақ. Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе, сен қалай істер едің?
3 – ситуациялық сұрақ.
-
Балалар, қалай ойласыңдар, кімнің әрекеті дұрыс?
-
Бұл тығырықтан қалай шығуға болады?
-
Сендер бала орнында болсаңдар не істер едіңдер?
«Болады-болмайды» сергіту жаттығуы
Мұғалім шартын түсіндіреді. Шарты: Құстарды баптауға қатысты іс-әрекеттер айтылады.Дұрыс ,әрі тура мағынадағы сөйлем айтылса, қол шапалақтайды, бұрыс сөйлем айтылғанда келіспесе, аяғын топылдатады.
-
Құстарды таспен атуға болады.
-
Құстарды тамақтандыруға болады .
-
Құстың ұясынан жұмыртқа алып, жаруға болады.
-
Құстардың ұясын бұзуға болады.
-
Құстарға қамқорлық жасауға болады.
Тіл ұстарту жаттығуы.
-
Ыс – ыс - ыс келіп қалды қыс
-
Ұс – ұс - ұс ұшып кетті құс
-
Ос – ос – ос құстар бізбен дос
Қорытындылау. Торғай арқылы сұрақтар қою.
-
Балалар бүгін оқу қызметімізде не туралы өттік?
-
Біз қандай құстармен таныстық?
-
Құстар қандай екі топқа бөлінеді
-
Балалар үй құстарының қандай пайдасы бар?
-
Жұмыртқа береді, етін жейміз
-
Ал дала құстарының қандай пайдасы бар?
-
Табиғатты қорғайды
Ойлау есте сақтау көру қабілеттерін дамыту ой түйіндеуге шығармашылық жұмыс істеуге жұмылдыру. Ой – өрісін сыни тұрғыдан ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту. Табиғатты, құстарға деген сүйіспеншілігін арттыру, құстарды құрғауға, қадірлеуге тәрбиелеу
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген