400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құстар біздің досымыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстар туралы түсінік беріп, табиғатты қорғай білуге, құстарды аялай білу үйрету. Үй құстары мен дала құстарын ажыратуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Тәрбиешінің аты-жөні: Оразгалиева К.Б

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық»

Бөлімі :«Көркем әдебиет», «Қарапайым математика», «Сурет салу».

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Әдіс – тәсіл: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, сергіту – сәті, қорытындылау
Көрнекілік – құрал: Сурет слайд, үн таспа

Көптілділік:Құстар-птицы-birds

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: құстардың аттарын.

Түсінеді: дала құстары мен үй құстарының айырмашылығын, құстарға қамқор болуды.

Қолданады: қағаз,су, мақта,желім.

Ұйымдастырулы оқу қызметінің өткізілу барысы:

1.Ұйымдастыру-қозғаушы қызметі. Түрі.

Мақсаты: ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын ояту.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Сәлеметсіздерме балалар.

Көңіл –күйлерін қалай?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Бүгінгі оқу қызметніне дайынсыңдарма?

2.Ұйымдастыру-іздестіру.

Мақсаты: Құстармен таныстыру. Берілген сұрақты таңдау және оны түсіне білуді жетілдіру. Балалардың ой-өрісін дамыту.

Құстардың түрлері өте көп. Құстар табиғатқа сән береді. Құстардың әуені табиғатты құлпыртады, адамдардың көңіл – күйін көтереді. Өзіміздің жерімізде мекендейтін құстар туралы айтамыз.
- Балалар құстар екі топқа бөлінеді екен?
- Қандай топқа бөлінеді екен?
- Қане кім айтады
- Үй құстары және дала құстары
- Дұрыс балалар
- Ал үй құстарына қандай құстар жатады?
- Әтеш, тауық, үйрек, қаз, папугай.
- Өте жақсы
- Неге үй құстары деп атаймыз?
- Себебі оларға жем, су беріп үйде бағамыз
- Өте жақсы
- Үй құстарының қандай пайдасы бар?
- Үй құстары бізге жұмыртқа береді, етін жейміз

Дала құстарына

Қарға, торғай, көгершін, сауысқан,бүркіт жатады.

Балалар бізге Көгершін хат әкеліпті.

Хат: Сәлеметсіздерме балалар Орманға көмек керек.Құстарға бұзық бір бала зиян тигізіп жатыр. Көмекке келіңдерші балалар.

Балалар орманға барамызба ? Қане көгершін бізді орманға апаршы, көзімізді жұмып үшке дейін санайық. (сиқырлы музыка естіліп орманға келеді)

Балалар қараңдаршы біз орманға келдік. (шиқылдап құстардың даусы естіліп тұрады)

Тәрбиеші:

- Сен кімсің?

Айдос:

- Мен Айдоспын.

- Қолыңдағы не?

- Қолымдағы рогатка, құс атайын деп едім.

- Балалар, құсты атуға бола ма?

Айдос құсты атуға болмайды. Құстар біздің досымыз.

Балалар құстардың бізге тапсырмалары бар екен. Тапсырманы жақсы орындаған балаларға силықтары бар екен.

- Айдос, сен бізбен бірге тапсырмаларды орындайсың ба?

-Білмеймін, ойланамын, сендер тапсырмаларды дұрыс орындай алатындарына сенбеймін.

-Балалар өзіміздің алғыр екенімізді Айдосқада, құстарғада дәлелдейік.

1-тапсырма.Балалар мына ағашта құстар отыр, тапсырмалары бар екен орындайық.

1.Құстардың ұясын үш тілде 5 ке дейін сана.

2.Тиым сөздерді ата.

3.Құс туралы тақпақ айтындар.

4.Құстардың ішінен артығын тап .

5.Құстарды үш тілде атаңдар.

6. - Мынау қандай құс? Папугай

- Қандай бөліктерден тұрады?

- Құстар қайда өмір сүреді, мекендейді?

7-Кімнің дауысы?

Балалар құстар тапсырмаларды дұрыс орындағандарын үшін жұмытқа беріп жатыр. Ішінде силықтар бар екен ала қойындар.

2-тапсыра

Құстапдың екінші тапсырмалары екен. Балалар мына жерде құстар бар екен таңдағандарынды алындар.Қандай құс алсаңдар, сол топқа барып жайғасыңдар.

Құстар үш топқа үш түрлі тапсырма беріпті орындайық.

1-топ: Су мен қағаз құпиясы

2-топ-Әтеш жасаймыз

3-топ Құстар құрастырамыз

Балалар жарайсындар құстардың тағыда силықтары бар екен алағойындар.
Сергіту сәті:

Қарлығаш боп ұшайық.
Торғай болып  қонайық.
Сауысқан боп секіріп
Тоқылдақ боп шоқиық
Қане қанат жазайық
Қарл
ығаш боп ұшайық
Ұшып – ұшып алайық
Орнымызға қонайық.

Ойын:Дала құстары мен үй құстарын ажырату.
балалар жарадыңдар енді балалабақшамызға қайтайық.

3.Рефлексивті-түзетушілік.

Мақсаты: Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметінде алған білімдерін бекіту.

-Балалар біз қайда бардық

-Айдостың жасаған әркеті дұрыспа?
- Балалар құстар нешеге бөлінеді?
- Екіге бөлінеді
- Қандай құстар болып бөлінеді?
- Балалар үй құстарының қандай пайдасы бар?
- Ал дала құстарының қандай пайдасы бар?
- Бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.

Сендерді өте жақсы деп бағалаймын.

























































ь



Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Ортаңғы «Құралай» тобы

Күні: 09.12.19.

Тәрбиешінің аты-жөні: Айтбаева К.Ж.

Білім беру саласы: «Таным» «Құрастыру»

Тақырыбы: «Қаланың үйін құрастыр»

Көрнекілік: конструктор

Үштілділік: көп қабатты-многоэтажный-multilayered,үй-дом-house

Сөздік жұмыс: көп қабатты үй.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: үй салуға қандай бөліктер керектігін

Түсінеді: үйдің көп қабатты, бір қабатты, «биік», «аласа» деген ұғымдарды және іс-әрекет барысында көрсете алуды.

Қолданады: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне,пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра алуды.


Ұйымдастырулы оқу қызметінің өткізілу барысы:

1.Ұйымдастыру-қозғаушы қызметі. Түрі.

Мақсаты: ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын ояту.

Балалардың өздері тұратын үйлері жайында әңгімелету.

Мекен жайларын сұрау.

Балалармен бірнеше үйлердің суреттерін қарап , талдау жасау.

Өз үйлерін қалай құрастыруға болатынын ойландыру.

2.Ұйымдастыру-іздестіру.

Мақсаты: Конструктордан қаланың көп қабатты үйін құрастыруды үйрету.

Сұрақ жауап арқылы балалармен әңгімелесу.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Ауа-райы қандай?

Тосын сәт: Бөлмеге хат байлаған шар ұшып келеді.

-Бұл хатта не жазылған екен. Оқып көрейік 
«Қымбатты балалар сендерге хат жазып отырған аңдар. Бізге үйлер салуға көмектесіңдерші. Біз оны тұрғызғанбыз, бірақ ол қайта –қайта құлап, бұзыла береді.- 

- Балалар,аңдарға көмектесеміз бе?

Алдын ала балаларды қала көшелеріне мақсатты серуенге немесе саяхатқа апарып, серуенде көргендері жайлы әңгімелесу.

-Балалар, қазір біз сендермен үйлерді конструктордан құрастырамыз. Ол үшін бізге конструкторлар керек.

Суретпен жұмыс:

-Балалар, Үйдің әрбір бөліктеріне мұқият қараймыз, конструкторды қалай орналастыруға болатынын ойланамыз. Бір немесе көп қабатты үйлер құрастыруға болады, олардың бір-бірінен ерекшелігі болады.

-Балалар, үйлер қандай және нелері болады?

-Үйдің қабырғасы,есігі,терезесі,төбесі.

-Бірінші неден бастаймыз?

-Балалар денемізді бір сергіп алайық, шаршаған шығармыз

Сергіту сәті.

Қолда темір қалағым

Саздан сарай саламын

Алматыдан аумайтын

Әсем қала саламыз

Ал енді балалар үй құрастыруға кірісейік

Үй тұрғызуда қиындық кездессе, кейбір балаларға нұсқау беру. Тапсырманы орындау барысында балалардың тек қана құрылысты жасау техникасы ғана емес ұсынылған шартты дер кезінде орындау, қаншалықты дұрыс құрастырды, бір-бірімен келісіп жасады ма, өздігінен шығармашылықпен не қосты – бәрін ескеріледі. 

Дид-қ ойын: «Айырмашылығын тап»

Берілген суреттерден бір – бірінен айырмашылығын табу керек.

3.Рефлексивті-түзетушілік.

Мақсаты: Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметінде алған білімдерін бекіту.

-Балалар үй не үшін керек?

-Үйдің қандай түрлері болады?

-Үйді жасағанда қандай құрылыс заттарын пайдаландыңдар?



























Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Ортаңғы «Құралай» тобы

Күні: 11.12.19.

Тәрбиешінің аты-жөні: Айтбаева К.Ж.

Білім беру саласы: «Әлеумет» «Қоршаған ортамен танысу»

Тақырыбы: «Табиғатты аяла»

Көрнекілік: табиғат туралы сурет

Үштілділік: табиғат-природа-nature

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: Табиғат туралы қайтаалады

Түсінеді: Өлі және тірі табиғат туралы айырмашылығын

Қолданады: Өз жерінің табиғатын сүюге тәрбиелеу

Ұйымдастырулы оқу қызметінің өткізілу барысы:

1.Ұйымдастыру-қозғаушы қызметі. Түрі.

Мақсаты: ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын ояту.






2.Ұйымдастыру-іздестіру.

Мақсаты: Балаларды табиғатты аялай білуге тәрбиелеуге,жанды және жансыз заттарға қамқорлық жасауға баулу оның қажеттілігін түсіндіру.

Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?
Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?
Балалар қалай ойласыңдар, күн, су, ауа керек пе?
Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?

Табиғат.

Табиғат дегеніміз не?

Табиғат деген бізді қоршаған орта
Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қараша
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі