жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Құстар-біздің досымыз!
М
аңғыстау
облысы,Қарақия ауданы,Мұнайшы ауылы «Еркемай» бөбекжайының жоғары
санатты тәрбиешісі Капуова Гулшат Орынгалиевна
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Құстар - біздің досымыз»
Мақсаты: Балалардың құстар туралы
түсініктерін кеңейту.Құстарға қамқорлық жасауға,оларға деген
сүйіспеншілік сезімдерін ояту,табиғатты сүюге
тәрбиелеу.Дидактикалық ойындар арқылы балалардың білім және білік
дағдыларын қалыптастыру, ойындар арқылы баланың қызығушылығын
туғызу және ақыл - ой белсенділігін арттыру.
Тақпақтар,мақал–мәтелдер,
тыйым сөздер айтқыза отырып, тілдерін
дамыту.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: құстың ұясы,қолдан жасалған
жұмыртқалар,үйшік,
құстардың суреті,бейнежазба,үнтаспа,үлестірмелі материалдар,гуашь,альбом беті,сулы сүрткіш,пластмасса шанышқы.
Әдіс-тәсілдері: Психологиялық сәт,түсіндіру,ойын, сергіту сәті,сұрақ-жауап.
Алдын ала жұмыс: құстар туралы тақпақтар мен мақалдар, тыйым сөздер жаттау.
-Балалар,қараңдаршы,бізге көптеген қонақтар келген екен,қане шаттық шеңберін құрып,келген қонақтармен амандасайықшы.
(Релаксация) Тыныштық сәті:
Көзімізді жұмамыз. Еркін отырамыз. Біз орманға бардық. Орманның табиғаты өте тамаша!
Қыс мезгілі болатын.Аспаннан жапалақтап қар жауып тұр.Шыршалар мен ағаштардың бұтақтары аппақ тонға оранған.Орманның көрінісі өте керемет,бұтақтан бұтаққа секіріп,
көздері жәутеңдеп тиіндер жүр.Ормандағы құстардың шиқылдаған үні құлаққа жағымды
естіліп тұр.Орманның ауасы неткен таза!Таза ауасымен дем алдық.
Тәрбиеші: Қане,балалар,енді көзімізді ашайық.Айтыңдаршы,балалар,қандай сезімде,қандай әсерде болдыңыздар?
(Балалардың жауабы.)
-Жарайсыңдар,балалар,енді орындарымызға отырайық.
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі.
-Қыста ауа-райы қандай болады?
-Күн салқын,боран соғады,қар жауады,мұз қатады.
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Үш ай бар: желтоқсан,қаңтар,ақпан.
-Қазір қай ай?
-Қаңтар айы.
-Дұрыс айтасыңдар,балалар,өте тамаша!
Слайдпен жұмыс.(Экранға назар аударады.)
-Балалар,бүгін біз құстар жайлы әңгімелесеміз,себебі құстар - біздің досымыз!
-Олай болса,бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміздің тақырыбы- «Құстар – біздің досымыз» деп аталады.Құстар адамға дос.Құстар ағаш түбіндегі құрт-құмырсқалармен қоректенеді.Ағаштың
жайылып, жақсы өсуіне,түрлі
жәндіктерден тазаруына көмектеседі.
Құстарға сол себепті қамқорлық
көрсетіп,ұя жасап, жем беруіміз керек.Құстардың түрлері өте
көп.Құстар табиғатқа сән береді.Құстардың әуені табиғатты
құлпыртады, адамдардың көңіл – күйін көтереді.
- Балалар, құстар екі топқа бөлінеді.
-Үй құстары және дала құстары болып, ал үй құстарына қандай құстар
жатады?
- Әтеш, тауық, үйрек, күркетауық,қаз.
- Өте жақсы!
- Неге үй құстары деп атаймыз?
- Себебі оларға жем, су беріп үйде бағамыз.
- Өте жақсы!
- Үй құстарының қандай пайдасы бар?
- Үй құстары бізге жұмыртқа береді,етін жейміз.
- Өте жақсы!
Үй құстары - әтеш, тауық, қаз,күркетауық,үйрек. Бұл құстар үйде мекендейді.
- Мынау- тауық. Қоңыр түсті тауық екен.Тауықтар бидайды жақсы көреді.Олар жем жеп, су ішеді.Тауық балапандарын қанатының астына алып қорғайды. Аяғында тырнағы бар.Онымен жер тырналап, балапандарына жем тауып береді.
- Ал мынау- үйрек. Үйректің түсі қоңыр немесе жасыл болады екен.Бұл құстар суда жүзгенді ұнатады. Үйректің де жұмыртқасы болады, ол да тауықтікіне қарағанда үлкендеу болады.Оның бойы аласа болады, ал тұмсығы жалпақ болып келеді.Оның үш саусағы болады.Саусақтары жұқа тері арқылы бір-біріне бірігіп тұрады.
- Мынау- қаз. Қаздың мойыны,тұмсығы ұзындау болады.Түсі ақ немесе сұр болады.Ал мынау - қанаттары.Қаз тауықтарға қарағанда үлкендеу болады, жұмыртқасы да үлкендеу болады.
- Мынау - әтеш, оның басында айдары бар.Әтештің түсі түрлі түсті болады.Әтештің екі көзі,екі қанаты,екі аяғы болады және құйрығы бар екен. Әтеш тауыққа қарағанда үлкендеу болады.
Ал мынау- күркетауық. Оның түсі қоңыр болады,ол денесін бос ұстаған кезде
қауырсынын жайып, мұрынының үстіндегі ештесін бос жіберіп қояды. Ал ашуланған
кезде мұрынының үстіндегі етшесін жинап алып, қауырсынын жинап алады.
- Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан басады.Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқорлық көрсетіп, асырайды. Қора жасайды, ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.
- Ал,енді балалар,жыл
мезгілінде өзгерістер болғанда құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Кетпей қыстап қалатын құстар бар олар: қарға,тоқылдақ,торғай,
көгершін, сауысқан. Себебі олар суыққа шыдамды болады.
- Жылы жаққа ұшып кететін құстар оларды жыл құсы деп айтамыз.
Себебі күн салқындағанда жылы жаққа ұшып кетеді, күн жылығанда ұшып
келеді. Олар аққу, қарлығаш,
тырна,қараторғай.
Торғай
- пайдалы, кішкентай құс. Ағаш
қуысындағы зиянкес құрттарды жейді және дәнді дақыл, нан
қиқымдарымен қоректенеді. Үй шатырларына немесе ағашқа шар
тәрізді ұя салады.
Тырна
– түсі сұр, көлемі ірі, кең
қанатты, мойыны, аяғы, тұмсығы ұзын. Ұясы қамыстардың арасына,
батпақты жерге салады. Жейтін қорегі батпақты жерде өсетін шөптер,
жемістер, бақа, қоңыз, құрт. Жыл құсы. Ерекшелігі балапандары біреу
болады, екі балапан шықса олар төбелесіп, қайсысы жықса сол тірі
қалады.
Қарлығаш
- түсі бауыры ақ, қалған жері
қара. Көлемі кіші, қанаты сүйір, құйрығы
айыр.
Ұясы саз - балшықтан қалап,
сілекейімен сулап салады.Қарлығаш ұясын үйдің шатырына
салады.Жейтін қорегі шыбын, маса, шіркейлер. Жыл құсы. Олар жемін
ұшып жүріп аулайды.Тіпті суды да қалқып жүріп ішеді. Ерекшелігі
адамдарға өте жақын,қарлығаш адамға жақсылық тілеп жүреді және
қауіп қатерден қорғайды.
Тоқылдақ
– түсі шұбар.Көлемі торғайдан
ірі, өте жылдам қимылдайтын, еңбекқор құс.
Ұясы ағаштың діңін тесіп, ұя
жасайды, түскен үгінді ұясының астына жұмсақ болу үшін төсейді.
Жейтін қорегі ағашты тесіп, құрттарды теріп жейді.Қыстап қалатын
құс. Ерекшелігі бұл құсты «орман дәрігері»- деп
атайды.
Бүркіт
- түсі қоңыр. Көлемі ірі,
жыртқыш құс.Бүркіт - құс патшасы.Олар тауда мекендейді. Ұясын биік
жартастарға салады, бұтақтардан тоқып салады.Жейтін қорегі құстар,
қоян,
түлкі,
тышқан.
Қарға – қара немесе сұр қауырсынды
тамақ талғамайтын, еті арам құс. Кез келген тамақты қорек ететін
құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір
тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып
қоректенеді.
Аққу
- киелі құс.Бұл құстар тек қана
өзен –көлде мекендейді. Аққу балалар 30 - 40 жыл өмір сүреді екен.
Бұлар жұптасып жүреді екен. Ол киелі құс. Халық аңызына сүйенсек
жылан да аққудың жұмыртқасына тимеген
екен.
Тәрбиеші: Ал,енді балалар,мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр,мұқият тыңдаймыз ба?
Балалар: Иә!
«Тал басында тамаша үй».
Балалар: Ұя.
-Жарайсыңдар,осы ұяны нелер мекендейді?
-Ұяны құстар мекендейді.
Ғажайып сәт! (Осы сәтте есік қағылады,тәрбиеші есікті ашып қараса,қолында құстың ұясы бар аула тазалаушы апай келіп тұр екен.)
Аула тазалаушы апай: Амансыңдар ма,балалар,қалдарың жақсы ма? Мен таңертең аула тазалап жүріп,бақтан құстың ұясын тауып алдым,шамасы қатты боранды желден түсіп қалған-ау деймін,сіздерге әкеліп берейін деп шештім.
Балалар: Сәлеметсіз бе?!
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе?! Апай,рақмет сізге,құстарға қамқор болып,бізге ұяны әкеліп бергеніңіз үшін!
Аула тазалаушы апай: Жарайды,балалар,олай болса мен қайтайын,жұмысымды жасайын,сау болыңыздар!
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиеші: Қане,балалар,ұяның ішінде не бар екенін көрейік...?
(Ұяның ішінде бес алтын жұмыртқа бар екен.)
Балалар: Жұмыртқа,жұмыртқа! (балалар қуанады)
-Тәрбиеші: Міне, ғажап,қандай әдемі! Ендеше,балалар,қанша жұмыртқа бар екенін санайық,түсі қандай екен?
-Бес жұмыртқа бар екен,түсі сары,алтын түстес.
-Жарайсыңдар,дұрыс айтасыңдар!
-Бұл-торғайдың ұясы екен,балалар!
-Балалар,қараңдаршы,жұмыртқалар жәй жұмыртқа емес сияқты,ерекше екен,себебі олардың түстері алтын түстес екен,сиқырлы жұмыртқалар сияқты.
Ендеше,балалар,барлығымыз экранға назар аударайықшы!
Торғай: Сәлеметсіңдер ме,балалар,сендер менің жұмыртқаларымды көрмедіңдер ме?
-Иә,торғай сенің ұяң қатты желден жерге түсіп қалыпты,соны бізге аула тазалаушы апай тауып алып келіп еді,жұмыртқаларың бізде уайымдама.
-Олай болса,сол жұмыртқалардың ішінде менің дайындаған тапсырмаларым бар еді,
орындайсыңдар ма?
-Иә,орындаймыз!
Ендеше,мұқият тыңдаймыз!
І – тапсырма
Дидактикалық ойын: «Әр құсқа өз орны»
Шарты: Құстарды өз мекендеріне орналастыру.
-Жарайсыңдар,балалар,дұрыс таптыңдар!
ІІ – тапсырма
Дидактикалық ойын: «Қай құс немен қоректенеді?»
Шарты: Құстардың өздерінің жақсы көретін тағамдарын тауып,қыстырғыш арқылы қыстырып, сәйкестендіру.
-Жарайсыңдар,балалар,дұрыс таптыңдар!
Сергіту сәті.
(экрандағы әуенмен бой сергітіп жаттығу жасайды)
ІІІ – тапсырма
Дидактикалық ойын: «Құстарды ажырат»
Шарты: Үстел үстіндегі араласқан суреттерден үй құстары мен дала құстарын ажыратып, қалташаға салу.
-Керемет,балалар,жарайсыңдар!
ІV – тапсырма
Құстар туралы қандай тақпақ, мақал-мәтел, тыйым сөздер білесіңдер?
Ақниет: Айзере:
Мен торғаймын,торғаймын, Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерге бекер қонбаймын. Жерде жатса баспаңдар.
Құрт-құмырсқа шіркейден, Теріп,алып қастерлеп,
Ақ бидайды қорғаймын. Торғайларға тастаңдар!
Дәулет: Нұрқасым:
Құс төмен ұшса,жаңбыр жауады, Аққуды атпа,
Құс жоғары ұшса,күн жылы болады. Досыңды сатпа!
Жанқабыл:
Құстың ұясын бұзба!
Құсты атпа!
Құстың жұмыртқасын жарма!
-Керемет,балалар,жарайсыңдар!
V – тапсырма
Шығармашылық жұмыс
Мақсаты: Балаларға ТРИЗ технология элементтері арқылы құстың суретін салуды үйрету және ұқыптылыққа,ептілікке тәрбиелеу.
Шарты: түрлі-түсті гуашты пайдалана отырып, шаңышқымен әтештің суретін салу.
Торғай: Жарайсыңдар,балалар,қандай білімдісіңдер! Сендер тапсырмаларды өте жақсы орындадыңыздар,олай болса менің сиқырлы жұмыртқаларым сендерге сыйлыққа қалсын.
Келесі де кездескенше,қош сау болыңыздар!
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар,сендер торғайдың барлық тапсырмаларын өте жақсы орындап шықтыңдар,мен сендерге риза болдым,рақмет сендерге!
Қорытындылау.
-Балалар,олай болса,бүгінгі ашық оқу қызметімізді қорытындылайық.
-Ал,балалар,бүгін біз нелермен таныстық?
-Құстарға қалай қамқор боламыз?
-Құстар ағаштарды нелерден қорғайды?
-Құстар нешеге бөлінеді екен?
-Үй құстарына қандай құстар жатады?
-Үй құстары бізге не береді,қандай пайдасы бар?
-Үй құстарын қайда бағамыз,оларға не береміз?
-Ал,дала құстарына нелер жатады?
-Дала құстары қай кезде жылы жаққа ұшып кетеді?
-Балалар,біздің топқа кім келді?
-Аула тазалаушы апай даладан не тауып әкелді?
-Ұяның ішінде не бар екен?
-Дұрыс айтасыңдар,жұмыртқа бар екен?
-Неше жұмыртқа бар екен,түсі,пішіні қандай екен?
-Экраннан нені көрдік?
-Бізге торғай қандай тапсырмалар берді,ненің суретін боядық?
Егер, балалар,сендер көшеде келе жатсыңдар,бірнеше тентек балалар торғайға тас лақтырып жатады.
-Сендер сол кезде не істейсіңдер?
-Тентек балаларға бұларың дұрыс емес деп айтамыз.
-Бұл дұрыс па?
-Бұл дұрыс емес.
-Дұрыс айтасыңдар,балалар,әрдайым құстарға қамқорлық көрсетуіміз керек.Себебі,құстар-біздің досымыз!
-Балалар,сендерге үлкен рақмет! Бүгінгі оқу қызметімізге барлығыңыз да өте жақсы қатыстыңыздар! Мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Үй құстары және дала құстарын бір-бірінен ажырата біледі,құстардың немен қоректенетінін,қай жерде мекен ететінін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Құстардың адамға дос екенін түсінеді,құстардың пайдасы туралы түсінікті игереді.
Меңгерген іскерліктері мен дағдылары: Құстарға қамқорлық көрсетуді,құстар туралы тыйым сөздерді,тақпақтарды,мақал-мәтелдерді жатқа айтуды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген