400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

“Құстар біздің досымыз”

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқу-қызметі Мектепалды даярлық тобы Мақсаты: Балаларға әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, құстар туралы мағлұмат беру, ой-өрістерін дамыту, Отанына, жерін, табиғатын сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


№54 «Айгүл» бөбекжай-бақшасы







«Құстар біздің досымыз»











Дайындаған:Ерғариева Айдина

№10 «Гүлдер» мектепалды даярлық топ тәрбиешісі







2022 жыл

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз
Мақсаты: Балаларға әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, құстар туралы мағлұмат беру, ой-өрістерін дамыту, Отанына, жерін, табиғатын сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ой - өрісін дамыту
Тәрбиелік: Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу
Әдіс – тәсіл: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, сергіту – сәті, қорытындылау
Көрнекілік – құрал: Сурет слайд, үн таспа

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбер
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын

Амандасып үлкенмен

Тәрбиенің нәрі ғой

Алдыменен тұрайық

Амандасып алайық

Кел балалар күлейік

Күлкіменен жүрейік

Түрлі-түсті боумен

Әсем әнмен жүрейік

Бізге келген қонаққа

Иіліп сәлем берейік

Салеметсіздерме балалар

  • - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
    - Қыс мезгілі
    - Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
    - Қыс мезгілі үш айдан тұрады
    - Өте жақсы
    - Қыс айларын атаңыздаршы?
    - Желтоқсан, қаңтар, ақпан
    - Қыс мезгілінің қандай өзгерістері бар?
    - Күн салқын, боран соғады, қар жауады, мұз қатады
    - Өте жақсы
    Енді, бәріміз маған қараймыз. Мұқият тыңдап отырамыз. (құстардың дауысы бар үнтаспаны қосу)

  • Балалар, айтындаршы сендер ненің дауысын естідіңдер?

  • Өте жақсы, құстардың! Сонымен балалар сендер қалай ойлайсындар, біздің бүгінгі сабағымыз не туралы?

  • Қандай ақылды балаларсындар! Өте жақсы. Құстар туралы.

- Балалар біз бүгінгі сабақта құстар туралы әңгімелейміз
Құстардың түрлері өте көп. Құстар табиғатқа сән береді. Құстардың әуені табиғатты құлпыртады, адамдардың көңіл – күйін көтереді.

- Балалар құстар екі топқа бөлінеді екен?
- Қандай топқа бөлінеді екен?
- Қане кім айтады
- Үй құстары және дала құстары
- Дұрыс балалар
- Ал үй құстарына қандай құстар жатады?
- Әтеш, тауық, үйрек, қаз
- Өте жақсы
- Неге үй құстары деп атаймыз?
- Себебі оларға жем, су беріп үйде бағамыз
- Өте жақсы
- Үй құстарының қандай пайдасы бар?
- Үй құстары бізге жұмыртқа береді, етін жейміз
- Өте жақсы
- Ал енді балалар жыл мезгілінде өзгерістер болғанда құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Кетпей қыстап қалатын құстар бар олар: қарға, торғай, көгершін, сауысқан. Себебі олар суыққа шыдамды болады.

Сауысқан – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ұясына — жұмыртқа салып, балапан басып шығарып оларды қауіп - қатерден сақтайды. Кез келген тамақты қорек етеді. Қауырсындары біріңғай қара емес, жасыл реңкті келеді, бүйіріндегі қауырсыны аппақ. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жылтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық адамның айтқан сөзін жаттап алады.

Қара қарға – басы, қанаты, құйрығы, арқасы мен бауыры бәрі қара болып келеді, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Оның балапанын сөйлеуге үйретуге болады. Қарғалар ұзақ өмір сүреді.

Торғай –- сүйір тұмсықты кіп – кішкентай құс. Ағаш қуыстарын, індерді, үй - жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады. Олар ұсақ жәндіктермен, өсімдік дәндерімен, тамақ қалдықтарымен қоректенеді; балапандарын бастапқы уақытта жәндіктермен, кейіннен өсімдік тұқымдарымен қоректендіреді.
Көгершін (кептер) – қала, ауылда адамдарға жақын мекендейді. Көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады.

Ойын: «Жыл құстары мен қыстап қалатын құстар»
Шарты: Балалар берілген құстардың ішінен жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды атап оларды айыра орналастыра білуі керек.
- Өте жақсы балалар

- Балалар орындарына жайғаса қойындар

- Ал жақсы енді осы Құстарға арналған өлең шумақтар білеміз ба?
- Қане кім айтады?

Құс ұясын бұзбаңдар

Балапанын алмаңдар

Құстар біздің досымыз

Обалына қалмаңдар Мерейлім





Мен торғаймын,торғайиын

Суықтаймын тонбаймын

Құрт құмырсқа шіркейден

Бау-бақшаны қорғаймын Жансерік



Торғай торғай торғайсын

Неге жақын қонбайсын

Жем шашайын тойып ал,

Сонда сенде тоңбайсың Аймира



Сауысқан деген сақ болар

Құйрық жүні ақ болар

Жер бетіндегі жаңалықты

Бізге келіп хабарлар Қуанышбек



Қарға қарға,қарғалар

Қар үстінде жорғалар

Боранды күні жел соқса

Бұтаға барып қорғанар Аршат



- Өте жақсы
- Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын. Мұқият тыңдаймыз
Жұмбақ

1.Жем көрсе,

Шықылықтап қалтандайды,

Сескенсе,

Жыпылықтап жалтаңдайды. (Сауысқан)

2.Бұл құсты бəрі білер,

Ауламызда шырылдап,

Шиқ-шиқ етер,

Қоңыр ... (торғай).

3.Қара түстi қарқылдақ,

Ұшып-қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем iздейдi там-тұмдап. (Қарға)

4.Мәпелейміз,баптаймыз

Биіктерге самғаймыз

«Бейбітшілік құсы» деп

Қай құсты айтып мақтаймыз Көгершін

- Балалар біз мақал – мәтел тыйым сөздер білеміз ба?
- Қане кім айтады?
1.Қарға қарқылдаса, қысты шақырады
Қаз қаңқылдаса жазды шақырады

2.Көкек өз атын шақырады

3.Қанатты дос табиғаттың тартуы

Құстар біздің досымыз табиғаттың қорғаушысы,құстар туралы жақсы тыйым сөздер бар
Құстың ұясын бұзба!
Құстың жұмыртқасын жарма

Құсқа тас лақтырып үркітпе

- Өте жақсы балалар орындарыңа жайғаса қойыңдар

  • Ойын: «Құстардың атын атау»

Ал ендеше балалар тақтаға назар аударайық қарандаршы қар жауып тұр құстың арнайы ұясын байқап тұрсындарма сол ұяға қандай құс қонғаның айтатын боламыз. Қыстап қалған құстар.

Ал балалар осы қыстап қалған құстарды қалай қамқорлаймыз? (ағаш басына ұя жасап ілеміз,жем шашамыз)

Дұрыс айтасындар балалар,біз ата-аналармен бірлесіп қыстап қалған құстарға арнап ұя жасадық. Сол ұяларымызды серуен кезінде ағашқа ілеміз және жем шашамыз. Ата-аналарымыз бізге сыйға көгершін ұсыныпты. Осы көгершінді сабақ аяқталған соң топта көгершіннің іс-қимылын қызықтап, оған жем шашамыз.

Қорытынды:
- Балалар құстар нешеге бөлінеді?
- Екіге бөлінеді
- Қандай құстар болып бөлінеді?
- Ұй құстары және дала құстары
- Өте жақсы
- Балалар үй құстарының қандай пайдасы бар?
- Жұмыртқа береді, етін жейміз
- Ал дала құстарының қандай пайдасы бар?
- Табиғатты қорғайды
- Өте жақсы
- Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар
Осымен сабағымыз аяқталды.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
560
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі