400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құстар біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз

Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру.

Ойлау деңгейі: Білу, түсіну, қолдану

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ашық сұрақ әдісі, бала үні, миға шабуыл

Күтілетін нәтижелер: Құстар туралы айта алады.




Барысы:

Сәлеметсіздер ме!

Здравствуйте ребята!

Hello children!

Миға шабуыл әдісі: Жаңа ҰОҚ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы тақырыпты ашу.

  • Балалар сендер ненің дауысын естіп тұрсыңдар?

  • Бұл құстардың дауысы екен

  • Біз құстарды екі топқа бөлеміз

  • Дала құстары, үй құстары

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем

  • Көктем айларын атайықшы балалар

  • Наурыз, сәуір, мамыр

  • Балалар бүгін біз құстар жайында білетін боламыз.

  • Көктемде күн жылынады, ағаштар бүршік жарады. Салқын түсе жылы жаққа ұшып кеткен құстарымыз өктемде қайтып оралады.

  • Суретте қандай құстар бейнеленген?

  • Торғай, қарға, көгершін – осылардың бәрін бір сөзбен құстар деп атаймыз.

  • Кәне бәріміз айтайық.

Көгершін, қарға, торғай

  • Ия, балалар, құстар – біздің досымыз. Құстардың адамдарға, табиғатқа пайдасы өте зор. Құстар зиянкес жәндіктермен қоректенеді.

  • Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?

  • Ұя жасаймыз, су береміз, жем шашамыз

  • Торғай – кең далада тіршілік ететін әнші құс. Денесі сопақша, басы дөңгелек, тұмсығы үшбұрышты, қанаты ұзын, сұрғылт, боз түсті болып келеді. Кейбір құстар далаға салқын түскенде жылы жаққа ұшып кетеді. Күн жылығанда қайта ұшып келеді. Құстардың кейбірі адамға дос. Соның бірі – қарлығаш. Ол адамдарға жақсылық ойлайды. Ол ұясын ауланың жанына салады.

Балалар екі топқа бөлінеді

Үй құстары

Дала құстары



Топтық тапсырма:

Үй құстары тобына тауықтың сыртына қауырсындарын, құйрықтарын жапсырады.

Дала құстары тобына құстарға ұя жапсырады.

Сергіту сәті видио ролик арқылы құстардың қимылын жасайды

Құрылымдалған ойын: «Ненің басы? Ненің аяғы?»
Мақсаты: Әр құстардың дене бөлігін сағат тілшегі арқылы дұрыс таба білу.

Мазмұны: Дөңгелектенген қағаз бетіндегі құстардың басы мен аяғының суреттері бойынша сағат тілшегі арқылы сәйкестендіреді. (Бүркіт, жапалақ, тырна, торғай)



Мақсаты: Әр құстың өзі мекендейтін орны туралы түсінік беру, ойлау қабілеттерін дамыту.


Мазмұны: Үйшік етіп дайындалған макет ішінде құстардың мекен ететін суреттері көрсетілген, сол суретке сәйкестендіріп, құстар суретін орналастырады.

Балалар біздер құстар туралы тыйым сөздер айтайықшы

Құстарды атпа

Құстардың жұмыртқасын жарма.

Құстың ұясын бұзба,

Аққуды атпа,

Досыңды сатпа


Қортынды

  • Балалар сендер құстар туралы көп біледі екенсіңдер мен сендердің білімдеріңе риза болып бүгінгі оқу қызметіне қатысқан балаларды мадақтаймын. Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құстар – біздің досымыз. Біздер үнемі құстарға қамқорлық жасап, қорғап жүруіміз керек.





«Жазира» балабақшасы













Ашық ұйымдастырлғын оқу қызметі:

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»









Тәрбиеші: Есенова М







2020-2021 оқу жылы







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 наурыз
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі