400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Құстар біздің досымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Үй құстарымен ,дала құстарының айырмашылығымен тіршілігі туралы білімдерін кеңейте отырып балалар құстарға қамқорлық жасауға үйрету. Көрнекілігі: Мультемедиялық суреттер , құстардың дауысы және құс ұясы. Әдіс-тәсілдері:Сұрақ ,жауап, ойын түсіндіру ,логикалық тапсырма Ұйымдастыру кезеңі:Балалар бізде бүгін ,ашық ұйымдастырылған оқу қызметі Білім саласы: «Таным»Бөлімі :Жаратылыстану Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Сабақтың ұзақтығы: 20-25 минут

Өткізген күн:06.10.2022

Тәрбиеші: Г.Адиетовна

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Құстар біздің досымыз»

Мақсаты:Үй құстарымен ,дала құстарының айырмашылығымен тіршілігі туралы білімдерін кеңейте отырып балалар құстарға қамқорлық жасауға үйрету.

Көрнекілігі: Мультемедиялық суреттер , құстардың дауысы және құс ұясы.

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ ,жауап, ойын түсіндіру ,логикалық тапсырма

Ұйымдастыру кезеңі:Балалар бізде бүгін ,ашық ұйымдастырылған оқу қызметі Білім саласы: «Таным»Бөлімі :Жаратылыстану Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Шаттық шеңбер

Балалар кәне , барлығымыз ортаға шығып шаттық шеңберін орындайық.

Біздер жақсы баламыз

Өсті ақыл санамыз

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып аламыз

Сәлеметсіздерме!

Өткенді пысықтау:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс айларын кім айтады?

-Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

-Жарайсыңдар балалар!

Жаңа сабақты түсіндіру әдісі -Балалар, тақтадан нелердің суреттерін көріп отырсыңдар? -Құстардың

-Бірінші суреттегі құстарды атайықшы.

-Әтеш,тауық,қаз ,үйрек

-Екінші суреттегі құстарды атайықшы.

-Қара қарға, сауысқан, торғай т.б.

-Жарайсыңдар ,балалар.

- Балалар, жалпы құстар екіге бөлінеді үй құстары және дала құстары.

-Үй құстарын қолдан тамақтандырамыз жжем,су,шөп береміз жылы қорада ұстаймыз.

Үй құстарының тигізер бізге пайдасы зор . Жұмыртқасынан түрлі тағам салаттар мен тәттілерге қосып пайдаланамыз. Ал қауырсынынан басымызға жастайтын жастық жасаймыз. Ал етін жейді екенбіз.

Ал Дала құстары жемтіктерін өздері тауып жейді . Дала құстарының тіршілігі мен пайдасы туралы танысамыз.

Құстар біздің- досымыз , олардың бізге берер пайдасы көп. Құстар өсімдікке зиян келтіретін жәндіктермен құрт, құмырсқалармен қоректенеді, сөйтіп бау –бақша егістердің жақсы өсуіне пайда келтіреді. Кейбір құстар далада салқын түскенде жылы жаққа ұшып кетеді.Күн жылынғанда ұшып келеді. Олар : Үйрек, Тырна, Көкек, Ұзақ,Қарлығаш, Қара торғай т.б. жатады.Ал қыстап қалатын құстар олар: Торғай, Көгершін, Қарға, Көкшымшық Тоқылдақ т.б жатады.

Құстардың кейбірі адамға дос. Соның бірі қарлығаш.Ол адамдарға жақсылық ойлайды Ол ұясын ауланың жанына салады. (Қарлығаштың құйырығы неге айыр?)үзінді көрсету.

-Балалар өзіміз білетін қарғаны қарайықшы .Қарғаның екі түрі бар, ала қараға, қара қарға . Ал ала қарғаның қанаттарында,бауырында сұр түс бар сондықтан , оны ала қарға дейді. Ал қара қарғаның басы қанаты,бауыры барлық жерлері қара болады сондықтан оны қара қарға дейді. Қарғалардың тұмсығы үшкір,тырнақтары өткір болып келеді.Даладан түрлі қалдықтарын жеп қоректенеді. Сауысқанның түсі қара –ала, көлемі торғайдан ірі ұзын құйрықты құс. Жейтін қорегі басқа құстардың жұмыртқаларын ,балапандарын ұрлап жейді екен. Қыстап қалатын құс .

Құстардың дауысы:

Ендеше балалар барлығымыз экранға қарайық әр құстың өз дауысы болады екен ендеше тыңдап көрейік.

Сергіту сәті

«Қарлығаш »әні

Логикалық тапсырма

Үй құстарымен дала құстарын ажыратып екіге бөліп жапсыру. Яғни үй құстарын үйдің ауласына жапсыру . Ал дала құстарын тау тоғайдың ішіне жапсыру.

«Құстартарға қамқорлық жасаймыз»

Балалар барлығымыз тақпақ айтып құсқа қамқорлық көрсетіп құсқа жем мен су берейік.

Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар!

Қортынды:

-Балалар сендер құстар туралы көп нәрсе білдіңдер.Сендердің білімдеріңе риза болып бүгінгі сабаққа қатысқан барлық балаларды мақтаймын жарайсыңдар!

Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құстар –біздің досымыз.Біздер үнемі құстарға қамқорлық жасап , қорғап жүруіміз керек.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.10.2022
513
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі