400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Құстар-біздің досымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстар туралы түсініктерін кеңейту.Құстар туралы әңгімелеп беруге үйрету, алған білімдерін қорытындылау.Сөздік қорын молайту;шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлім:Қоршаған орта

Тақырыбы:Құстар-біздің досымыз

Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін кеңейту.Құстар туралы әңгімелеп беруге үйрету, алған білімдерін қорытындылау.Сөздік қорын молайту;шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу,еңбекке баулу.

Көрнекілік:Суреттер,торғай,сандық,сары түсті дөңгелек, жазыл түсті тік төртбұрыш, көк түсті үшбұрыш(пішіндер бөліктері),ермексаз, ақ парақ, түрлі түсті қарындаштар,түрлі түсті қағаз,қайшы,желім

Әдіс-тәсіл:сұрақ-жауап, түсіндіру,ойындар, көркем сөз,әңгімелесу,

Сөздік жұмыс: құстар

Билингвальдік компонент:құс-птица,торғай-воробей.

Балаларды шеңбер бойымен жағалай отырғызып, бір-біріне құстар атына байланысты еркелететін сөздер айтқызу.

Балалар шеңбер бойымен жағалай отырып, бір-біріне құстар атына байланысты еркелететін сөздер айтады: көгершінім, балапаным, торғайым,қарғам, аққуым...

Ұйымдастырушылық ізденістік

Әңгімелесу.

-Балалар,қазір қандай жыл мезгілі?

-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атаңдар.

«Сөйлемді аяқта» ойыны.

1.Құстар ұша алады өйткені...

2.Құстар қоректенеді...

3.Құстар бір-біріне ұқсайды...

4.Көктемде ұшып келеді...

5.Аяздан қорықпайды...

6.Үй құстары...

7.Құстар қорғайды...

Жаттығу жасау.

Бала қарға-қарқ,қарқ (бәсең дауыспен)

Ана қарға-қарқ,қарқ (орта дауыспен)

Әке қарға –қарқ,қарқ (қатты дауыспен)

Табиғат бұрышына бару.

-Балалар,табиғат бұрышына қандай құс ұшып келді?

-Торғай туралы не білесіңдер?

(Балалар торғайды қолдарын ұстап,сипайды)

Сөздік жұмыс: құстар

Билингвальдік компонент:құс-птица,торғай-воробей

Суреттер жұмыс

-Қандай құстарға қатысты тыйымды сөздер білесіңдер?

Сергіту сәті «Құстар»

Құстар ұшып келеді,

Қанаттарын қағады.

Ұшып,келіп отырды,

Қайта ұша жөңілді.

-Балалар, менің қолымда «ғажайып сандық» бар. Ашып көрейік.

-Мұнда не бар екен?-Түрлі түсті пішінің бөліктері бар екен.

-Өздеріне ұнайтын түсті алыңдар,топқа бөлінеміз.

Топпен жұмыс.

Шығармашылық жұмыс.

I-топ-сары түсті дөңгелек.

-Не болады сары түсті?

I-топ-құсты мүсіндейді.

II-топ-жазыл түсті тік төртбұрыш

-Не болады жазыл түсті?

II-топ-құстың суретін салады.

III-топ-көк түсті үшбұрыш.

-Не болады көк түсті ?

III-топ-түрлі түсті қағаздан құсты қиып жапсырады.

(Жұмыс барысында құстар әуені орындалып тұрады).


Рефлексиялық-жинақтаушы


-Балалар, кім құстар туралы тақпақ айтып береді.

-Жарайсыңдар,балалар! Бүгін біз құстар жайлы көп білдік.Құстар-біздің

досымыз.Құстарға қамқорлық жасау керек!

Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.Балаларды мақтау.


Айша:

Көк көгершін,көгершін,

Көгершін келер жем үшін.

Балалар,жем себелік,

Жем жесін де семірсін.

Айбек:

Қарға,қарға,қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қар болар,

Бұтаға келіп,қорғалар.

Әсел:

Шыр-шыр еткен торғайды,

Қорғамасақ болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.





















«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ






Ұйымдастырылған оқу әрекет:

Қоршаған орта




Тақырыбы: Құстар біздің досымыз







Өткізген:тәрбиеші: Джексемба С.Т







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21.02.2023
822
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі