Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Құстар-біздің досымыз
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітілді:
Сыныптан тыс шара Күні : 29.02.2024 ж Сыныбы:3"Ә" Мұғалімі: Мажитова А.К. |
Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясы |
Сыныптан тыс шара: Құстар – біздің досымыз. |
|
Сабақтың мақсаты |
Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың пайдасы жайлы мағұлмат беру, барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау қарсы алу. Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу. Отанын жерін, орманын, көлін- табиғатты сүюге, ақ – құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. |
Рәсімдеу |
Әр білім алушы
білу керек: -орманын, көлін- табиғатты сүюді; -құстарға қамқорлық жасауды; |
Үлестірмелі материалдар |
презентация, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, шараға арналған безендірулер; |
Құндылықтар |
|
Сабақтың басы ширату |
1.Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! « Құстар – біздің досымыз » атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Мен баршаларыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі. Жер бетінде 9000 мыңға жуық құстардың түрі бар десек, біздің елімізде 500 – дей түрі кездеседі екен. Ал өзіміздің жергілікті жерімізде қыстап қалатын құстар қарға, сұр қарға, торғай, сауысқан, кептер, ала қанат шымшықтар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ қарлығаш, тырна, үйрек, қаз, аққу, нәурізек, көкек сияқты көптеген құстарды білеміз. Біздің халық ежелден аң – құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы адамдарды құсқа теңегені белгілі. Мысалы: Саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгіле ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, отан үшін жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуын аққуға теңегені белгілі. -Жылы шуағымен гүл өсіріп, Жыл құстарын ілестіріп, Ару көктем келді, міне Самалынан нұр есіп |
Сабақтың ортасы |
2.Құстарға арналған тақпақтар айту. 1 оқушы. -Құстар тойын құттықтап, Қуанамыз қолдаймыз. Ұя жасап, үй салып, Біз оларды қорғаймыз. 2 оқушы. -Мен қараторғаймын Шегірткедей жұртыңды Қырғи болып қиямын Егістікке жайылымға Қорғаушы боп тұрамын Жәндіктерді зиянды Құртатұғын батырмын Дайындайтын ұямды Достарға келе жатырмын. 3 оқушы. -Білегіндей жас баланың. Аққудың имек мойыны. Басады көңіл алаңын, Жас аққулар ойыны. 4 оқушы.-Үй салдым құстың алдынан Болсыншы ол өмір панасы. Өзімдей сәби балдырған Өссінші құстың баласы. 3. Мақал – мәтел сайысы. 1.Ер жаңылып қолға түсер, Құс жаңылып торға түсер. 2. Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ. 3. Қаз келсе, жаз келер. 4. Сәуір болмай, тәуір болмас. 4. Ал ендігі кезек бір- біріне жұмбақтарын жасырады. 1. Сайрайды бір талмайды, Әнші құс бұл таңдайлы. ( бұлбұл ) 2. Қараңғыда ұшады құбылады, Жарық қөрсе қашады, тығылады. ( жарқанат ) 3. Балапанын басатын басқа құс, Бар осындай қасқа құс. ( Көкек) 4. Орманда жоғары Ағашқа қонады, Тұмсығын балға қып Тоқ – тоқ соғады. (Тоқылдақ ) 5. Күндіз соқыр недеген Түнде сондай көреген. ( Үкі ) 6. Шарлап келіп даланы Үйіме үй салады. ( Қарлығаш ) 5. Құстар арқылы халқымыз түрлі болжамдар жасаған. 1.Құстар төмен ұшса жаңбыр жауады, жоғары ұшса күн жылы болады. 2.Сауысқан шиқылдаса хабар естиміз. 3. Егер торғай дыбыс шығармай қонақтап отырса , жел болмайды. 4.Қарғалар топталып қарқылдаса аяз болады, аспанда ұшып жүріп қарқылдаса қар жауады. 5.Құс жүнін үрпейтсе, жаңбыр жауады, ауа райы бұзылады. 6.Құстар жер баулап ұшса, ауа райы бұзылады 6. Сұрақтарға жауап. 1.Көктем айларын ата? ( наурыз, сәуір, мамыр ) 2.Құстар балапандарын қайда өсіреді? ( Ұяда ) 3.Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? ( Көкек ) 4. Киелі құс? ( Аққу ) 5. Ең алғаш шығатын гүл? ( Бақбақ ) 6.Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? ( Бүркіт ) 7. Қандай құстың құйрығы айыр ? ( Қарлығаш ) 8.Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? ( 260 рет ) 9. Үй құстарын ата? ( тауық, үйрек, қаз, күркетауық ) 10.Өте сақ, ұзын сирақты, ұзын мойынды жыл құсы? ( Тырна ) 11.Адамдар көктемде қалай киінеді ? ( Жұқа киінеді ) 12.Түнде ұшатын құсты ата? ( Үкі ) 13.Өз атын өзі шақыратын құс? ( Көкек ) 14.Сөйлейтін құс? ( Тоты құс ) 15.Наурыз айында ең алғаш ұшып келетін құс? ( Нәурізек ) 16.Бейбітшілік құсын ата? ( Көгершін ) 17.Орман дәргері? ( Тоқылдақ ) 18.Еліміздің рәмізіндегі құс? ( Бүркіт ) 19.Бауыры қара, маңдайының үстінде ақ белгісі бар қара құс? ( Қасқалдақ ) 20. Әнші құс? ( Бұлбұл ) |
Соңы |
Қорытынды. - Балалар, соншама алыс жерден, қиында қатерлі жолдарды артқа қалдырып, зорға жеткен құстарға қалай көмек көрсетуіміз керек? - Оянып бар табиғат ұйқысынан Жадырап құтылғандай құс қамынан Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан. -Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық, оларға қамқор болайық. Әр қашан аспанымыз ашық болсын деген ниетпен« Ақ көгершін » әнімен аяқтаймыз. |
Ақ көгершін
Ақ көгершін, көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан.
Бақыт болып қоншы деп,
Ұшырамын қолымнан.
Ел тілегін алып ұш
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш
Мұхиттың арғы жағына.
Сенен көзін алмайды
Ақ ниетті бар адам.
Ақ қанатың талмайды
Әділеттен жаралған.
Тыныш-бейбіт өмірдің
Белгісі боп қанат қақ.
Әлемге ортақ көңілдің
Қайт шыңына қонақтап.