400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құстар біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағаты «Құстар-біздің досымыз» Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»

Мақсаты: 1.Жабайы және үй құстары туралы білімдерін кеңейту. Олардың тіршілігін, ортақ қасиеттерін, айырмашылығын ажыратуға үйрету.

2. Балалардың ой-өрісін, сөздік қорларын дамыту. Сұраққа толық жауап беруге, 2-3 сөйлем құрастыруға қалыптастыру. 3. Балаларды дала, үй құстарына қамқор болуға баулу

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, үнтаспа, карточкалар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

* Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр.

Ендеше, бүгінгі келген қонақтарымызбен амандасайық, өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.

“Шаттық шеңбер” Сылдыр-сылдыр шапалақ,

Міне, менің қолым.

Міне, менің жүрегім,

Сені жақсы көремін.

Негізгі кезеңі.

1. Кіріспе әңгіме:

-Балалар бүгін аптаның қай күні?

-Жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Ендеше, балалар осы өзгерістерді бақылау үшін “Орман патшалығына” саяхатқа барайық. (Құстардың дауыстарын тыңдату мелодия)

Келе жатқан жолымыздың жан-жағы сары алтынға боялған, ауасы таза, күн ашық.

Айнала сайраған құстардың дауысы естіледі.

Балалар қандай дауыстар естіп тұрсыңдар?

— Иә, бұл құстардың дауысы.

Олай болса бүгінгі тақырыбымыз құстарға арналады.

Онда бүгін біз сіздермен жұмбақтар, тақпақтар, қызықты ойындар ойнап, суреттер бойынша әңгімелесеміз

Ендеше балалар құстар туралы түсінігімізді әрі қарай кеғейте түсу үшін орман патшалығындағы құстармен танысайық видео

— Балалар сендерге ормандағы саяхат ұнады ма?

Орманда қандай құстармен таныстыңдар?

— Ал енді “Орман патшалығынан” сыныпқа оралайық.

2. Сергіту

Кәне, қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық.




3. Ойын: ”Менің дыбысымды танисың ба?” ойыны арқылы құстардың дыбысын ажыратайық

Жарайсыңдар балалар, құстардың даусын анықтап алдық білімімізді әрі қарай шыңдау үшін жұмбақ шешейік


4. Жұмбақтарды шешу:

* Шықылықтап тұрмайды,

Құйрығы ұзын, өзі ала.

Бұл қандай құс? (Сауысқан)

* Таң азанмен оянды,

Елдің бәрін оятты. (Әтеш)

* Түрі көмірге ұқсайды,

Қарқылдап ұшады. (Қарға)

* Шарлап келіп даланы,

Үйіме, үйін салады. (Қарлығаш)

*


5. Ән Көкткм келді

6. Жапсырма жұмыс. -”Орман патшалығындағы” көрген құстарды есімізге түсіріп, жапсырма жұмысын орындайық

— Олар қандай құстар?(жабайы құстар)


7. Тақпақтар:

Ендеше балалар құстар туралы қандай тақпақтар білеміз айтып көрейік.

8. Қорытындылау;

Тиым сөздер. 1.Құстың ұясын бұзба, Жұмыртқасын жарма. 2.Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба. 3.Аққуды атпа.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 желтоқсан
194
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі