"Құстар біздің досымыз"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Құстар біздің досымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды өз бетінше сөйлету.Құстарға қамқорлық көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні, айы: 15.04.2024 ж

Тобы:Ортаңғы «Ақбота» тобы

Тақырыпты іс-әрекет:

Тақырыбы: « Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Балаларды өз бетінше сөйлеуге үйрету. Қоршаған ортаға қатысты әртүрлі сұрақтарға жауап беруге, «жақсы» немесе «жаман » әрекеттері туралы қарапайым түсініктерін дамыту.Жанашыр болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік:. Табиғат бұрышы, құстардың суреттері,
Ұйымдастыру кезеңі:

1. Әуенді амандасу: «Сәлем,сәлем»

2. Тақпақ: көктем мезгілі туралы

3. Аудио дыбыс тыңдау

4.Тосын сәт: Дәулет баланың келуі

5. «Құстардың біздің досымыз» слайд көрсету

6. Дидактикалық ойын: «Құстарды ата»

7.Сергіту сәті: «Қарлығаш»

8. Дидактикалық ойын: «Құстарды топқа бөл» жыл құстарын атау.

9. «Құстар біздің досымыз» әні

10.Қорытынды. « Біз не білдік?»
Ұымдастыру кезеңі

- Балалар, бізге қонақтар келіп отыр, олай болса қонақтармен сәлемдесейік.- Сәлеметсіздер ме, апайлар.
Сәлеметсізбе!

Бейнеролик арқылы амандасу

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілінде қанша ай бар?

-Олар қалай аталады?
-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Көктем туралы кім тақпақ біледі?
Аяла

Жасыл көктем келеді
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе
Мөлдір тамшы төгеді.

Нұрислам

Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.

Нұрғиса

Кун шуағын шашады,
Жауын да жауып алады.
Көктем келіп жеткенде,

Ағаштар бүршік жарады.



Інжу

Көктем келді, көктем келді.
Жадыраған жайнаған.
Шашыраған сәулесімен,
Жасыл көктем сайраған.

Құстардың дауысы естіледі.
- Балалар бұл кімнің дауысы?
- Балалар, бүгін біз құстар жайлы әңгімелесеміз.
1 - сәуір десе, ойымызға Күлкі күні оралатыны анық. Сонымен бірге бұл күні әлем жұртшылығы Құстар күнін де атап өтеді. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленді.
-Балалар, біз құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?
-Құстар немен қоректенеді?
-Құстар туралы қандай ертегілерді білесіңдер?

-Құстар қайда мекендейді?
Тосын сәт. (қолындағы рогаткасы бар Даулет келеді)
- Балақай сенің атың кім? Қолындағы не?
- Мен, Даулетпін. Қолымдағы рогаткамен құстарды атайын деп едім.
- Балалар, құстарды атуға бола ма?
- Даулет, көрдің бе, біздің балалар дұрыс айтады. Ал сенің әрекетің дұрыс емес. Қазір сен біздің тақырыпты оқу - іс әрекетіміздің барысында бұған көзіңді жеткізесің.
- Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?/слайд көрсету/
Дидактикалық ойын: «Құстарды ата,» құстар туралы мәлімет беру.
Ойын барысы: Сурет бойынша құстарды атап, әңгімелей білу..
- Балалар құстар бір - біріне немен ұқсайды?

-Құстардың денесін не жауып тұрады?
-
Құстар не арқылы көбейеді?
Сергіту сәті: «Қарлығаш» бейнеролик арқылы жаттығу жасау

Дидактикалық ойын: «Құстарды топқа бөл» жыл құстарын атау
Ойын барысы: Үстел үстіндегі жыл құстарын атау және санау.
- Даулет, көрдің бе, біздің балалар құстар туралы көп біледі. Оларды қорғайды, ал сен болсаң бұзақылық жасайсың.
Даулет:
- Кешіріңдер балалар, мен енді құстарды атпаймын, бұзақы болмаймын.
- Балалар Даулетті кешіреміз бе?
Құрметті, балалар және қонақтар бүгінгі тақырыптық оқу - іс әрекетімізді «Құстар біздің досымыз» атты әнімен аяқтаймыз.
Балалар топпен ән айтады
Қорытындылау: «Біз не білдік?»
-Балалар, бізге қонаққа кім келді?
-Даулеттің іс - әрекеті дұрыс па?
-Құстар қандай 2 топқа бөлінеді?
-Құстың негізгі баспанасы?
-Қай құста мүлде ұя болмайды?



КМҚК «Шағала» бөбекжай-бақшасы










Тақырыптық іс-әрекет

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Ортаңғы «Ақбота» тобы












Тәрбиеші:Мухиева Э.С








2023-2024 оқу жылы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2024
86
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі