400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құстар біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстар туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

«Бәйтерек» балабақшасының

директоры Тебай Р.Ү________









«Ол ең қымбатты,

ең сымбатты өзімнің – жан анам.»

атты 8 наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік






Тәрбиешілер: Тяжина Ж.Б

Нығыметова З.Т

Ән-күй жетекшісі: Жармағанбетова А.С.









«Ол ең қымбатты,

ең сымбатты өзімнің – жан анам.»

Музыка ырғағымен залға аналарымен қол ұстасып кіреді.

Тақпақ:

Рауан:Құттықтаймын гүл беріп

Суммая:Тілейміз жақсылықты баршаңызға

Арман:Еркелесем күлімдейтін

Уалихан:Құтты болсын ардақты анам

Мансұр:Бәрімізге анасың

Зере:Үн қатасың бал тілмен

Заңғар: Баланың да тірегі

Ән: «Анашым» (кішкентайдан)өлеңін Ә.Табылдиев, музыкасын И.Нүсіпбаев

(Аналармен бірге айтады)

Балалар аналарына сыйлықтарын беріп, орындарына отырғызады.


Жүргізуші:

Бал анам, асыл анам, таңым да анам,

Мен сізден қуат алам, жалын да алам.

Күн болып көңілімді күйге бөлеп,

Арнадың өміріңнің бәрін маған.

«Ең қымбатты , сымбатты өзімнің- жан анам» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Тақпақтар: Еркеназ

Әмина

Ляйля

Гүл ұсынады.


Жүргізуші: Бұрын бір оқиға болған екен, мүмкін ертеде шығар. Ондай оқиғаны өмірде де, күнде де кездестіруге болады.


Әкесі креслода газет оқып отырады(көзінде очки, үстінде халат, қолында газет), анасы телефонмен сөйлесіп отырады(алдында алжапқыш, косынка, қолында телефон), бала жалғыз өзі жерде кубиктермен ойнап отырады, әпкесі айнаның алдында отырып ернін бояп отырады.

Телефон шылдырлайды. Мамасы телефонды алады.

(Көріністі балалар ғана орындайды)

Ана(Суммая): Сәлеметсің бе, құрбым, қалың қалай? Хабарласпай кеттің ғой. Неге үйге келіп кетпейсің?


Бала(Нұрәлі) Анашым, анашым ішім пысты, маған ертегі оқып берші.

Ана(Суммая): Сен маған маза берші, менің қолым тимейді. Барда әкеңе айт, сенімен бірге ойнасын.

Бала(Нұрәлі): Ішім пысты тұрмайық,

Поровозбен ойнайық.

(Паравозбен ойнайды).

Ана(Суммая):Құрбым сен кофта сатып алғансың ба? Қандай керемет әдемі. Мен оны ватсаптан көрдім.


Бала(Нұрәлі): Анашым, анашым паравозбен ойнайықшы.

Ана(Суммая): Балам менің қолым тимейді, мен кір жуамын, үй жинаймын, тамақ истеймін, бар әкеңе бар.

Бала әкесінің жеңінен тартып:

Бала(Нұрәлі): Әке, әке отырмашы, бүгін демалыс қой, жүр далаға шығайық, серуендеп ойнап қайтайық.

Мені киноға апаршы.

Әке: Балам мен газет оқып отырмын, ана жаққа барда өзің ойнай бер. Мен газетті оқып бітіруім керек. Өзің ойнамасаң әпкеңе бар. Ол сені ойнатсын.


Әпкесі айнаға қарап кірпігін бояп отырады.

Бала(Нұрәлі): Әпке, әпке, сен маған,

Салып берші суретті.

Қолында қағаз бен қарындашы болады.

Әпке(Зере): Ой, сен маған неге келдің, мен қазір оқуға барамын. Одан кейін киноға барамын. Достарыммен қыдырамын, менде мүлдем уақыт жоқ.

Бала(Нұрәлі): Жалғыз өзім не істеймін?

Иығын көтеріп жан-жағына қарайды.


Жүргізуші:Не отыра алмай, не жата алмай,

Бала жүр ғой қиналып.

Әкесі мен шешесі

Көрсетіңдер оған көмек.

Салыңыздар суреттер,

Оқыңыздар кітаптар.

Өйткені бұл баланың

Айналысар ісі жоқ.

Бала(Нұрәлі):Жалғыз өзім қалай ойнаймын, үйде менімен ойнайтын адам жоқ!

Жүргізуші: Мүмкін саған жаңадан ана іздеу керек шығар!

Ол сенімен ойнайды, ертегі оқиды, қыдыртады.

Бала(Нұрәлі):Жарайды, бірақ ол анам, менімен ойнайтын және мені жақсы көретін болсын.

Жүргізуші: Ол үшін бізде жарнама агенттері жұмыс істейді, мүмкін біз содан көмек сұрап көрейік.

Администратор (Еркеназ): Хабарлас достым бізге

Табамыз бәрін сізге.

Бәріне көмек береміз,

Ананы да таңдап береміз.

Администатор(Еркеназ) :Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Бүгін бәрі көңілді.

Бүгін бізде ашылды

Қызмет көрсету орталығы.

Сіздер үшін, әрине,

Жұмыс істейді барлығы!

Бала (Нұрәлі): Маған өз анамды табуға көмектесесің бе?

Администратор(Еркеназ): Әрине, әрине. Мүмкін саған, дәрігер ана керек шығар.

Музыка ойнайды, залға дәрігер ана кріеді.

Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер ана іздеп жүрсіңдер ме?

Жүргізуші: Ия, біз Нұрәліге ана іздеп жүрміз.

Дәрігер:Мен ана болуға дайынмын, сендерге тәтті шырын әкелдім. Шырынды көп ішсеңдер, денсаулықтарың мықты болады.

Ойын: «Кім жылдам».(Кім шырынды тез ішеді.)

Жүргізуші: Балалар, бізге дәрігер ойын алып келді, ал біз тамаша би билеп берейік.

Би: «Көңілді би»

Дәрігер ана: Ал, балам, мен саған ана болуға дайынмын.

Бала: Жоқ, мен өз анамды әрі қарай іздеймін, мен сізге бала бола алмаймын.

Дәрігер ана: Жарайды, балам, ендеше мен кетейін. Мүмкін сен өз анаңды тауып аларсың.

Жүргізуші: Жарайды, жолымыз қысқару үшін, ән айтып, тақпақ айтып, Нұрәлінің көңілін көтерейік.

Тақпақтар:

Ерасыл:Келбетінде ұлылық

Әділет:Мейірімді, сымбатты

Диана:Айналайын анашым

Камила:Сыйлайыншы гүлімді

Жүргізуші:

Көктем келді бүгін,

Күнім төкті нұрын.

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.

Ән: «Көктем»

Әуен ойнап, залға аспаз ана кіреді.

Аспаз ана: Сәлеметсіңдер ме, қонақтар, балалар! Мерекелерің құтты болсын ардақты аналар!

Мен боламынаспаз ана,

Дайындаймын тамақты.

Балам саған арнайы,

Әкелдім дәмді тамақты.

Мен ана болуға дайынмын.

Жүргізуші: Ой, қандай керемет. Бізге сіздей ана керек.

Бала(Нұрәлі): Сіз маған ана боласыз ба?

Аспаз ана: Әрине, әрине. Мен сендермен ойын ойнаймын.

Жүргізуші: Ал ендеше біз аналарымызды бір сәтке бала күндерін еске түсірейікші.

Ойын: «Кім тез тамақтандырады.» (3 бала шығып өз аналарын шақырады).

Жүргізуші:Өскенде мен ал енді,

Аралаймын әлемді.

Сыйлық әкеп әжеме,

Таңқалдырам бар елді.

Өйткені мен әжемді.

Өте жақсы көремін,- деп әжелерімізді де құттықтап қояйық.



Тақпақтар:

Қасымхан:Менің әжем жыр әжем

Аңсар:Әже деген көп шығар

Ән: «Әжетайым»

Би: «Жүргізушілер биі».(Қасымхан, Саян, Ерасыл, Заңғар).

Нұрәлі: Бұл анада маған жақсы, бірақ мен өз анамды іздеймін.

Аспаз ана: Жарайсыңдар балалар, мен онда қоштасып кетейін, сендермен маған көңілді болды. Мүмкін сен өз анаңды табарсың.

Жүргізуші:

Ендеше саған біз

Ұсынайық бір ана.

Ұзын бойлы, сымбатты,

Пісірмейді тамақты,

Күні бойы тек қана

Көңілденіп жүреді.

Музыка ойнаған кезде қолшатырмен Мэрри Поппинс кіреді.

Мэрри Поппинс:

Сіздер мені білесіздер ме?

Мэрри Поппинс деген мен.

Жақсы тәрбиеші және ана боламын.

Қолшатырым ылғида

Жаңалық болған жерге

Апарады әрдайым.


Мэрри Поппинс: Ах, қандай керемет!Мен , сендермен мерекелерінде қалып,қонақ болайын.Менің сиқырлы қолшатырым осы жерде тұра тұрсын.

(Қолшатырын үстел үстіне қояды).

Жүргізуші: Нұрәліге қазір біз, іздейміз ана жаңадан.

Ұнатпады дәрігер мен аспазшы аналарды.

Мэрри Поппинс:Ендеше балам, мен саған ана болуға дайынмын. Мен саған би билеп, әркез көңіліңді көтеремін.

Жүргізуші:Мың бұралып билеген,

Балаларды кім сүймеген.

Күміс көмей қыздарға,

Кімдер басын имеген.

Би: «Испан»

Бала(Нұрәлі): Жоқ, жоқ, сіз билеуге кетіп қалсаңыз, мен тағы жалғыз қалып қоямын. Сіз маған ана бола алмайсыз. Мен өз анамды табамын.

Жүргізуші:. Ұсындық саған біз көп ана,

Дәрігер , аспаз , тәрбиеші ананы,

Таңда кәне біреуін.

Дұрыс шешім қабылда.

Бала (Нұрәлі):: Маған ешкім ұнамайды, бұл өмірде көп ана бар. Бірақ мен үшін бір ғана ана бар, ол Ең қымбатты, ең сымбатты өзімнің-жан анам.

Музыка ойнайды. Анасы келеді.

Анасы: Құлыным, ботам, жаным менің, мен сені жоғалтып жүрмін. Сені қатты сағындым, қайда жүрсің?

Баласы жүгіріп келеді. Екеуі бір-бірін құшақтайды.

Бала(Нұрәлі): Мен сізге бір құпия ашамын, сізден артық ана таба алмадым.


Мэрри Поппинс: Бұл оқиғаның осылай аяқталғанына мен өте қуаныштымын.



Жүргізуші: Өмірдің қызығы, өзіңсіз өтпейді.

Мен үшін анама, ешкім де жетпейді.

Балалар тақпақ оқиды.

Еркеназ:Дүниеде ең кемеңгер дананы

Ляйля:Май диа диа Мамми

Лев:Мен анамды сүйемін

Марьям:Анашым анам ризамын саған

Саян:С праздником весенним

Арғын:Зери из нау блессинг

Әмина:Оф ол зэ спэшл жойс ин лайф


Би: «Мама»


Мэрри Поппинс: Ах, біздің балалар қандай ғажап!

Мэрри Поппинс: Маған сендердің мерекелерінің өте ұнады.Сіздер өз аналар,әжелер,әпкелерді қандай тамаша сөздермен құттықтадыңдар.Мен сендерге бір керемет сыйлық дайындадым.Мен өз сиқырлы қолшатырымды қайда қойдым екен?

Жүргізуші: Сіздің қолшатырыңыз немен керемет,немен сиқырлы?

Мэри Поппинс: Ол сендерге керемет сыйлықтар дайындап қойды.

(Мэрри Поппинс қолшатырын балаларға көрсетеді,оның астында қыздарға, арналған сыйлықтар)

Жүргізуші: Біз ару қыздарымызды қошеметтеп құрметтеп, ортаға шақырайық. Музыка қосылады. Қыздар жарты шеңберге тұрады.

Нұрәлі: Құттықтаймыз, аналарды, қыздарды.

Мерекеден шуақты бір із қалды.

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер.

Нұрын шашсын, мерекеге өңірлер.

Мэрри Поппинс ұлдарға сыйлықтарды таратып береді.

Жүргізуші:

Сізден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті ата-аналар.

Ән: «Балалық бағым».

Мэрри Поппинс:Сендердің мерекелерің өте қызықты, тартымды өтті. Мерекелерің құтты болсын, менің Қолшатырым мені енді қайда апарады екен. Сау болыңдар, балалар!

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, осымен біздің мерекеміз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар.

Би: «Флешмоб».

Жүргізуші (З):

Анадан өсіп өнген даналарым,

Жазайық жүректегі жараларын.

Бір Алладан сұрарым осы менің,

Қайда жүрсе аман болсын аналарың!

Жүргізуші(Ж):

Жайнап өссін өмірде балаларыңыз,

Әрқашан ашық болсын аспаныңыз.

Ортамызда той- тойлап жүріңіздер,

Аналар ұзақ болсын жастарыңыз.

Бүгінгі «Ең сымбатты, ең қымбатты өзімнің- жан анам» атты ертеңгілігіміз осымен аяғына жетті.

Сау болыңыздар!








































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
488
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі