400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Құстар біздің досымыз!" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі бөлім тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз

Мақсаты: Балаларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетуінен хабардар ету, олардың құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін – табиғатын сүюге баулу. Көрнекілігі: Альбомдар, «Құс – табиғат байлығы» атты буклет, үнтаспа.

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз. Міне, көктем жаршысы құстар келе бастады. Балалар, көк құрақ-көлдің сәулеті, құс пен аң – елдің дәулеті – дегендей, хайуанаттың ішіндегі ең сұлуы, ең сымбаттысы – құстар. Табиғатта да, адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар әуезді әуен дауысымен сымбатты да сұлу, сондай-ақ алуан түрлі сыртқы көрінісімен табиғаттың сәнін келтіреді. Бүгінгі тәрбие сағатымыз көктем хабаршысы құстар туралы болмақ. Құстар – біздің досымыз. Ән: «Көктем»

1 бала: Наурыз келді, Тіршілікке жан кірді. Кең дала жасарып, жаңғырды. Бар өңір құлпыра бастады, Төсіне құйып ап жаңбырды.

2 бала: Бейне көктем жырлары Сағынышпен жеткен Құстардың әуенімен Қуанта бер, көктем.

3 бала: Құстар, құстар келеді, Жерді шуға бөледі. Көктем келді деп бізге, Жақсы хабар береді.

4 бала: Жыл құстары келді деп, Балдырғандар мәз болды. Қос қанаты желпілдеп, Көлге үйрек, қаз қонды.

5 бала: Ұшып келген ең алғаш, Қараторғай қырағы. Ұяларға қонақтап, Дейді – «менің тұрағым».

1 бастаушы: Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі – құстар. Халық ежелден – ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді.

2 бастаушы: Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін – бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын – қыранға, елден асқан сұлуды – аққуға теңеген.

6 бала Мамыр міне келді жайнап, Көктемнің бұл соңғы айы. Құс біткеннен төгілген ән, Бейне көктем жырлары.

7 бала Ой балалар, балалар! Жылы-жылы жел соқты, Жылғалардан су ақты, Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті.

8 бала Қызыл гүлдер қауыз ашып маңдағы, Торғай шулап, бұлбұл сайрап талдағы. Сай қуалай, жаңа гүлден бал сорып, Ара біткен өлеңдете бастады.

9 бала Көкте бұлттар күркіреп, Жерге төкті өрмегін. Жауды жаңбыр сіркіреп, Мейірленіп жерге күн.

10 бала Көктем келді, сұлу қыздай жаз келді! Күміс қанат үйрек келді, қаз келді. Май шуағы, жан шуағы бір шуақ, Жырла ақын, жырлар шаттық аз ба еді?

Хормен «Ару көктем» әнін орындайды.

10 бала: Құстар тойын құттықтап, Қуанамыз, қолдаймыз. Ұя жасап құттықтап, Біз оларды қорғаймыз.

11 бала: Жылы шуағымен гүл өсіріп, Жыл құстарын ілестіріп, Көрікті көктем келді. (Ортаға «Гүл сезім» биі биленеді)

Көктем:

Сәлем, достар, аман ба? Мынау бейбіт заманда Шат-шадыман Көктеммін, Шаттық болсын әманда. Ән құрдым үніммен, Сән құрдым гүліммен. Қуантамын бәріңді Құт-мереке күніммен (Ортаға құстың ұясын көтерген бір топ бала шығады. Көктемге сәлем береді).

12 бала: Үй салдым құстың алдынан, Болсыншы ол өмір панасы. Өзімдей сәби балдырған, Өссінші құстың баласы. Хормен: Біздің міндетіміз – қанатты досымыз құстарды қорғау.

1 бастаушы: Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқаларын жаруға, рақымсыздық жасап, жазықсыздан жазықсыз құстарды жәбірлеуге, өлтіруге жол бермейік.

2 бастаушы: Халық «Көкек келді – көктем келді» дейді. Көктемнің тамаша бір айын көкек деп атайды. Қадірі мен қасиеті онша емес, осы бір құстың аты неліктен жылдың ең тамаша айына теңеу болды екен?

Көкек: (Басына көкектің маскасын киген бала көкек туралы тақпақ айтады).

Жаршысымын көктемнің, «Көкек» дейді мені жұрт. Өз ойын айтар құс менмін, Көктемді күтсең – мені күт.

Би: «Көктем вальсі»

1 бастаушы: Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да, көкек пайдалы құстардың біріне саналады. Көкектің балапаны бір күнде ғана 39 шегіртке, 43 жұлдызқұрт, зауза қоңызының 5 жұмыртқасын, шытырлақ қоңыздардың 50 жұмыртқасын, 4 өрмекші және құмырсқа жұмыртқаларын қорек етеді.

Қараторғай: Мен қараторғаймын, Шегірткедей жұртыңды. Қырғи болып қиямын, Егістікке, жайылымға Қорғаушы болып тұрамын. Қарлығаш: Ауламызға бау бүрлеп, Шешек атып жайнайды. Ақ тамағы бүлкілдеп, Қарлығаштар сайрайды.

Бұлбұл: Мен еркін бақытты бұлбұлмын, Бұлағын тасытқан ән-жырдың. Тамаша тамсантып шырқаймын, Шаттығын тауыса алмай әр күннің.

Сауысқан: Ала қанат сауысқан, Құртты көрсе жабысқан. Бір томардан бір томарға, Секең-секең ауысқан.

Торғай: Мен торғаймын, торғаймын, Суықтан да тоңбаймын. Құрт-құмырсқа шіркейден, Бау-бақшаны қорғаймын.

2 бастаушы: Үйіміздің маңында жүретін кіп-кішкентай торғайдың бір өзі ғана бір жылда 4 миллионға жуық жәндік жейді.

Аққу: Құс сұлуы аққумын, Табиғат көрік сыйлаған. Сұлулықты паш етіп, Ақындар талай жырлаған. Мылтығын кезеп еш мерген, Атуға көзі қимаған.

Үкі: Үкі едім түнде ұшып қалықтаған, Құртудан зиянкесті жалықпаған. Үкімді үлпілдеген киелі деп, Бұрыннан-ақ адамдар тағып алған.

Жапалақ: Мен жапалақ қалыспаймын жарыстан, Қорегімді іздеймін мен алыстан. Іннен басын қылт етсе-ақ тышқанның, 150-ін әр ай сайын жанышам.

Тоқылдақ: Құртты іздеп інінен, Қарағайды үңгіген. Тоқылдақ – құс дәрігер, Қашанда ол әбігер.

Көгершін: Бейбітшілік құсы менмін-көгершін, Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін. Аспан тұнық, шат көңілді болайық, Ақ ниетті адал жандар көбейсін.

Көрініс: Балалар құстар әлемінен тамаша ертегі әкелдім, жақсылап тыңдаңдар. Автор: Ертеде бір бұлбұлдың балапаны болыпты. Балапан өсе келе мінез шығарады. Бірде ол: -Неге ұяны жерге емес, басқа құстардай биікке салмайсыңдар? Неліктен алып құстардай ірі болмайсыңдар? – деп ата-анасының мазасын алады. Оны естіген ата бұлбұл: -Саңқылдап сұңқар, қарқылдап қарға, тыраулап тырна бола алмайсың, шырағым. Ақылың болса өз сәніңмен, өз әніңмен ата жолын жалға,-деп өсиет айтады. Ерке бұлбұл ата сөзіне құлақ аспайды. Өзінің қандай құс екенін білмейтін ол әсем дауысымен баурап алар серік іздеп, ұясын тастап ұшып кетеді. Ерке бұлбұл құстар әлемін ұзақ аралайды. Сөйтіп ерке бұлбұл қарғаға кездеседі.

Бұлбұл: Тамылжып, бұлағын тасытқан, Әсем ән құйқылжып қиырдан. Елжіреп жүрегің, еркіңді баулиды, Ән тыңда ерке құс бұлбұлдан. -Қарға: Қарға, қарға қарғалар Қар үстінде жорғалар. Боран соқса қар болар, Бұтаға келіп қорғанар. Мен қарғамын, қарғамын. Көп қой менің арманым Қарқ-қарқ, келе ғой бұлбұлжан Маған серік бол. Бұлбұл: Қап-қара, даусы қандай жаман еді. Ұнамайды маған (қарғаға) Автор: Сөйтіп ерке бұлбұл ұшып жүріп сауысқанға кездеседі. Бұлбұл: Тамылжып, бұлағын тасытқан, Әсем ән құйқылжып қиырдан. Елжіреп жүрегің, еркіңді баулиды, Ән тыңда ерке құс бұлбұлдан. Сауысқан: Селк етіп сырт дауыстан, Шықылықтайды, сауысқан. Бір томардан томарға, Секең-секең ауысқан. Сауысқанмын саңқылдаған, Қонақжаймын аңқылдаған. Келе ғой, бұлбұлжан Маған серік бол. Бұлбұл: Қалай дауыстайды, даусы нашар екен ұнамайсың маған (сауысқанға) Автор: Сөйтіп ерке бұлбұл ұшып жүріп қарлығашқа кездеседі. Бұлбұл: Тамылжып, бұлағын тасытқан, Әсем ән құйқылжып қиырдан. Елжіреп жүрегің, еркіңді баулиды, Ән тыңда ерке құс бұлбұлдан. Қарлығаш: Қос қанатын иіп-ап Жарға келіп қонады. Қара киім киіп-ап Балшықтан үй соғады. Қарлығашпын қалықтаған, Ұшудан ешбір жалықпаған. Келе ғой, бұлбұлжан Маған серік бол Бұлбұл: Өз шамаңа қарасаңшы, құйрығың неге айыр, ұнамайды маған (қарлығашқа)

Автор: деп ұша жөнеледі. Қанша құстардың сан алуан түрлері мен тіршіліктерін көреді. Бірақ жүрегіне жақын үн, жанына жайлы ұя таба алмайды. Шаршап-шалдығып өз ұясына оралады. Балапанын көріп қуанған ана бұлбұл құбылтып ән салады. Сазды әуенімен табиғат тамсанады. Ән тербеген ерке бұлбұлдың бойы балқып, ұйқыға кетеді. Ертеңіне таңмен бірге оянып:

Бұлбұл: Туған жерім – қымбат мекен, Өскен ұям ыстық екен. Бұлбұл үні-өз тіліме, Ешбір әуен жетпейді екен,- Автор: -деп сан алуан ырғаққа салып сайрайды. Ерке бұлбұлдың сазды әуенін барлық құстар қызыға тыңдайды. Осы күннен бастап әнші бұлбұлдың даңқы бүкіл әлемге жайылады.

13 бала: Орманға бара жатқандар, Аңшылық дәмін татқандар. Өтінем тілек бәріңнен, Қанаттыны қақпаңдар. Көктемде құсты атпаңдар, Кішкентай әнді сақтаңдар.

14 бала: Біз қамқоршы баламыз, Құстарға ұя саламыз. Жем-су беріп үнемі, Балапанын бағамыз.

15 бала: Құс ұясын бұзбайық, Жұмыртқасын алмайық. Обалына қалмайық, Әдейі көздеп атпайық.

16 бала: Тас атқылап торғайды, Қуалауға болмайды. Қамқор болып құстарға, Барлық адам қорғайды.

17 бала: Бағыңда құстар сайрайды, Тазарып орман жайнайды. Құстарды қорға балақай, Өкініш одан болмайды.

Тәрбиеші: Балалар, құстар жөніндегі сұрақтарға жауап берейік.

1.Құстың мекені не? (Ұя) 2.Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін) 3. Қандай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек) 4. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)

Ал, енді құстарға арналған жұмбақтар бар. Кімнің ойы ұшқыр болса, жұмбақты тез шешеді.

Көлдің көркі, сәні екен. Ұшқанда сазды ән екен. Ақындар оны мақтаған, Адамдар қорғап, сақтаған. Бұл қай құс? (Аққу)

Шарлап келіп даланы, Үйіме үйін салады. Бұл қандай құс? (Қарлығаш) Өзі сақ, өзі ұсақ, Шықылықтап тұрмайды. Құйрығы ұзын, өзі ала. Бұл қандай құс? (Сауысқан) Көктемде құстар келгенде, Ең алдымен келетін. Өзіміз күтіп алатын. Ұя жасап беретін, Бұл қандай құс балалар? (Қараторғай) Ән: Біз өмірдің гүліміз Қорытынды: Құстардың маңызы өте зор. Сондықтан әрқашанда қанатты достарымызға қамқор болайық деп бүгінгі «Құстар - біздің досымыз» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
3318
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі