400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Құстар біздің досымыз Торғай»

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстарға қамқорлықпен қарауға, көмек бере білуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бірінші кіші «Айналайын» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.


Тәрбиеші:Муканова Д.Д.

Күні: 17.01.2019ж.

Білім беру саласы: Таным. Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Қыстайтын құстар»

Тақырыбы : «Құстар біздің досымыз Торғай»

Мақсаты: Балаларға дала құстары туралы түсінік беріп, оның ішінде торғаймен жақын таныстыру..

Тәрбиелік:

Оқыту: Құстарға қамқорлықпен қарауға, көмек бере білуге үйрету

Дамытушылық : Сурет бойынша тілдік қорын жетілдіру, есте сақтау қабілетін дамыту

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ жауап, әңгімелесу,ойын.

Ресурстармен қамтамасыз ету: үй құстарының суреттері торғайдың, тауық, әтеш, балапан жұмыртқаның суреті.

Сөздік жұмыс: үй жануарлары деген сөздің мағынасын ашу.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Үнтаспа тыңдату. Үнтаспадан үй құстарының дауысын тыңдату.

2 Негізгі бөлім. -Балалар, сендер қандай құстардың дауысын тыңдадыңдар?

-Бұл құстардың дауысы екен.

-Бұл құстардың дауысы екен.

Суретпен жұмыс.

Біз құстарды екі топқа бөлеміз.

-Суретте қандай құстар бейнеленген? Үй және дала құстары

-Торғай, қарға, қарлығаш- осылардың бәрін сөзбен құстар деп атаймыз.

-Кәне, бәріміз айтайық.

-Иә, балалар, құстар- біздің досымыз. Құстардың адамдарға, табиғатқа пайдасы өте зор.

Құстар зиянкес жәндіктермен қоректенеді. Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз? -ұя жасаймыз, су береміз, жем шашамыз

Құстардың жылы жаққа ұшуы, көктемде қайтып келуі, ұя салуы, балапан басуы туралы айтып келіп, құстардың бірі- торғайға тоқталады:

-Торғай- кең далада тіршілік ететін әнші құс. Денесі сопақша, басы дөңгелек, тұмсығы үшбұрышты, қанаты ұзы, сұрғұлт, боз түсті болып келеді.

Сергіту сәті.

Нан қиқымын шашпандар,

Жерде жатса баспандар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастандар.

Тыйым сөздер.

Құстың ұясын бұзба.

Құсқа тас лақтырма.

«Ұшты- ұшты» ойыны.

Шарты: Тәрбиеші: «Ұшты- ұшты»,- деп айтса, балалар қолдарын жоғары көтереді, ал «Ұшты- ұшты»,- деп заттың аты айтса, балалар қолдарын көтермеуі тиіс.

3. Қорытынды: -Балалар, құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?

-Торғай қандай құс?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
713
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі