400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құстар-біздің досымыз.Торғай

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстар туралы түсінік беру.Торғаймен жақын таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Еркетай» I – кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлім: Жаратылыстану
Күні: 17.10.2016 жылы

Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз.Торғай

Мақсаты: Балаларға дала құстары туралы түсінік беріп, оның ішінде торғаймен таныстыру.

Міндеттері:

  1. Суреттер бойынша тілдік қорын жетілдіру.

  2. Еесте сақтау қабілетін дамыту.

  3. Құстарға қамқорлықпен қарауға, көмек бере білуге және табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтар: құстардың суреттері, тарапта материалдар, мольберт.

Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу, жылулық шеңбері, шаттық шеңбері.

Сөздік жұмыстар: құстар, торғай.

Билингвалдық компонент: құстар – птицы, торғай – воробей

Тәрбиешінің сөзі:

Қане, қане тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық.

Балаларды "Жылулық шеңберіне" тұрғызып,

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуана бер, достарым,

Арайлап атқан таңға.

Тәрбиеші:

Балалар сендер ненің дауысын естіп тұрсыңдар?

Балалардың сөзі:

  • Иа, дұрыс айтасыңдар. Бұл құстардың дауысы екен.

Тәрбиеші:

Суретте қандай құстар бейнеленген?

Торғай, қарға, қарлығаш – осылардың бәрін бір сөзбен құстар деп айтамыз.

  • Иә, балалар, құстар – біздің досымыз. Құстардың адамдарға, табиғатқа пайдасы зор.

Тәрбиеші:

  • Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?

Балалардың сөзі:

  • Құстарға біз ұя жасап береміз, жем береміз.

Тәрбиеші:

  • Құстардың ішінде қыстан қорқатыны, қорықпайтыны болады. Бүгін біз осылардың ішінде торғаймен жақынырақ танысамыз.

Торғай – кең далада тіршілік ететін әнші құс. Денесі сопақша, басы дөңгелек, тұмсығы үшбұрышты, қанаты ұзын, сұрғылт, боз түсті болып келеді.

Жаңа сөздермен таныстыру:

Торғай – воробей

Осы сөздермен балаларды таныстырып, «қатты, орташа, баяу» екпінмен қайталатамын.


Сергіту сәті:

Торғай, торғай, торғайсың,

Жақын келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.


Тіл ұстарту жаттығулары:

Ай – ай – ай,

Ұшып жүр торғай,

Ай – ай – ай

Жайылып жүр тай.

Үлестірмелі материалмен жұмыс:

Балаларға қарға, қарлығаш, торғайдың суреті беріледі. Балалар осылардың ішінен торғайдың суретін тауып береді.

Тапқан торғайды жасалған ұяға орналастырады.

«Ұшты, ұшты» ойынын ойнатамын.

Ойыннның шарты: «Ұшты, ұшты» деп құстардың аты аталғанда, балалар қолдарын көтереді. Ал заттың атын айтсам, қолдарын көтермейді.

Қорытынды.

Тәрбиеші: - балалар, біз бүгін біз не жайында әңгімелестік?

Балалар: - Құстармен таныстық.

Тәрбиеші: - Құстардың ішінде қай құспен жақынырақ таныстық?

Балалар: - Торғаймен таныстық.

Тәрбиеші: - Торғайдың басы дөңгелек екен, аяғы бар, денесі сопақша, тұмсығы үшбұрышты, қанаты сұрғылт екен.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі