Құстар келді өлкеге
(Ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы)
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айналамен таныстыру. Қол еңбегі.
Тақырыбы: «Құстар келді өлкеге»
Мақсаты: Балаларға құстар туралы, олардың өмір сүру ортасы, құстардың
жерде өмір сүретіндігі мен ауада ұша алатындығы жөніндегі
ерекшеліктері туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру, қол еңбегі
арқылы құстарға қамқор болып ұя жасауға үйрету.
Керекті құралдар: Құстардың қайда өмір сүретіндіктері туралы кесте. 1)Ауылдың суреті, 2)Қала суреті, 3) Таудың, даланың суреті, құстардың суреттері, шитен, ағаш ұя, сазбалшық, тақтайша.
Техникалық құрал: үнтаспа
Әдіс-тәсілдер: серуен, түсіндіру, көрсету, жаттау.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Тәрбиеші: Күн анамыз бізге нұрын шашып тұр, бәріміз амандасайық - Хормен: әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені |
Нұрға толы бар аймақ, Күн шыққанда арайлап. Ұйқымыздан тұрғанда, Күлімдейді жан анам. «Қайырлы таң ботам» - деп Қайырлы таң балалар! Қайырлы таң қонақтар! Сәләматсыздарма! |
|
Іздену-ұйымдастырушы |
Құстардың дауысы жазылған фонограмма қойылады. -Балалар бұл нелердің дыбысы? -Балалар сендерді аналарың құстардың атына байланысты қалай еркелетеді? -Балалар енді орнымызға отырып оқу іс-әрекетімізді бастаймыз. -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінің айларын атаңдар? -Көктем мезгілінің ерекшеліктерін білесіңдер ме? -Балалар бүгін құстар туралы әңгімелесеміз. Таңғажайып сәт. Көгершін ұшып келеді. -Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен бейбітшілік құсымын. Бар әлемге тыныштық тілеймін. Сендерге тапсырмалар алып келдім. ●Қандай қыстайтын құстарды білесіңдер? ●Жыл құстарын атап беріңдер. Көктемде құстар жылы жаққа ұшып келеді. Мұндай құбылысты көшіп-қону, миграция деп атайды. ●Құстар суреттерін атап, мекен ететін ортасына тақтаға орналастырады және құс туралы мәлімет айтып береді. ●Лабиринт «Қайсысының тұмсығы» Тәрбиеші: -Балалар құстардың тұмсықтары бірдей болмайды. Жәндіктермен қоректенетіндердің тұмсығы біз сияқты үшкір болады. Дәндермен қоректенетіндердің тұмсығы қысқа және жалпақтау (қалақ) тәріздес, доғал және қысқа (торғайда), жалпақ және ұзын (үйректе), жыртқыш құстардың тұмсығы етті жұлып жеу немесе тістеп тасуға қолайлы имек өткір болады (үкі, бүркіт) Сергіту сәті: Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Көкке қолды созамыз, Құстай қанат қағамыз. Қарлығаш боп ұшамыз, 1-2-3 жаттығуды жасаймыз. ●Тәжірибе жасау Мінекей мынау жұмыртқа, құстар жұмыртқа арқылы көбейеді. Ал мынау қауырсын және мамық ●Құстар туралы кім қандай тақпақ біледі. Құстарға ұя жасап берелік Құстарды өз ұяларына орналастырады. |
-Бұл құстардың сайраған дыбысы -Менің анам көгершінім, -Менің анам қарлығашым, -Менің анам балапаным, -Менің анам аққуым-дейді. -Көктем мезгілі -Наурыз,Сәуір,Мамыр. -Көктемде күн жылынып, қар ериді. -Айналаның барлығы өзгеріске түсіп табиғат көркейеді. -Көктемде ағаштардан бүршік шығады. -Көктемде жыл құстары ұшып келеді. -Қарға, көгершін, торғай, сауысқан. - Ұзақ, қараторғай, қарлығаш, тырна, шағала, көкек, аққу, құтан, ләйлік. Ең алғаш ұшып келетін құс ұзақ, қарғадан сәл кішілеу, егер ұзақ ұясын биікке салса жаз жылы, шуақты болады, ал егер де төменге салса онда жаз салқын, жаңбырлы болады деп болжайды. Қараторғай ұясын үй жайдың қасына салады, шегірткемен қоректенеді, егіс алқабының өсуіне көмектеседі. Қарлығаш кімнің үйіне ұя салса сол үйге бақыт келеді деп, көне көз қариялар киелі құс деп санайды. Олар ұсақ шыбындармен қоректенеді, үнемі ауада ұшып жүреді. Ләйлік биікке ұя салатын ірі құстардың бірі, ұсақ жәндіктермен, өсімдіктермен қоректенеді. Тырна көктемде ұшып келген кезде ауыл қариялары егін егуге уақыт болды деп болжайды, ұзын аяқты біз тұмсықты ірі құстардың бірі, ұсақ жәндіктермен, өсімдіктермен қректенеді. Торғай кішкентай құстардың бірі, дәнді-дақылдармен қоректенеді. Аққу ірі денелі, суда тіршілік ететін құс, олар үнемі жұптасып өмір сүреді, өсімдіктермен ұсақ балықтармен қоректенеді. Балалар құстардың тұмсықтарын тауып сызық арқылы қосады. Сергіту сәтін орындайды. Балалар жұмыртқаларды салыстырады. Қауырсын қанатта болатындығын ұстап көреді, мамық құстардың денесінде болатындығын меңгереді. 1-бала: Торғай, торғай тоқылдақ, Жерден тары шоқып ап. Бөтекесі бұлтиып Шиық,шиық десіп отырады 2-бала: Ала қанат сауысқан Құртты көрсе жабысқан Бір томардан томаға Секең-секең ауысқан. 3-бала: Тырау-тырау тырналар, Жем іздесең қырға бар. Егін жайда масақ бар, Тырбаңдаған құр қалар. 4-бала: Ақ шаңқан шағала, Айдында жағада. Шарқ ұрып жүреді, Жүзе де біледі. Барлығын қалаған Ұшып кеп, іледі. Е.Өтетілеуұлы 1топ: Ағашты желімдеу арқылы қараторғайға ұя жасайды. 2топ:Шитеннен ұя жасайды. 3топ:Саз балшықтан қарлығаштың ұясын әдемілеп жасайды. -Қараторғайды өз ұясына -Қарға, ләйлік, аққуды шитен ұяға -Қарлығашты өз ұясына |
|
Рефлексивті коррекциялаушы |
-Құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар? -Көрдіңдер ме, балалар жер шарын қаншама құстар мекендейді. Бәрінде қанат бар, денесі қауырсындармен жабылған оларды бір сөзбен «Құстар» деп атайды. Ақ көгершін балаларға сыйлыққа жұмыртқалар үлестіріп береді. |
Құстар табиғаттағы зиянды құрт-құмырсқаларды жояды. |
|
Күтілетін нәтиже. Білуі: ● Құстар туралы, олардың өмір сүру ортасын ажырата білу керек. ● Құстардың жерде өмір сүретіндігі мен ауада ұша алатындығы жөнінде түсінеді. Меңгеруі: ● Суреттердегі құстардың ерекшеліктеріне әңгіме құрастыра білу. ● «Құстар» деген сөздің мағынасын меңгереді. Жасай алуы: ● Берілген тапсырмаларды орындайды. ● Құстардың суреттерін мекен ететін орындарына орналастырады. ● Құстарға ұя жасап береді. |
||
13 маусым 2014
11276
0
0
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті қоршаған ортамен таныстыру
Лексикалық тақырып: «Құстар әлемі»
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Үй құстары»
Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін кеңейту.
Тіршілік ету ортасын, қоректенуі туралы мағлұмат беру.
Құстардың мекені туралы тоқталу, ұясының шатыры үшбұрышты, төмені
тік төртбұрышты болатындығын, оны ағаш бұтасына ілетіндігі туралы
мағлұмат беру. Құстардың орналасуын бақылау арқылы, кеңістікті
бағдарлай білуін жетілдіру. Құстарды жем шашып қамқорлауға, оларды
ұя жасап қарсы алуға, ағаштарды сындырмауға, құстарды атпауға
тәрбиелеу.
Түзете – дамыту мақсаты: Балалардың ұмақ қол моторикасын, жалпы
қимыл – қозғалыс белсенділігін жетілдіру. Сөздік қорын молайту,
байланыстырып сөйлеу белсенділігін арттыру. «Бұл қай құс?» ойыны
арқылы баланың есту қабілеті, ойлау қабілеттілігін, зейін
тұрақтылығын дамыту.
Сөздік жұмыс: үй құстары, тауық, әтеш, үйрек, қаз, балапан т. б
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, тілдік жаттығу, мультимедиалық
проектор арқылы бейне слайдтар, жұмбақ шешу, «Қандай құстың даусы?»
фонематикалық дыбыстық ойын.
Дефектологтың іс - әрекеті
Тілдік қимылдық жаттығу.
Ауыл маңы саз – саз - саз,
Жайылады қаз - қаз - қаз
Жем шашсаң мәз - мәз - мәз
Тоймай қалса қаз – қаз – қаз
Шашқан дәннің аз – аз – аз.
Шеңбер бойымен жүріп біртіндеп орындыққа отырады.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде айнала қандай өзгерістерге ене бастайды?
Көктемде құстар не істейді?
Құстарға біз не жасаймыз?
Дала құстарының қандай түрлерін білесіздер?
Дала құстары қайда мекендейді екен?
Олар немен қоректенеді?
Ал, біз бүгін үй құстары туралы әңгімелейміз. Кім айтады үйде
қандай құстар тіршілік етеді?
Мынау тауық ол көлемі жағынан кішілеу, үсті толы қауырсын, бас
бөлігінде екі көзі, тұмсығы, айдары бар, кеуде бөлігінде екі қанаты
бар, бірақ көп биікке ұша алмайды, мынау екі аяғы, ол қыт - қыт деп
дауыстайды.
Мынау әтеш, оның құрлысы да тауықпен бірдей болып келеді, ол ку -
ка - ре - ку деп дауыстайды.
Мынау үйрек ол кря - кря деп дауыстайды.
Мынау қаз ол өте маңғаз, жай жүреді кря - кря деп дауыстайды. Мынау
балапан ол өте мамық әрі жұмсақ болады, түсі сап - сары болады.
Үй құстарының адамдарға тигізер пайдасы өте көп, олар жұмыртқа
береді, жұмыртқадан түрлі дәмді тағамдар пісіруге болады.
Үй құстарының сыртқы құрылысына қарап ажыратып айтуға болады.
Дид. ойын «Қандай құстың даусы?»
/ магнитофон арқылы түрлі құстардың сайраған дауыстарын
кезектестіре жібереді/.
Үй құстарын адамдар қамқорлық жасап баптап күтеді, оларға жем, су
береді, ауласын тазалайды. Құстардың мамық жүндерін – қауырсын
дейміз, қауырсыннан жастық/көпшік/ жасайды, шынайы жастықты
көрсету.
«Бұл қай құс?» дид. ойын
Үй құстарының суреттерін жеке балаларға тарату жоғары төмен, оң -
солға орналастыру.
Үй құстарының саңғырығын егістіктерде тыңайтқыш ретінде
пайдаланады.
Қандай үй құстарын білесіңдер?
Әтеш қалай дауыстайды?
Үй құстарының сыртқы құрлысын ата?
Үй құстары немен қоректенеді?
Үй құстарының адамдарға қандай пайдасы бар?
Құстың қауырсынынан не жасайды?
Жұмыртқадан не пісіруге болады?
Қандай ойын ойнадық?
Бүгінгі оқу іс – әрекетіне барлығыңда жақсы қатыстыңдар,
рахмет.
Начало формы
|
|
|
Конец формы
Құстар - біздің достарымыз
Жарияланды 26-09-2014, 00:23 Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Құстар – біздің достарымыз.
Мақсаты: Құстар туралы мәлімет беру, тақырып бойынша сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік: Қазақстанда мекендейтін құстар туралы балалардың
білімін қалыптастыру. Ауызекі сөйлеу, сөйлесу дағдыларын жетілдіру,
толықтыру.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой
түйіндеуге. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Ой - өрісін кеңейту.
Танымдық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Елімізге, оның табиғатына, құстарына деген сүйіспеншілік
сезімін арттыра отырып, мемлекетіміздің табиғатын, құстарын
қорғауға, қадірлеуге баулу.
Көрнекілік: Құстардың суреттер, үлестірмелі материалдар, көрнекілік
топтамалар - слайд
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, шаттық шеңбер, әңгімелеу, ойын,
тақпақ. Сын тұрғысынан ойлау.
Мотивациялық ұйымдастырушы:
Шаттық шеңбері
шеңбер болып тұрайық.
Әлемде Нұр тыныштық.
Әрбір бейбіт күн ыстық!
Қайырлы таң, балалар!
Жарқырайды қаламыз.
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң апайлар.
Балалар:
Шеңбер бойына тұрған балалар қимыл - қозғалысты жасай отырып
амандаса білді
Іздену ұйымдастырушы:
Табиғат - ол анамыз,
Табиғатқа баламыз,
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Бұл өлеңде не туралы айтылған?
Балалар: Табиғат
- Табиғат дегенге нені түсінеміз?
- Жер су, ағаштар, гүлдер, бізді қоршаған орта.
- Иә қараңдаршы балалар, қандай әсем табиғат. Біз мұнда нені көріп
тұрмыз?
Балалар: Ағаштарды.
- Ағаштардың түсі қандай?
- Жасыл.
- Қандай ағаштарды білесіңдер?
- Терек, шырша, жидек, алма ағашы. т. б
- Ағаштардың қандай пайдасы бар?
- Ауаны тазартады, көлеңке болады, үй салады.
- Табиғаттағы тіршілік иелері бір - бірімен байланысты, бір -
бірімен дос болуы керек.
Ағаштардың досы кім?
- Адамдар, біз.
- Ағаштарды жұлып, сындырмауымыз керек.
Күтіп аялауға тиіспіз.
- Ағаштардың тағы қандай достары бар?
- Құстар ағаштарға дос, олар құртарын теріп жейді.
Құстар біздің досымыз екен.
Құстарды үй құстары, дала құстары деп екіге бөлеміз.
Үй құстары қысы - жазы үйде мекендейді. Олардың қорегін адамдар
береді, сол себепті үй құстары деп аталады.
Үй құстарын атаңдар кім біледі?
Дала құстары өз қоректерін өздері тауып жейді, жыл құстары жыл
мезгіліне сай келіп, кетіп жүреді. Қандай дала құстарын
білесіңдер?
Сауысқан, Қара торғай, Қарлығаш, Бүркіт
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Жарияланды 12-01-2014, 04:38 Категориясы: Мектепалды дайындық
Тақырыбы: Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі.
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелігімен таныстыру. Қыс кезіндегі
құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық
жасауға
деген белсенділіктерін арттыру. Табиғатты аялауға баулу.
Көрнекілігі: суреттер, құстардың суреттері, қысқы ағаш, орманшы
атай, үнтаспа.
Жүрісі:
Жылулық шеңбері.
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, жер ана,
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Әңгімелесу.
- Қандай жыл мезгілін білесіңдер? Кәне, атап шығайық.
- Қыс, көктем, жаз, күз.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
- Күзде табиғатта қандай өзгешеліктер болады?
- Күзде күн салқындап, аспанды бұлт торлап, жиі – жиі жаңбыр
жауады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түсе бастайды.
Шөптер де сарғайып, қуара бастайды. Адамдар жылы киімдерін киеді.
Құстар да жылы жаққа ұша бастайды.
- Есімізге түсіріп көрейік. Құстардың қандай түрлері болады?
- Үй құстары және дала құстары.
- Үй құстарына қандай құстар жатады?
- Әтеш, үйрек, қаз, тауық, күркетауық.
- Ал дала құстарына қандай құстар жатады?
- Қарлығаш, көгершін, торғай, шымшық, сауысқан, қарға, бүркіт,
аққу, үкі, жапалақ.
- Күз түсіп, күн салқындағанда, кейбір құстар жылы жаққа ұшып
кетеді деп айттыңдар. Оларды жыл құстары деп атаймыз. Жыл құстары
суыққа төзімсіз болып келеді. Ал, енді жылы жаққа ұшпай, өлкемізде
қыстап қалатын құстарды отырықшы құстар дейміз.
- Қыста күн салқындап, қар жауады. Айналаны аппақ қар басады. Кейде
мінезін көрсетіп, қар жапалақтап жауып, ұйытқыған боран да борайды.
Қыста өсімдіктер, ағаштар өспейді. Олар көктемге дейін ұйқыға
кетеді. Тек шырша ғана жасыл күйінде қалады.
Әліппе – дәптермен жұмыс.
Т. Молдағалиевтың қыс туралы өлеңін оқып беру:
Ағаштардың жапырағын
Ашулы жел тонайды.
Ақ жамылған атырабым
Қар борайды, борайды.
Сұрақтарға жауап алу:
- Өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған?
- Қыста күн қандай болады?
- Қар қалай жауады?
Сурет бойынша әңгіме жүргізу:
Қыс, құстардың қысқы тіршілігі туралы бейнеленген суреттер арқылы
балаларға құстардың азығы, олардың немен қоректенетінін әңгімелеу.
Адамдардың құстарға жасайтын көмектері туралы мағлұмат
береді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Құстар келді өлкеге»

шағым қалдыра аласыз