400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құстар музыка ашық іс әрекет

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық іс әрекет ортаңғы топ балаларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №23«Балдырған» бөбекжай бақшасы КМҚК















АШЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІ

Ортаңғы "Нұрбөбек" тобы

Тақырыбы: «Құстар біздің-досымыз»

Музыка жетекшісі: Шамшатова Ақсәуле Серікбайқызы




























2023-2024 жыл

«БЕКІТЕМІН»

№23«Балдырған» бөбекжай бақшасы КМҚК

Басшысы: _______ Әбдірашова А.Т.



Ортаңғы "Нұрбөбек" тобы



Күні: 22.04.2024ж





Ұйымдастырылған іс-әрекет

Тақырыбы: «Құстар біздің-досымыз»

Міндеттері: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Әуенді құстар арқылы әнді әуенімен үйрету.Музыканың сипатын сезінуге үйрету. Таныс шығармаларды білу,тыңдалған музыкадан алған әсерлері туралы әңгімелеу. Музыкалық шығарманың мәнерлі құралдарын байқауға үйрету.


Балалар көңіл күйлерің қандай?

Балалар: Керемет



Жетекші: Жарайсыңдар балалар! Балалар ненің дауысын естіп тұрсыңдар?

-Құстардың

Дұрыс айтасыңдар бабалар. Жылы жаққа ұшып кеткен құстарымыз көктем келіп күн жылынған соң қайта ұшып келіпті.

Балаларға құстарды таныстыру.




-Балалар мен сендерге қызықты ойын дайындап қойдым ойнайсыңдарма?

Дидактикалық ойын: «Анасын тап»

-Қимылды ойын «Торғай»

Кіп-кішкентай торғай

Көкке ұшты қалықтай

Қалықтаудан шаршама

Қоншы келіп бақшама

Кіп-кішкентай торғай

Жерге қонды қалықтай

Дәнді шоқып алады

Көкке қанат қағады.



Ән айту: «Құстар» Н.Оразбаева

Құстар қонды ағашқа

Қарады ол жан-жаққа

Жемді шашсам жейсіңбе

Ұшып кетпейсіңбе

Дос болайық екеуміз

Ән салайық екеуміз





-Жарайсыңдар балалар!

Қимылды ойын: «Әтеш»

Тік ұстап арқаны басты көтеріп

Адымдап жүреміз ауланы кезіп

Тізені көтеріп,аяқты созып

Әтештей жүреміз алдыға озып

Басында айдары қандай тамаша

Шақырады әтеш таңмен таласа

Ұйқыдан оятар ертеменен кеп

Дауыстап шақырар ку-ка-ре-ку




-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?

-Ұнады

Қандай ән үйрендіңдер?

-Құстар әні

-Олай болса балалар құстар сияқты қолымызды кеңінен жайып әуенмен тобымызға қайтайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 тамыз
346
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі