Құстар неге сөйлей алмайды?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құстар неге сөйлей алмайды?

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстар неге сөйлей алмайды?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құстар неге сөйлей алмайды?


 Ерте заманда адамдар мен құстардың достығы мықты болыпты. Құстар адамдардың тілін түсіне алатын болған екен.

   Биік тауда бүркіт өмір сүріпті. Бір күні бүркіттің қарны ашып, аулайтын аң аңдып отырады таудың биік шыңында отырып. Бірақ ештеңе табылмайды. Күннің көзі бүркіттің көзіне түсіп, ол ұйықтап кетіпті. Біраздан соң құстың қанатының даусынан оянып кетеді. Қараса, қаршыға жемтігін аулаған екен. Сөйтіп келесі бір төбешікке барып жейін деп жатыр екен. Оны көрген бүркіт қатты ашуланады да қаршыға отырған төбешікке барып, қаршығаны шұқып тастауға аз қалады.

   Қаршыға қорықпастан:

   — "Бүркіт, саған не болған дікеңдеп? Дұрыстап сұрасаң саған да беремін ғой еттен” дейді. Сонда бүркіт:

   — "Маған сенің қонақжайлылығың керек емес. Жай сенің өліп қалған аңды қалай жейтініңді көрейін деп келдім” дейді. Бірақ етті көріп көзі қызып барады.

   Оның сөзіне қаршыға күледі де:

   — "Егер бұл аң өліп қалған болса, онда сен күні бойы не қарап отырдың?”. Бұл сұраққа көңіл-күйі түсіп кеткен бүркіт:

   — "Мен бұл аңды көрмедім. Мен бұны емес, бір көзіммен қоянды, екінші көзіммен елікті аңдып отырған едім. Сен олардың етін жей алмайсың ғой. Же алдыңдағы етті, сасып кетпесін” деп жауап қайырады.

   Бүркіт пен қаршыға бір-бірімен қатты ұрысып қалады.  Екеуінің шуын естіп қалған барлық құстар жиналады. Құстар Құстандың занын сайлауды ойластырады. Сол хан ұрысты шешіп беруі керек болады.

   Құстар шықылдап, шулап кетеді. Барлығының хан болғысы келеді. Сол кезде Бүркіт алға шығып:

   — "Мен сендерге хан болу керекпін. Менен де биікте самғап ұшатын ешкім жоқ” дейді. Бірақ оған құстар келіспей: "Жоқ, керек емес! Сен өте тәкәппарсың. Сол себептен де биік құзда өмір сүресің” деп қарсы болады.

   Жарқанат шығып:

   — "Менің хан болғым келеді. Менің қанатым сендердікіндей жүннен емес теріден. Алыстағыны естіп қоямын”. Бұған көкек келіспей қояды:

   — "Жарқанаттың хан болуы мүмкін емес. Құстарға ҚҰСПЫН дейді, аңдарға АҢМЫН дейді. Оның үстіне түні бойы ұйықтамай ұшып жүреді де бізге ұйқы бермейді. Сендер үшін менен жақсы хан болмайды. Менің салған әніммен бүкіл жер беті және жасыл желек құлпырады”.

   Көкектің де сөзіне құстар келіспей қояды да былай дейді: "Көкек бізге хан болмайды. Ол өзінің балапандарына қарамай тастап кетеді”.

   Осы кезде құстар арасында үлкен айтыс-тартыс туды. Әрбір құс өзін хан қылып сайлауды ұсынды. Құстар қатты шулап кетеді. Мұны естіп жоғарыда талдың басында сиқыршы қара қарға отырады. Ол:

   — "Ақыры бір-біріңмен тіл табыса алмайды екенсіңдер, онда сөйлемей-ақ қойыңдар. Барлығының хан болғысы келеді” дейді. Сол кезден бастап құстар адам сияқты сөйлеуден қалады.

   Міне, құстардың ауызбіршілігі болмағандықтан барлығы бірдей сөйлей алмай қалыпты.



































































ҚҰСТАР НЕГЕ СӨЙЛЕЙ АЛМАЙДЫ?

 

1. Бүркіт қайда өмір сүрген?

А. Таудың етегінде.

В. Биік шыңның басында.

С. Таудың басында.

Д. Орман ағаштарының басында.

 

2. Бүркіт неге таудың ең биік шыңында отырды?

А. ұйқысы келді

В. қарны ашты

С. дем алды

Д. аң аулады

 

3. Кенеттен бүркіттің көңіл-күйі неге өзгеріп кетті?

А.Ет жеген қаршығаны көрді

В. Қатты қарны ашып тұр

С. Құстар мазасын алды

Д. Аңшы оны атпақшы болды

 

4.Қаршыға бүркітке қарап неге күлді?

 

1__________________________________________________________________________________________________________________

5. Екеуінің шуын естіп қалған барлық құстар жиналып, не ойластырады?

А. Оларға қарап күлді де ,ұшып кетті

В.  Дос болыңдар деп, ақыл айтты

С. Құстардың ханын сайлауды ойластырды

Д. Ештеңе де айтпады

 

6.Құстар  ақылдасып, ұрыстың шешімін қалай шешпекші болды? Барлығының хан болғысы келеді. Сол кезде Бүркіт алға шығып:— “Мен сендерге хан болу керекпін. Менен де биікте самғап ұшатын ешкім жоқ” дейді. Бірақ оған құстар келіспей: “Жоқ, керек емес! Сен өте тәкәппарсың. Сол себептен де биік құзда өмір сүресің” деген қарсылығына қалай қарайсың?  Бүркіт хан болуға лайық па?Қай құсты хан болуға лайық деп ойлайсың?

  2_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

7.  Мәтіннен мен хан болуға лайықпын деп өзіне жақсы сипаттама берген бір құс туралы сөйлемді тауып көшіріп жаз.

 

 1

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

8.Құстардың дауы қалай тоқтады? Өзің қалай шешер едің?

  2

__________________________________________________________________

9. Құстардың ханы болу оңай ма? Неге «иә» немесе «жоқ» БІР мысал келтір.

 

 

1_________________________________________________________________________________________________________________

 

10. Бүркіт қандай құс қалай ойлайсың? Оның жасаған істеріне қарап,  айқындайтын  ЕКІ мысал келтір .

  3____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

11. Ойланып көр, өмірде осы оқиғадағы құстарға ұқсайтын адамдарды кездестірдің бе?

 

БІР немесе ЕКІ мысал келтіріп көр.

  3_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2025
82
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі