жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Құстар қайда қыстайды?"
ҰОҚ. Тақырыбы: Құстар қайда қыстайды? |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану Оқу ісінің меңгерушісі: З.Жұмабаева |
|||||||
Күні:26.11.2018 |
Педагогтің аты-жөні:Қазыбаева Самал |
|||||||
Сынып:МАД «В» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||
ұоқ-нің оқу мақсаттары: |
0.1.3.3 Қыстап қалатын және жыл құстарды атау. |
|||||||
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар:
|
|||||||
Көпшілік балалар:
|
||||||||
Кейбір балалар:
|
||||||||
тілдік мақсаттар |
Дағдыларды дамыту. «4 бұрыштың стратегиясы (сынау тұрғысынан ойлауды дамыту)» технологиялық тәсілі шегінде болжамдар ұсыну. Болжамдар ұсыну үшін тіректер пайдалану. Балаларға «Неліктен кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді?» деген болжамды айтуға көмектесу. Көптілділік: құс – птица – bird негізгі терминдер мен сөз тіркестері: ауа, су, тағам, болжам, бейімделу, ұшып кету, тұратын жері, мекендейтін ортасы, жыл құстары, қыстап қалатын құстар, үй құстары мен дала құстары талқылауға арналған сұрақтар: Сен құстар туралы не білесің және құстар қайда мекендейді? Не себепті қыстап қалатын құстар деп аталады? Жыл құстары деп аталу себебі неде? Үй құстары мен дала құстарының айырмашылығы неде? |
|||||||
Алдыңғы білім |
Құстар туралы қарапайым түсініктер; жыл мезгілдерін білуі, құстар тіршілігінің жыл маусым- дарына біршама тәуелділігі. |
|||||||
Жоспар |
||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||
I. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут
|
(Ұ)Тағы ҰОҚ басталды, «Бес» алуға аз қалды. Бәрін айтып жасқанбай, Риза қылғын басқаны. Үлгілі де бола біл, Жақсыны сен көре біл! Таңдандырып үй-ішін Жақсылық сыйлап, өсе біл! |
Музыкалық әуен. |
||||||
II. Өмірлік тәжірибені белсендіру. Мақсатты тұжырымдау. 2 – 5 минут |
(Ұ) Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып қойылған суреттерді жинауды және онда бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды (Құстар). Кейіннен ҰОҚ тақырыбы тұжырымдалады: «Құстар қайда қыстайды?». Әртүрлі құстардың суреттері бейнеленген суреттер, пазл- дар ұсынылады. Мен құстар туралы не білемін және осы құстар қандай, қайда мекендейді? Құстардың тіршілігі үшін не қажет және кейбір құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді? Болжамдар:
|
Әртүрлі құстар бей- неленген суреттер. |
||||||
ҰОҚ-нің ортасы III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6 – 25 минут |
(Ұ) суреттер бойынша жұмыс. Әртүрлі құстар бейнеленген суреттер, пазлдар ұсынылады. Педагог балаларға суреттердегі құстарды сипаттап, әңгіме құрастыруларын сұрайды. Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз:
Балаларға табиғатта көрген құстарының қасына дөңгелектерді фишка- мен белгілеп қою ұсынылады. Педагог жылдың қай мезгілінде кейбір құстардың жылы жақтарға ұшып кететінін сұрайды, балалар болжамдап жауап береді. Педагог балаларға кейбір құстардың неге ұшып кететініне болжам жасауға (болжамдар айтуға) көмектеседі. (т) Құстардың неге ұшып кететінінің себебін табу қажет, суреттерді тәртібімен қойып шығу. Педагог балаларға жыл құстарының күннің суып кетуінен ұшып кететіндігінде деген қорытындыға әкеледі. Суық түсуімен құстарға жейтін қоректері болмайтындықтан оңтүстікке қарай ұшып кетеді. Себебі оңтүстік жақтар жылы болады. (Ұ) Өзекті мәселе. Жыл құстары қайда қыстайды? БОЛЖАМДАР. Бақылаушылар бұл жайында құстардың аяқтарына сақина кигізіп білді. (Ұ) Динамикалық кідіріс. (Ұ, т) Бақылау. Жақын жерге саяхатқа шығып қоршаған ортадағы құстарды атау, са- лыстыру, бақылау жасау. Құстардың суреттерін көрсете отырып, олардың аттарын есте сақтауға көмектесу. Көрсетіліп отырған құстардың адамға қаншалықты пайда келтіретінін түсіндіру.
(Ұ) Құстар туралы мақал-мәтелдер айта отырып, оның мағынасын ашу. Мақалдар Аққуды атпа, Досыңды сатпа.
(Ұ) Өзекті мәселе. Құстарымызға қыста тоңып қалмауларына не көмектеседі? (Балалардың болжамдары: олар ұшады, жылынады, олардың қауырсындары жылы, адамдар оларға жем береді…).
(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.
|
Әртүрлі құстар бейнеленген сурет- тер, пазлдар,
Құстардың суреттері. |
||||||
IV. ұоқ-ін қорытындылау. Рефлексия.
26–30 минут |
(Ө) Педагог балаларды қорытынды жасауға әкеледі: Құстарға тіршілік үшін жылу, тамақ, су және ауа керек. Құстар – қанатты жануарлар тобы- на жататын тіршілік иелері. Құстар екі үлкен топқа бөлінеді: үй құстары және дала құстары. Үй құстары: тауық, қаз, үйрек, әтеш, күркетауық. Дала құстары: сауысқан, тырна, қарға, торғай, шымшық т.б. Қыстап қалатын құстар – жылдың маусымдық өзгерістеріне төзімді, жергілікті бір жерде тіршілік ететін құстар. Жыл құстары – суыққа төзе алмай, жылы жақтарға ұшып кететін құстар тобын айтамыз. Рефлексивті бағалау. Педагог балаларды бойөлшегішті кез келген түсті қарындашпен бояп шығуға ұсыныс жасайды:
1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім. 1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіріп бере алмаймын. 1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере ала- мын. |
Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.
|
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген