400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Құстар қайда қыстайды?" жаратылыстану пәнінен сабақ үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп алды даярлық тобы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы : Құстар қайда қыстайды?

Мектеп/МДҰ:


Күні:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

Қатысқандар саны:

Болмағандар:


0.1.3.3. Қыстап қалатын құстар мен жыл құстарды атау

(Ұ) ҰОҚ-ға қолайлы жағдай туғызыңыз. Әртүрлі құстардың суреттері бейнеленген суреттер, пазлдар ұсынылады.

(Ұ) Балаларға мынадай сұрақтар қойылады: Сен құстар туралы не білесің және осы құстар қандай, қайда мекендейді? Не себепті қыстап қалатын құстар деп аталады? Жыл құстары деп аталу себебі неде?

Құстардың ортақ белгілері мен айырмашылықтарын байқап, оларды сипаттай білуге үйрету.

Үлгі сұрақтар:

  • Құстар дегеніміз не?

  • Құстарды неше топқа бөлеміз?

  • Үй құстарына не жатады?

  • Дала құстарына не жатады?

  • Қыстап қалатын құстар дегенді қалай түсінеміз?

  • Жыл құстары дегеніміз не?

Кесілген суреттер, пазлдар.

Интерактивті тақта (суреттер).




Құстарымызға қыста тоңып қалмауларына не көмектеседі?

(Ұ) Құстар туралы мақал-мәтелдер айту. Құстардың суреттерін көрсетіп, олардың атауларын есте сақтауға көмектесу. Көрсетіліп отырған құстардың адамға қаншалықты пайда келтіретінін түсіну.

(Ұ) Жақын жерге саяхатқа шығып қоршаған ортадағы құстарды атау, салыстыру, бақылау жүргізуге болады.

1-бақылау: Құстарды бақылау. Серуен кезінде табиғат аясындағы құстардың тіршілігін бақылау.

Құстар – қанатты жануарлар тобына жататын тіршілік иелері. Құстар екі үлкен топқа бөлінеді: үй құстары және жабайы құстар. Үй құстарына – тауық, қаз, үйрек, күркетауық жатады. Жабайы құстарға сауысқан, тырна, қарға, торғай, шымшық т.б. жатады.

Қыстап қалатын құстар – жылдың маусымдық өзгерістеріне төзімді, жергілікті бір жерде тіршілік ететін құстар.

Жыл құстары – суыққа төзе алмай, жылы жақтарға ұшып кететін құстар.

Балаларға «Неліктен кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді?» деген болжамды айтуға көмектесу.

Балалар берілген суреттер бойынша құстардың түрлерін ажырата білуге үйренеді. Құстардың суреттеріне қарап, атауларын есте сақтауға тырысады. Педагогтің көмегімен балалар топпен жұмыс жасауға ұмтылады.

Музыкалық сүйемелдеу.




(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

(Ұ, т) Құстардың дыбыстарын тыңдату.

Жыл құстарының суреттерін рет-ретімен қойып, құстардың неліктен жылы жаққа ұшып кететін себептерін табу.

(Ұ) Өзекті сұрақ: Жыл құстары қайда қыстайды? (Ұ) Сергіту сәті.

Тәжірибелік жұмыс ұйымдастыру: «Біздің құстарға суықтан қорғану үшін не көмектеседі?»

(Ұ) Қыс түсуіне байланысты Қазақстандағы жыл құстарының жылы жаққа ұшып кетуін білуі.

(Ө) Рефлексивтік бағалау.

Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

Құстардың дыбыстарын тыңдап, ажыратуға үйренеді.

Құстардың суреттерін қарап, табиғатта кездесетін құстарды бақылап сипаттау арқылы педагогпен бірге тәжірибе жүргізеді.

Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну:

Әліппе-дәптер.

Құстардың дыбыстары басылған үнтаспа.

Құстар туралы бейнетаспа.

Әліппе-дәптер.




1-деңгей – ештеңе түсінбедім. 2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

3-деңгей – бәрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
1928
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі