Құстар қайтып барады сценарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құстар қайтып барады сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп тәлімгерлеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құстар қайтып барады

Мақсаты:

1. Құстар тіршілігі туралы түсінік беру;

2. Адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерге тәрбиелей отырып, ынтымақты болуға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

3. Оқушылардың ой өрісін дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға, ізденуге машықтандыру.


1-жүргізуші:Қарсы алайык бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр беріп
Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар.Оқушылар күз мезгілінде қандай өзгерістер болатынын білеміз бе?

Дұрыс айтасыздар күз мезгілінде құстар жылы жаққа кетеді, бүгінгі біздің

кешімізде сол құстарға арналмақ. Олай болса «Құстар қайтып барады»атты кешімізді бастаймыз.

1-ж:Өнер десе жайнаймыз,

Сандуғаштай сайраймыз.

Алтын күзге арнаған

Әнімізді шырқаймыз.

«Құстар қайтып барады» әні қабыл алыңыздар.


1 - жүргізуші: Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі - құстар. Халық ежелден – ақ құстарға әуес оларға сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді. Халық өз ортасынан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын - қыранға, елден асқан сұлуды - аққуға теңейді. Құс табиғат байлығы. Байлықтың көзі – құстарды әркез қорғай білу керек. Олар ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады. Сонда ағаштар жайқалып өседі. Жер бетінде 8600 - ге жуық құстардың түрі бар. Біздің Республикамызда 474 құстың түрі бар екен. Олай болса осы алтындай бағалы құстарымыз туралы өлеңдерге кезек береміз.

1-жүр: Жарайсыңдар!!! Оқушылар сендердің құстартуралы қаншалықты мақал-мәтелдер білетіндеріңді білгім келеді.Қаншалықты білесіңдер?

Соны сынап көру мақсатында мен сендерге көптеген мақал-мәтелдер алып келдім.Мен сіздерге мақалдың басын айтам,сіздер соны жалғастыру керексіздер.

1.Құс қанатымен ұшады,

Құйрығымен қонады.

2.Ит тамағы үшін жүгіреді ,

Құс тамағы үшін ұшады

3.Өлеңге енсе, сөз сұлу.
Аққу жүзсе, көл сұлу.

4.Құс терісіне қарай сұлу,
Адам ісіне қарай сұлу.

5.Бет алды ұшқан құс,
Қонарға тал таппас.

6.Құстың тілін құс біледі.

7.Құс та өз ұясына қарай ұшады.


1.Ескексіз қайықшы –қанатсыз құс.

2.Құс қанатына сенер, ер атына сенер

3.Гүлсіз бұлбұл – үнсіз

4.Бұлбұлдың үні тәтті,

Тотының тілі тәтті

5.Құстың тілін құс біледі.

6.Бұлбұлға бау жақсы, Кекілікке тау жақсы.

7. Құсты қанат ұшырады, ерді талап ұшырады.

1-жүргізуші: Жарайсыңдар !!! Оқушылар мен сіздерді тағы бір сынағым келіп тұр сіздер құстар туралы қаншалықты білетіндеріңізді білу үшін сіздерге адасқан сөйлемдер беріледі солар арқылы құстарға қатысты ырым-тыйымдарды құрастырып айтатын боласыздар.Олай болса бастайық.

1.Қарға қысты күні үйге қарап қарқылдаса қар жауады.

2.сауысқан үйдің төбесіне қонып шықылықтаса, үйге қонақ келеді,

3.Құстың ұясын бұзба,
Қарғысқа қаларсың. 

        

1.Құс төмен ұшса жаңбыр жауады,
Жоғары ұшса күн жылы болады.

2.Шымшық қыста ұя салса, қыс қатты болады.

3.үкіні қасиетты құс деп біледі

1-жүргізуші:Құстар тойын құттықтап

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап ұқыптап,

Біз оларды қорғаймыз -деп « Құстарға қамқорлық »жем салғыштар дайындап әкелу.



Талдысай ЖОББ мектебі











Құстар қайтып барады



Дайындаған: Жоныс А.А







2019-20 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2021
724
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі