жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Құстар-қанатты достар
Сабақтың тақырыбы: Құстар-қанатты достар.
Мақсаты: а) білімділік: құстар туралы білімдерін кеңейту, құстардың атын, маңызын, ерекшеліктерін білу. ә) дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділігін арттырып, ойлауын, тілін дамыту. Құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетуінен сақтандыру, құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту. б) тәрбиелік: Құстарды қарсы алып, қамқорлық жасауға, оларды қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Халық қазынасы мақал, ырым-тыйым, жұмбақ, болжамдарды тиімді пайдалана білу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, сахналау, топтастыру.
Көрнекілігі: құстардың ұясы, құстардың суреті, бүктемелер: «Қанатты достар», «Жыл құстары», «Қыстайтын құстар», «Құстар туралы оқығың келсе…». «Құстар әлемі», «Мұны білесің бе?», «Халық болжамдары», слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі.Сөзжұмбақ шешіп көрейік!
1) Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ (қарға)
2) Аққу жүрсе су да …(сұлу)
3) Көктемнің алғашқы айы (сәуір)
4) Орман дәрігері (тоқылдақ)
5) Бізді қоршаған орта (табиғат)
6) Үйіме үйін салады. (қарлығаш)
- Ортада қандай сөз шықты?
-Ендеше бүгін біздің тақырыбымыз құстар туралы болмақшы
Негізгі бөлім:
І жүргізуші: Көк құрақ –көлдің сәулеті, құс пен аң – ердің дәулеті дегендей, халықтың хайуанаттар ішіндегі ең жақсы көретіні құстар. Олардың құбылтып салған әндері біздерді сүйсіндірмей қоймайды. Қанатты достарымызды еліміздің қай түпкіріне сапар шексек те кездестіреміз. Өйткені туған өлкенің климаты мен жер жағдайы құстардың алуан түрлерінің тіршілік етуіне мүмкіндік жасайды.
ІI-жүргізуші:Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі-құстар. Халық ежелден-ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігі шексіз, ең жақсы көретін адамын құсқа теңеу арқылы ықыласын білдіріп келеді.
І-жүргізуші: Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңеп, төгілте ән шырқайтын әншісін – бұлбұлға. Отан үшін ,ел үшін жанын қиятын батырларын – қыранға, елден асқан сұлуды – аққуға теңеп жатады.
Құстар тойын құттықтап
Үй салдым құстың алдынан
Қуанамыз, қолдаймыз.
Болсыншы ол өмір панасы
Ұя жасап, үй салып,
Өзімдей сәби балдырған
Біз оларды қорғаймыз.
Өссінші құстың баласы.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешіңдер.
Түсі қара мақпалдай,
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай. (қарлығаш)
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз,баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз?
(көгершін)
Көлдің көркі сән екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап сақтаған.(аққу)
Осы айтылған топтарды ортаға шақырсақ.
Топтарға ойынның шартымен таныстырып кетеді.
-
Таныстыру
-
Жеті жұмбақ
-
Кім жылдам?
-
Кім көп құс біледі?
-
Өнер сайысы
-
Кім білгір?
-
Жағдаят
-
«Құстар жайлы» поэзия минутын жасау.
1-бөлім: Таныстыру (ұраны)Капитан командалары өздерінің командаларын таныстырады.
-
Мен адамның досымын,
Мекенінде тұрамын.
Шыбын келсе кәсібім, ұстап жеймін, қырамын.
Тазалаймын үй ішін, шыбын деген кеселден.
Ел аузына мақтаулы, санитармын төселген.
Сондықтан да біз бүгін, қарлығашпыз ақ тамақ.
Қарлығаш-киелі құс. Ол адамның досы. Қарлығаш ұясын асханаларға, үйлердің кіре беріс жеріне, киіз үйдің шаңырағында салады. Ол кішкентай сәбиді айдаһардан қорғап қалған.
2. Бейбітшілік құсы көгершін,
Жер бетінде бейбіт еңбек, көгерсін.
Аспан тұнық, шат көңілді болайық,
Ақ ниетті, адал жандар көбейсін. – деген мақсатта біз көгершінді алып отырмыз.
Көгершін-достықтың символы. Әділеттің, бейбітшіліктің құсы. Бақыт құсы, әлемді шарлап хат тасушы құс болған. Бірлікті, татулықты білдіретін құспыз.
3. Құс сұлуы аққумыз, Табиғат көрік сыйлаған. Мылтығын кезеп еш мерген, Атуға көзі қимаған. Сұлулықты паш етіп, Жырлаған талай ақындар. Нәзік үнді, көл көркі, Құс патшасы бізбіз. Аққу құсының мүсіні қазақ халқының саз аспаптары – домбыра, қобыз құрылысына өте ұқсас. Аққу киелі құс, сұлулықтың бақыттың белгісі. Оны атуға болмайды.
Мұғалім:Біздің міндетіміз қанатты досымыз- құстарды қорғау. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқаларын жарып, рақымсыздық жасап, жазықсыздан – жазықсыз құстарды жәбірлеуге, өлтіруге жол бермейік деп ант етеміз. (барлық бала айтады)
-Балалар, «табиғат» дегенді сендердің ойларына не келеді?
Табиғатты құрайтын жанды тіршілік иесінің бірі-құстар. Құстар-табиғаттың әні мен сәні.Табиғат-халық қазынасы. Адамның бар тіршілігі табиғатқа байланысты, күш-қуатты, бар игілік пен жақсылықты ол табиғаттан алады.
2-бөлім: «Жеті жұмбақ»
-
Мына тұрған ұяшықтардың ішінен тапсырмаларды орындайсындар.
-
10- Бұл қай құс?
-
10-Бұл қай құс?
-
20- Жылқыда өт жоқ,
Құста…(сүт жоқ)
4.20-Қаз келсе,…(жаз келер)
5.30-Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс? (Үкі)
6.30-Қашаудай мықты тұмсығым,
Бәсеке тігем бұл шыным.
Құрт, қоңыз аулап жарысам,
Орман дәрігері боп табылам. (тоқылдақ)
3-бөлім: Кім жылдам?
Енді әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Мүдірмей тез жауап беру керек.
-
Құстың негізгі баспанасы? (ұя)
-
Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)
-
Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
-
Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (бүркіт)
5. Орман дәрігері қай құс? (тоқылдақ)
-
Көктемнің алғашқы айы. (сәуір)
-
Бейбітшілік құсы? (көгершін)
-
Сайрайды, бір талмайды. Қай құс? (бұлбұл)
-
Қыстан кейінгі мезгіл? (көктем)
-
Барлық құстардық ұқсастығы? (ұшады)
-
Суда жұбын жазбай жүретiн, ең әдемi, достыққа берiк құс. (аққу)
-
Сөйлей алатын, колға үйретiлген құс. (тотықұс)
-
Киелі құс? (аққу)
-
Қандай құстың құйрығы айыр? (қарлығаш)
-
Түнде ұшатын құсты ата? (үкі)
4-бөлім: Кім көп құс біледі?
Үш топ өздері білетін құстардың аттарын параққа жазады.
5-бөлім: Өнер сайысы.
Әр топтан бір өнер көрсетеді.
6- бөлім: Кім білгір?
–Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс-тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген. Құстар арқылы ауа райын болжаған.
-Ел арасында ауа райын болжағанда осы ақбас тырнаның келу-қайтуына қараған. -Тырналар тым төмен ұшса, ұзамай күн суытады, ал жоғары самғап бара жатса, күз ұзақ болады делінген. Кеш қайтса, қыс жылы болады.
-Бозторғай ән салса, күн ашық болады.
-Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.
- Қарлығашқа байланысты түрлі ырымдар бар.
-
Түсіне қарлығаш көрсе, бақытқа кенелесін.
-
Қарлығаш көрсең, қалтаңды қақ, буда-буда ақша түседі.
-
Қарлығаш қайтатын кезде қораға қонса, қой егіз туып, ақ мол болады, ал егер үйге қонса, жан басы көбейеді.
-
Түсінде қараторғай көрсе, онда ол өңінде қуанышқа бөленеді.
Егер түсінде қазды көрсе, онда өңінде оның азық-түлік қоры көбейеді
7-бөлім: «Жағдаят»
8-бөлім: «Құстар жайлы» поэзия минутын жасау.
Қорытындылау:
І жүргізуші: Тамылжыған тамаша табиғаттың көрікті көктемінде құстар әні толастамайды. Құстар тойы тойға ұлассын! Бейбіт аспанда қалықтаңдар, шаттана шарықтаңдар, қанатты достар!
ІI жүргізуші: Қанатты құстарды қорғай біліңдер! Балапандарына тимей, тіршілік етуіне мүмкіндік жасаңдар. «Құстар- біздің досымыз» екенін естеріңнен шығармаңдар!
ІIжүргізуші: Тіккен туы қазақтың
Күнге сәлем жолдасын.
Қыран құсы қалықтап,
Көк аспанды шарласын.
Көк байрағым желбіреп,
Атақ-даңқың талмасын –деп кешімізді аяқтаймыз.
І жүргізуші: Қанатты құстарды қорғай біліңдер! Балапандарына тимей , тіршілік етуіне мүмкіндік жасаңдар. « Құстар- біздің досымыз» екенін естеріңнен шығармаңдар!
№167 орта мектебі

Сынып жетекшісі:Н.Қалдарбекова
3 «б» сыныбы
2013-2014 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген