400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

"Құстар-табиғат байлығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада ұстаздар өздеріне қажетті әдіс-тәсілдермен алмасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылы,

«С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектеп»

мемлекеттік коммуналдық мекемесінің биология пәнінің мұғалімі:

Ешмұратова Гүлнар Бегалықызы



Сабақтың тақырыбы: «Құстар табиғат байлығы»


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: құстардың табиғаттағы адам өміріндегі маңызын ұғындыруға, ізденуге, құстар жайлы оқып білуге, қорғауға, тәрбиелеп, дүниетанымын кеңейту мақсатында құстар – класының тіршілік әркетінің ерекшелігін айқындау және теориялық білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: білімдерін толықтырып құстардың құрылысы мен мүшелері және мүшелер жүйесінің  сипаты мен атқаратын қызметтері туралы түсініктерін молайту. Оқушыларды интернеттен, электрондық оқулықтардан  мәлімет алуға дағдыландыру, өз бетімен ізденуге, пәнге қызығушылығын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілетін ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі халық шаруашылығындағы маңызын түсіндірге отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу. Пысықтау барысында экологиялық, эстеттикалық халықтық педагогика негізінде ұлттық тәрбие беру.


Сабақтың көрнекіліктері: интер белсенді тақта, құс қауырсыны, маркерлер, плакаттар,стикерьлер,бағдаршам.

Сабақ беру әдісі:Сұрақ-жауап.

Сабақ түрі:Сайыс сабақ түрінде 2 топқа бөліп өткіздім .

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, география, экология, тарих.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру топпен.

Бүгін сабаққа бәріміз белсенділік танытамыз,бір-бірімізді тыңдай білеміз және өз білетінімізді көрсетеміз.


І топ «Бүркіт» ІІ топ «Аққу»

Әр топ өз топтарын таныстырады, қорғайды.Құстардың ерекшелігін оқушылар өздерінің бойындағы қасиеттерімен ұштастырады.

Мұғалім: Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі – құстар. Халық ежелден – ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді. Халық өз ортасынан шыққан саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын – қыранға, елден асқан сұлуды – аққуға теңейді. Құс – табиғат байлығы. Байлықтың көзі – құстарды әркез қорғай білу керек. Олар табиғат байлығын ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады. Сонда ағаштар жайқалып өседі. Өздерінің бойына таза ауаны баласы дем алады. Ұшып-қонып бір жерден екінші жерге барып, келіп жүреді.

1-топ

1)      Құстар класына жалпы сипаттама беру (8600 түрі бар, жылықанды, терісінде бездері жоқ десе де болатын, денесі қауырсынмен қапталған, алдыңғы аяқтары  ұшуға арналып бейімделген, Қазақстанда 500 түрі мекендейді. Құстар ежелгі ұсақ ағаш басында мекендеп, бір ағаштан екінші ағашқа секіре алатын жорғалаушылардан 180млн. жыл бұрын шықты дейді. Оларды көнеқұстар деп атайды. Құстарды зерттейтін биология ғылымының саласын – орнитология деп атайды)

 

2-топ

2)      Дене жамылғысымен таныстыру (Қауырсындар – денесін түгелдей жабын қауырсындар жабады және оның астында мамық қауырсындар орналасады, шетте орналасқан үлкен жабын қауырсындарды -  негізгі желпуіш, демеуші желпуіш, құйрық қауырсындары деп атайды. Қауырсынның теріге енетін бөлігін қаламша, ал өзегін сояу, шашақтарын пәрі дейді. Пәрінің өзі мұрт және мұртшалардан тұрады. Мамық қауырсындар екі түрлі болады: мамық және мамықты қауырсын. Мамықты қауырсынның жұқа сояуы бар, ал мамықта сояу өте қысқа келеді)

 


 

     Құстардың қаңқа құрылысы (Экраннан көрсету)

      Құстардың ас қорыту жүйесі (Экраннан көрсету)

      Құстардың ұшуға байланысты тыныс алу ерекшеліктері

      Құстардың қанайналымы

      Құстардың жүйке жүйесі мен сезім мүшелері

      Құстардың зәр шығару жүйесі

Picture 7


І кезең.Шарты;15 сұрақ қойылады.Оқушылар жылдам жауап берулері қажет.

1.Дала символы саналатын, иісі Отан иісіне баланатын шөп.(жусан)

2.Өсімдіктерді зерттейтін ғылым.(ботаника)

3.Өсімдіктер неден құралған.(жасуша)

4.Алғаш жасушаны ашқан кім. (Р.Гук)

5. Өсімдіктің жер асты мүшесі. (тамыр)

6.Ең кішкентай құс.(Колибри)

7.Өсімдіктер ауа қабатына қандай газ бөледі.(оттек)

8.Әлемдегі ең үлкен мысық тұқымдас аң.(Амур жолбарысы)

9.Қамшы сабын қандай ағаштан жасайды.(Тобылғы)

10.Гүлдің тәтті шырыны.(шірне)

11.Бастапқы өркен.(бүршік)

12.Қараторғай ұясының аузын қай жаққа қаратады.(шығысқа)

13.Ең жүйрік сүтқоректі.(Гепард)

14.Әлемдегі ең ірі ескекаяқты сүтқоректі.(теңіз мысығы)

15.Биология ғылымы нені зерттейді.(тірі табиғат)


ІІ кезең «Құстар туралы» жұмбақтар.

1.Қара арғымақ мінгенім, қыр айналып жүргенім.

Сегіз найза сенгенім,он екі қылыш енгенім.(қыран)

2.Айдыннан шалқыған,Телпек көрдім қалқыған.(үйрек)

3. Ақсарайын талқандап,шықты біреу талтаңдап.(балапан)

4.Бақ та,бау да орманда,Естіртіп үнін бар маңға.

Жұрт тыңдайтын тамсанып,

Сан құбылтты ән салып,

Жататұғын бір тынбай,

Құсты аташы құртымдай.(бұлбұл)

5.Қауырсыны көгілдір,күнгей беткейде кішкене құс өріп жүр.(кекілік)

6.Сазды жер мекені,құрт-құмырсқа қорегі.

Кереметтей өнері,қанаттан үн береді.(тауқұдіреті)

7.Биікте ұшып жүреді,елік,қоян бүреді.

Қия таста ұясы,бұл қыран,оны кім біледі.(бүркіт) 8.Тақылдатып,мазаны ап, ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейді,зиянкесті мазалап.(тоқылдақ)

9.Ең биік ұшатын құс киелі құс,ғажайып құс бар елде.

Шың басына ұя салар өздері,

Бұл қандай құс, айтыңдаршы өздерің? (ұлар)

10.Еркін самғап ұшсын деп,мәпелейміз баптаймыз

«Бейбітшілік құсы»-деп.

Қайсы құсты мақтаймыз.(көгершін)


ІІІ кезең «Кім жылдам»

Қандай құс ұя салмайды? (көкек)

Қай құс ұша алмайды? (пингвин)

Дүниедегі ең ірі құс? (Африка түйеқұсы)

Қай құс адамша сөйлеуге үйрене алады? (тоты құс)

Біздің елде қыстап қалатын құстарды атаңыздар? (қарға,құзғын,сауысқан,торғай)

Қандай құстар қыста қар астында түнейді? (құр,шіл)

Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (бүркіт )

Күндіз соқыр не деген,түнде қандай көреген.(жарқанат)

Көл бетін сызып,ақ құман жүр жүзіп.(аққу)

Құстардың негізгі мекені? (ұя)

Құстар қай мүшесі арқылы тыныс алады?(қауырсыны)

Құстардың жүрегі неше бөліктен тұрады? (төрт)

IV кезең «Топ басшылар» сайысы:


Өсімдіктер сыры


1



2


3


4

Табиғаттағы рекордтар


1



2


3


4

Жұмбақ жануарлар


1



2


3


4

Аңыздар


1


2


3


4


Өсімдік сырлары -1

  • Бейнекөрініс бойынша өсімдікті ата, бейнеленген құбылысты түсіндір?

Жауабы:Бұл құтырған қияр.

Ол тұқымдарын лақтырып шашады.

Өсімдік сырлары-2

  • Бұл жыртқыш өсімдік фотосинтезден басқа бунақденелілермен қоректенеді.

Әдемі түсі мен жағымды иісі мен бунақденелілерді тартып, түрі өзгерген жапырақтары жәндіктер қонған кезде жабылып қалады.

Бұл қандай өсімдік?

Жауабы: Шыбынаулағыш (Венерина Мухоловка)

Өсімдік сырлары-3

  • Бұл гүлдер ішіндегі ханшайымы. Шығыс елдерінде киелі гүл деп саналған. Гүлінің майы алтынмен бағаланған.

Ең алғаш сәндік үшін өсіріле бастаған хош иісті гүл.

Ежелгі римдіктер махаббат құдайы Афродитаға арнаған.

Бұл гүлдің атауы біздің қазақтарда қыздарға есім ретінде беріледі.

Жауабы: Раушан.

Өсімдік сырлары-4

  • Бұл өсімдік Африка саванналарында өседі,діңінің жуандығы 10метр.

Құлқайырға өте ұқсас ағаш тектес өсімдік.

Жемісі жеуге жарамдығымен,қалың қабығы қағаз жасауға қолданылады.

Жауабы: Баобаб.

Табиғаттағы рекордтар - 1 , 2, 3,4

  • Малай архипелагының ең үлкен қосмекендісін атаңдар.

Жауабы: Бұл комодо вараны (комодо аралының айдахары) ұзындығы 3 м,салмағы -140 кг.

  • Дүниедегі ең алып, ең жағымсыз иісі бар гүлді ата?

Сабақтары мен жапырақтары жоқ паразит гүл.

Суматра, Ява аралдарында өседі.

Жауабы: Бұл гүл Арнольда раффлезиясы.

  • Бұл ерекше ағза- саңырауқұлақ пен цианобактериялар симбиозы.

Зерттейтін ғылым- Лихенология үш топқа бөлінеді; қабыршақ пішінді,жапырақ пішінді,бұта пішінді. Жер шарындағы ең бойы аласа өсімдік. Жауабы: Қына.

  • Бұл жануар құрлыққа шыға қалған жағдайда, өз салмағынан өліп кетуі мүмкін және де,ол сүтқоректілер класының өкілі. Табиғат рекордсмендерінің бірі.Бұл қандай жануар? Жауабы: Кит.

Жұмбақ жануарлар -1, 2, 3, 4

  • Жыртқыш құс балық, кеміргіштермен қоректенеді және орман құстарына жатады.

Жауабы: Үкі.

  • Аңыз бойынша бұл құстар періштелерді көргенде белгілі бір дыбыс шығарып, адамдарға белгі береді екен. Ол қолға үйретілген құс. Бұл

қандай құс?

Жауабы: Қораз.

  • Бұл үй жануары Библияда (Інжілде) аты аталмаған жалғыз жануар, бірақ суретші Альбрехт Дюрер бұл үй жануарын Адам ата мен Хауа ананың аяқ жағында бейнеленген.Ресейде Мәскеу көпестері бұл жануарды семіртіп сайысқа қатыстырған жыртқыштарға жатады, қолда өсіріледі.

Жауабы: Мысық.

  • Бұл табиғатта маңызы зор біржасушалы жануар. Тұщы су қоймаларында мекендейді, екі ядролы,екі вакуолі болады,пішіні аяқ киімге ұқсайды.

Жауабы: Кірпікшелі кеісше - Инфузория туфелька.



Аңыздар -1, 2, 3, 4

  • Тау перілері бұл гүлді күні –түні қорғап,ешкімге жұлғызбайды екен. Тек шынайы сүйген адамдарға бұл гүлді сыйлыққа береді. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдік. Тау шыңында өседі, махаббат,бақыт,ерлік символы. Альпинистер сайысында жүлдеге гүлдің алтын мүсінімен марапаттайды. Гүлдің құрылысы тура емес.

Жауабы: Эдельвейс –Еңілікгүл.

  • Ежелгі Грекияда бір өте сымбатты жігіт өмір сүрген екен. Ол өзін өте жақсы көрген. Афродита оған қатал жаза берген, өлгенге дейін ұдайы өзінің судағы суретін қарауға. Ол бір күні шыдамай өз-өзіне қол жұмсап дүниеден қайтыпты. Оның аққан қанының тамшыларынан әдемі гүл өсіпті,сол гүлге жігіттің атын беріпті. Бұл гүл гүлді өсімдіктердің ішінде ерте көктемде бірінші гүлдейді. Бұл гүлдің атауы. Жауабы: Бұл Нарцисс.

  • Латынша атауы Galaktus ( Gala-сүт, Aktus-гүл) сүттей ақ.

Аңыз бойынша Адам ата мен Хауа ана жәннаттан қуылған кезде күн суып кетіп, Хауа ананы жылытуға бірнеше қар кристалдары гүлге айналыпты.Осыдан Гүл Үміт символы болып саналады.Дара жарнақтылар класына жататын, Эфемероидты (ерте көктемде гүлдейтін өсімдік.

Жауабы: Бәйшешек.

  • Бұл өсімдік «1000 аурудың емі» деп саналады.Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем берген.Түйетабандар тұқымдасына жататын улы өсімдік. Халқымыз «пәле жаладан сақтасын» деп түтінмен аластайды, көз тимесін деп іліп қояды.

Жауабы: Бұл өсімдік Адыраспан (Гармала, Могильник).


V кезең «Ғажайып жетілік»

1. Ұяда не көрсең................? Ұшқанда соны ілерсің.

2. Құс балапаны үшін..........? тұзаққа түсер.

3 Ер азығы мен ...................? бөрі азығы жолда.

4. Қыран құс қисық ұшып......? түзу ілер.

5. Құс қанатымен.....................? жігіт қайратымен танылар.

6. Ұясын ұнатпаған....................? құс оңбас.

7. Қорғанбасаң,құзғын, қарға.....? көзіңді шоқиды.

8. Ерте оянған құс тойып алып тұмсығын сүртеді........?

Кеш оянған құс көзінің былшығын сүртеді.

Сабақты бекіту:

1)      Құстар класы өкілдерінің негізгі ерекшеліктері.

2)      Дене жамылғысы мен қанатының құрылысы.

3)      Денесінің сыртқы құрылыс ерекшеліктері.

4)      Құстардың қаңқасы.

5)      Құстардың мүшелер жүйесінің атқаратын қызметтері мен ерекшеліктері.

Қорытынды:

Құстар – дене температурасы тұрақты, жұмыртқа арқылы көбейетін, қауырсынды жамылғысы бар, алдыңғы аяқтары ұшуға икемделген жоғары дәрежеде дамыған омыртқалы жануарлар. Қозғалыс ерекшеліктеріне байланысты құстарды үш топқа жіктейміз – ұшатын құстар немесе қыртөстілер, ұша алмайтын немесе қыртөссіздер және жүзгіш құстар. Жүрегі төрт бөлікті, екі қанайналым шеңберлі, қосралы тыныс алатын, жоғары жүйке жүйесі күрделі құрылымды, дара жынысты, іштей ұрықтанатын, тек ұрықтанған жұмыртқа арқылы ғана көбейетін тіршілік иелері.


VI кезең ( Постер орындау)

Екі топқа тапсырма бердім, оқиға желісімен жұмыс жасайды.

Екі жұлдыз, бір тілек. Сабақтың өтуі, туралы оқушылар өздерінің ой- пікірлерін қағаз бетіне түсіреді.

Жүрек тілегі. Екі топ бірін-бірі бағалайды.



9


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 қараша
1077
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі