Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Құстар-табиғаттың көркі" ашық тәрбие сағаты 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Құстар – табиғаттың көркі» Мақсаты: 1) Оқушыларға құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. 2) Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу. 3) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, нақыл сөздер, палакат, фломастер Әдісі: әдеби - монтаж, түсіндіру, ойын. Барысы: Мұғалім -Құрметті балалар,қонақтар бүгінгі «Құстар – табиғаттың көркі» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі – құстар.Халық ежелден –ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігі шексіз , ең жақсы көретін адамның құсқа теңеу арқылы ықыласын білдіріп отырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Құстар – табиғаттың көркі»

Мақсаты:

1) Оқушыларға құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу.

2) Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.

3) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, нақыл сөздер, палакат, фломастер

Әдісі: әдеби - монтаж, түсіндіру, ойын.

Барысы:

Мұғалім

-Құрметті балалар,қонақтар бүгінгі «Құстар – табиғаттың көркі» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен.

Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі – құстар.Халық ежелден –ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігі шексіз , ең жақсы көретін адамның құсқа теңеу арқылы ықыласын білдіріп отырады.

Қазақстанда қанаттылардың 500 түрі мекен етеді. Ал бүкіл жер шарында 9000 жуық түрі бар. Әр құстың өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса, екіншілері –құрылысшы. Құстардың пайдасы өте көп. Олар табиғаттың байлығы ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден құтқарады.Құстар бір орныда тұрмайды.Олар бір жерден екінші жерге ұшып –қонып жүреді.

Мөлдір: Құстар – жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.



Барлық құстарға ортақ қасиеті:

- ұшады

- қанаттары

- мамықтары

- тұмсықтары болады

- олар жұмыртқалайды

- балапан басады.

Құстардың айырмашылығы:

  • тұмсықтары

  • дене пішіні

  • дыбысы

  • түстері әртүрлі

Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады.

Табиғатқа сән беріп, өз әуенімен табиғатты құлпыртып,

адамдардың көңіл - күйін көтереді.

Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.

Сұрақ:

- Қандай құстарды «жыл құстары» деп атаймыз?

Жауап:

- Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, үйрек, қаз, тырна.

Мұғалім:

Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келеді. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады.

Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралытоқтала әңгімелесейік.

Мысалы: қарлығаш құс туралы не айта аласыңдар?

Қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар, әні құлаққа жағымды.

Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.

Көктем:  Елдің сәні ,көлдің сәні –аққуы,
                Келді жұппен көптен күткен
Сахнаға аққу маскасын киіп, ақ көйлек киген екі қыз шығады.
Бірінші аққу:   Құс сұлуы аққу мен,
                                      Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығын кезіп еш мерген,
Атуға көзін қимаған.
 Екінші аққу:  Сұлулыққа паш етіп,
  Жырлаған талай ақындар.
  Нәзік үнді көл көркі,
  Құс патшасы атым бар.
    (сахнаға бала шығады)
         Бала:  Армысың көктем! Көліне аққу –қазы қонған қуаныш думаның
          ұзағынан болсын !Мынау қайта оралған құстарына арнап «Аққу» биін    
          орындауға рұқсат ет.
         Көктем:   Ән – биге қандай шек болсын! Қыздарымыз аққу биін    
          орындап  берсің.

Көгершін: Бейбітшілік құсы  - менмін көгершін,
                   Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін,
                   Аспан тұнық ,шат көңілді болайық,
                   Ақ ниетті адал жандар көбейсін. 1-жүргізуші: Көгершін- дүниежүзінің көптеген халықтары үшін  бейбітшілік                       
                        белгісі.    

 Торғай: Мен торғаймын,торғаймын
                Көк аспанда шарлаймын  
                Жерге бетер қонбаймын
                Суықтан да тоңбаймын.
                 Құрт –құмырсқа,шіркейден
                 Бау-бақшаны қорғаймын.
      
1-жүргізуші: Үйіміздің қасындағы кіп-кішкентай торғай бір жылда бір өзі ғана 4 миллионға жуық  зиянды құрттарды жейді. 
Тоқылдақ: Құртты іздеп інінен 
                     Қарағайды үңгіген.
                     Тоқылдақ құс дәрігер
                     Қашанда ол әбігер
2-жүргізуші: Тоқылдақ – орман  құсы. Ол өз тұмсығымен ағаш қабығының астынан оңай табады. Бір тәулікте 200-ден астам зиянкестің көзін жояды.

1-оқушы: Қарлығаш

Қарлығашпын мен

Адамның тұрағымын

Мекен етіп тұрамын

Тазалаймын үй - ішін

Ел аузында мақтаулы

Тазалықшымын төселген

Мұғалім: - Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион құрт жейді -деп ғалымдар зерттеген.

Қараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып, шырқаған.

2-оқушы: Қараторғай

Мен қараторғаймын

Шегірткедей жұртыңды

Қырғи болып қиямын

Егістікке жайылымға

Қорғаушы боп тұрамын

Жәндіктерді зиянды

Құртатұғын батырмын

Дайындайтын ұямды

Достарға келе жатырмын

Мұғалім: - Пайдалы құстардың бірі – қараторғай.Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді.Қараторғай –орман қорғаушысы.

Сұрақ: - Аққу туралы не айта аласыңдар?

Оқушылардың жауаптары.

3 – оқушы: Аққу

Құс сұлуы аққумын

Табиғат көркін сыйлаған

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көзі қимаған.

Сұлулықты паш етіп

Жырлаған талай ақындар

Нәзік үнді, көл көркі

Құс патшасы мен болам

Мұғалім: - Аққу - 30 - 40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.



Мұғалім: - Күзде барлық жыл құстары жылы жаққа үшып кетіп,қыста суыққа төзе алатын құстар ғана қыстап қалады.Оларды «қыстайтын құстар» деп атайды.Олар:торғай,құр,кептер,сыуқторғай,сарышымшық,тоқылдақ.

4 – оқушы:Тоқылдақ

-Тоқылдақты халық «орман емшісі»-деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт - құмырсқадан тазартады.

Тоқылдақ:

Құртты іздеп ініне

Қарағайды үңгіген

Тоқылдақ құс дәрігер

Қашан да ол әбігер

Мұғалім: - Тоқылдақ – орман құсы. Ол өз тұмсығымен ағаш қабығының астынан оңай табады. Бір тәулікте 200-ден астам зиянкестің көзін жояды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.03.2019
1754
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12