|
Ұйымдастыру
кезеңі.
Музыка әуенін есту
арқылы, сабақтың тақырыбын
ашу.
-Ненің дыбысын естіп
тұрсыңдар?
-Ендеше,бүгінгі
біздің сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп
ойлайсыңдар?
Сабақтың тақырыбы
мен мақсаты таныстырылып,оқушылармен бірге бағалау
критерийі құрастырылады.
Өткен сабақты
қайталау.
Microsoft Forms
арқылы өткенді қайталау.
-Септіктің неше түрі
бар?
А)
9
В)
7
С)
4
-Құстарға сөзі қай
септікте тұр?
А)
барыс
В)
табыс
С)
шығыс
-Тәуелденіп барып
септелген сөзді тап.
А)
табиғатттың
В)
табиғатымның
С)
табиғаттардың
Құстар туралы не
білемін? /оқушылардың жауаптары
тыңдалады/
(МК; Ө; Ұ
) «Қайырымды балалар» мәтінін
тізбектей оқу.
Қайырымды
балалар
Сәуле көкке қарады.
Қарлығаштар төмен қарай құйылып, қайта көтеріліп ұшты. Арман екеуі
біраз қарап тұрды. Қарлығаштар шырылдап, айнала ұшып
тұр.
-Ой!- деді сүрініп
кеткен Сәуле тізесін сипалап. – Әне,ана балапанды
қарашы.
- Қане, қайсы, қай
жерде?
-Әне, байқа, басып
кетпе.
Арман келіп қарады.
Кіп-кішкентай тұмсығын жерге тіреп, қызылшақа балапан жатыр.
Көздерін ашып-жұмып, дір-дір етеді. Сәуле балапанды алақанына салып
көрді.
-Ұядан ұшып түскен
ғой, -деді.
- Тірі
ме?
- Иә, тірі
сияқты.
- Бізден қорқып
тұрған шығар.
- Онда ұясына
салайық, -деді де, сатыны әкеп, үйдің қабырғасына сүйеді. Сатыға
шығып, балапанды ұяға салды.
Сәуле мен Арман
сатыны алған соң қарлығаштар ұяға
қонды.
Манағыдай емес,
көңілді. Көкке көтеріліп, балалардың төбесінен екі-үш айналып
өтті.
(Ө.Ұ) Сөздік
жұмыс
Қызылшақа – жаңа
туған балапанды айтады,
көкке – жоғарыда,
аспанда ұшып жүр деген мағынаны білдіреді
.
Қарлығаш құсы
жайында мәлімет.
(Т) «Ауыр сұрақтар» әдісі
арқылы мәтінге пікір білдіруге бағытталған сұрақтар
құрастырады.
Топтар бір-бірінің
сұрақтарына жауап береді.
Өзін-өзі бағалау: Әр топ
берілген дескрипторлар арқылы өзін-өзі
бағалайды.
|
№
|
Дескрипторлар
|
+/-
|
|
1
|
пікір білдіруге бағытталған
бірінші сұрақты құрастырады
|
|
|
2
|
пікір білдіруге бағытталған
екінші сұрақты құрастырады
|
|
|
3
|
сұраққа дұрыс жауап
береді
|
|
(Ж.Т) «Қайырымды балалар»
мәтіні бойынша сараланған
тапсырмалар.
Әр оқушы деңгейлік
тапсырманы өздері таңдайды.
А
тапсырмасы
-мәтіннен жай
септелген сөздерді табады/3
сөз/
-бір сөзді жай
септейді.
В
тапсырмасы
-мәтіннен
тәуелденген сөзді табады/4
сөз/
-бір тәуелденген
сөзді септейді.
С
тапсырмасы
-мәтіннен жай
септелген сөздерді табады/5
сөз/
-сөз құрамына
талдайды;
-бір тәуелденген
сөзді септейді.
Тапсырма орындап
болғаннан кейін,оқушыларға кері байланыс
беріледі.
Кері
байланыс
Мұғалім бағалау
критерийлеріне оралады.
- мәтін мазмұны
бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап
бере алады;
-зат есімді септей
алады;
- тәуелденген
сөздерді септей алады.
Егер осы мақсаттарға
да қол жеткізген болса, сабақ чатында «3», «2», «1» тиісінше
сандарды қою.
«Сөйлемді
аяқта»
- Бүгін мен ...
түсіндім.
-Маған кішкене ...
қиындау болды.
-Маған әлі де ...
қайталау керек.
|