400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құстарды жұқпалы ауруларға қарсы иммундау .

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстарды жұқпалы ауруларға қарсы иммундау және алдын алу шаралары профилактика іс-шараларды жүргізу. Құс тұмауы,нюкасл ауруларды яғни жұқпалы ауруларды балау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құстарды жұқпалы ауруларға қарсы иммундау

Құстардың жұқпалы аурулармен күресу жолында спецификалық профилактика — вакциналармен қан сарысулардың көмегімен иммунитет жасау, сонымен бірге азықтандыруды, күтіп-бағуды және пайдалануды жақсарту есебінен малдардың жалпы ауруға қарсы тұрушылығын арттырудың үлкен маңызы бар.

Вакциналауды аурудың тууына жол бермеу үшін аурудан сәтті табындардың малдарын иммундағанда — сақтану және ауруы бар аурудан сәтсіз шаруашылықтарда жасалатынды — шарасыз деп ажыратады.

Иммундаудың негізгі екі түрі бар: активті және пассивті. Тағы аралас — пассивтік-активті иммундау түрі деп ажыратады. Активті иммундау — ең таралған түрі. Активті иммунитет жасау үшін вакциналар мен анатоксиндерді қолданады. Пассивті иммундауда организмге дайын қорғаныс заттарын жібереді.

Құстардың жұқпалы ауруларының терапиясы. Жұқпалы аурулармен ауырған малдарды емдеуді экономикалық зиянды төмендететін шара деп қарайды. Ол экономикалық пайдалы болуы керек. Егер малдың толық айығуына және оның өнім беруінің сақталуына сенім болмаса, ауру малды етке сойған пайдалырақ. Бұрын көрсетілгендей, біраз жұқпалы ауруларда малды емдеуге тиым салынады (маңқа, ірі қараның обасы, ньюкасл ауруы, т. б.).

Ауру қоздырушысына тікелей әсер етуді көздейтін және малдың ауруға қарсы тұрушылығын арттыратын спецификалық емдеу және организмнің физиологиялық функциясын қалыпқа келтіруге бағытталған симптоматикалық емдеу деп бөледі. Барлық жағдайда ем неғұрлым ерте басталса, солғұрлым табысты болады. Спецификалық терапияның жабдығы ретінде гипериммундалған малдардың және реконвалесценттердің сарысуын, глобулиндерді, антибиотиктерді және басқа химиотерапевтік жабдықтарды, бактериофагтарды, микробтар-антагонистердің культурасын қолданады.

Қуатты емдік және профилактикалық әрекет қабілеті барлардың бірі — антибиотиктер. Оларды тағайындағанда, әуелі осы қоздырушының белгілі бір антибиотиктерге сезімталдығын білу керек.

Кейбір инфекциялық ауруларда емдік мақсатпен басқа да химиотерапевтік дәрулерді, атап айтқанда әртүрлі сульфамидтік препараттарды пайдаланады

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қараша
275
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі