400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Құстардың көктемгі тіршілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелік: Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Білім берушілік: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, табиғат байлығын қорғау сезімдерін дамыту. Дамытушылық: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту, қоршаған ортамен танысу арқылы баланың ой - өрісін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰОҚ өткізу жоспары

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: Құстардың көктемгі тіршілігі
Міндеттері:
Тәрбиелік:
Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Білім берушілік:
Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, табиғат байлығын қорғау сезімдерін дамыту.

Дамытушылық: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту, қоршаған ортамен танысу арқылы баланың ой - өрісін дамыту.
Алдын ала жұмыс жүргізу: түсіндіру, көрсету.
Қажетті кұралдар: Құстардың суреттері
Сөздік жұмысы: құстар.
Билингвальді компонент: Құстар – птицы, көктем-весна.

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Үлкенге де сіз,

Кішіге  де сіз,
Ізетпенен біз, 
Сәлем бердік біз!
Балалар  сәлемдеседі
Ұйымдастырушылық- ізденістік     
Адам табиғатсыз  өмір  сүре алмайды. Құстар  табиғаттың  бір болігі . Елімізде 500-ге жуық құстардын  түрлері  бар.  Олар табиғатты  зиянкестерден қорғайды. Сондықтан оларды  табиғат  емшілері  деп атаймыз. Олар  тіршілік  иелері . Құстар  ұрпақ өрбітеді.  Балапандарын  қанаттандырып , жауларынан  қорғайды. Құстар  табиғатқа  сән  береді , Адамдардын көңіл күйін көтереді.
Құстардын  түрлері  өте  көп, соның  ішінде  жыл құстарына  тоқталайық .
 Жыл  құстары дегеніміз: салқын түсе  жылы  жаққа ұшып  кетіп,  көктемде қайтадан ұшып келетін  құстар. Оларға: көкек,  қарлығаш,  аққу,  қараторғай ,  бұлбұл,  тырна  т.б.
Құстар  туған  жерге  топ-тобымен  ұшып  келіп  жатады. Олар  жолдан тайған  емес. 
Жұмбақ жасыру:

Түсі қара мақпалдай
Төсі  ақ сыр жаққандай
Ұшса  оқтай зулайды
Көктен жұлдыз  аққандай
                             (қарлығаш)
Қарлығаш  жайлы  тоқталып  өту.
Орманда  жоғары
Ағашқа  қонады
Тұмсығын балға қып 
Тоқ-тоқ  соғады
                            (тоқылдақ)

Тоқылдақ ол  орман  құсы. Тоқылдақ ағаштарды  шіруден  қорғайды. Сондықтан  оңы «орман дәрігері»  деп  атаймыз.
Ұстап  ап ,  даладан 
Жүнімен  жұлып ап 
Бесікке  қадаған,
Бұл  қай  құс?
                                 
( үкі) 

 Үкі киелі құстардын  бірі.Оны  ұлттық  аспаптардын құлағына  байлаған. Үкі  айналасындағы  заттарға екі  көзбен бірдей қарай  алатын  құс.  
Су  бетін  сүзіп ,
Ақ құман жүр жүзіп .
                           (Аққу)
Әрине  бұл- көрсе  көз тойматын сұлу  құс.
Халық аңызына сүйенсек жыланның  өзі де  аққу  жұмыртқасына  тиіспеген. Адамдар  да  аққуды  атпаған. Ол  киелі  құс. 
Келесі  құсымыз  торғай. Өзі өте  кішкентай, пайдалы құс. О рман  қорғаушысы. Ауылға  торғай  келісімен  күн  жылынады. 
Ал  балалар ,   мына құсқа  назар  аударайық, бұл  қандай құс деп ойласындар ?  Бұл әрине  - көгершін
Көгершін – бұл  бейбітшілік  құсы. Өзі  сұлу  құстардын бірі.
 Осы  көгершін  туралы  өлең  білесіңдер ме?
-    Ақ  көгершін.
Сергіту сәті:
Ақ көгершін, көгершін ,
Қол қанат құс сен едің,
Бар кезіп қайт  ел үшін,
Кең дүниенің  қөлемін.
-Балалар , енді  осы құстар  қайда  мекендейді?
Әрине  ұя жасайды. Ұяны балшықтан, немесе  шөптен  жасайды. Кейбір  құстар  адамдарға  жақын  орналасу үшін  ұясын шатырға орналастырады.    
Рефлексиялық - түзетушілік    
Сұрақ-жауап  арқылы , оқу іс-әрекетің қорытындылау.
-Құстар  табиғатқа  керек пе ?
- Қандай құстар жайлы   ой  қозғадық?
-Құстар  бізге  берер  пайдасы?
- Құстарды  қалай   атауға  болады?
    




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
1119
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі