Материалдар / Құстардың көптүрлілігі түйеқұстар,пингвиндер және ұшатын құстар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құстардың көптүрлілігі түйеқұстар,пингвиндер және ұшатын құстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстардың көптүрлілігі түйеқұстар,пингвиндер және ұшатын құстар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2020
395
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:

Құстардың көптүрлілігі: түйеқұстар, пингвиндер және ұшатын құстар.

Мектеп: «К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалім: Нургалиева Токжан Толеугазиновна

Сынып: 7 «А»

Қатысқаны:

Сабақтың негізгі оқу мақсаты:

Құстардың көптүрлілігіне, тіршілік әрекеттеріне жалпы сипаттама беру.

Міндеттері:

1. Барлық оқушы:

Оқушылар құстардың көптүрлілігіне сипаттама бере алады.

2. Оқушылардың басым бөлігі:

Оқушылар құстардың көптүрлілігін, тіршілік әрекеттеріне байланысты топтарға бөліп сипаттай алады.

3. Кейбір оқушылар:

Суда жүзетін, жүгіретін ұшатын құстардың ерекшеліктерін ажыратып талдайды.

Тілдік мақсат:

Қырсызтөстілер.Қырлытөстілер. Пингвиндер.Қоқиқазтектестер.Қазтектестер.Сұңқартектестер.Қыран құстар.Саятшылық. Тауықтектестер. Жапалақтектестер. Торғайтектестер.

Алдыңғы оқу:

Алдыңғы «Құстардың көбеюі мен дамуы ұрпақтарына қамқорлығы, маусымдық ерекшеліктері» тақырыбына «Сұрақ –жауап» тапсырмалары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы (уақыт қою)

Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. 3 мин

Психологиялық ахуал туғызу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, топқа бөліну.


Ортасы

Топ ережесін еске түсіру. 7 мин.

Бағалау критерийлерін қою, оны таныстыру.

Өткен тақырыпты қайталау мақсатында «Сұрақ - жауап» әдісі

Өтілген тақырыптар бойынша интерактивті тақтадан сұрақтар беріледі:

1. Құстар қалай көбейеді?

2. Жұмыртқаның құрылысы қандай?

3. Қызылшақа балапанның ерекшелігіне сипаттама беріңдер.

4. Ширақ балапандар ерекшелігіне сипаттама беріңдер.

5. Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар?

6.Құстардың қаңқасындағы ұшуға бейімділік белгілерді атаңдар.

7. Жорғалаушылар мен құстардың қаңқасында қандай ұқсастық белгілер бар?

8.Құстарда қосарлы тыныс алу деген не?

9. Құс мекиендерінің жыныс жүйесінде қандай ерекшеліктер бар?

10. Құстардың зәр шығару мүшелерінің қандай ерекшеліктері бар?

«Мәтінмен жұмыс» 20 мин

Оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады. Сонан соң оқушылар жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасады. Түсініксіз болған ұғымдарды мұғалім түсіндіреді немесе басқа ақпарат көздерінен іздеуге үйге тапсырма беріледі.

Білемін

Білгім келеді

Білдім
















Негізгі қойылатын талап – оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады.




Жаңа оқу материалына қатысты білімдерін бекітеді.


Аяқталуы

Сабақты бекіту мақсатында 4 топқа тапсырма беру. 10 мин

Кесте толтыру

Тіршілік ортасы

Кездесетін құс түрлері

Далалы, шөлейтті, шөлді алқаптың құстары


Су маңы, батпақты, сулы жерлердегі құстар


Орман құстары


Биік таулы алқаптың құстары


Елді мекендерде кездесетін құстар







Құстардың жеке мүшелер жүйесінің өздеріне тән ерекшеліктерін көрсет


Мүшелер жүйесі

Ерекшеліктері

Тері жабыны


Бұлшықет

тері


Қанайна

лым


Тынысалу



«Биологиялық диктант».

Өңештің кеңейген бөлігі _________________ деп аталады.

Құстардың жақ сүйектерінде______________ болмайды.

Құстардың қарыны ____________бөлімдерден тұрады.

Құстарда ауатамырлардың өте ұсақ тармақтары _________________________ құрайды.


Сәйкестігін табу. Адасқан құстарды орналастыру.

Жүгіретін

Ұшатын

Жүзетін




Әр топтың жұмысын бағалау. 5 мин.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Кері байланыс

2 ұсыныс, бір тілек.

Үйге тапсырма:

Құстардың көптүрлілігі: түйеқұстар, пингвиндер және ұшатын құстар.

Бірін-бірі бағалай отырып, тақырыпқа қатысты білімдерін бекітеді.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!