400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құстардың қысқы тірлігі. Үдыбысы және әріпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған ортамен таныстыру.Экология негіздері

Тақырыбы: Құстардың қысқы тіршілігі.

Мақсаты:

  1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

  2. Қыс кезінде құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балаларды қамқорлық жасауға деген белсенділігін арттыру.

  3. Табиғатты аялауға баулу.

Сөздік жұмыс: жем, нан қимылдары, кептірілген жемістер.

Көрнекілік: суреттер, дидактикалық ойын, әліппе дәптер, техникалық құрал.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогикалық іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту.

Балаларды дөңгелене тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік.

Балалардың бәрі қосылып айтады.

Ізденістер. Ұйымдастыру.

- Балалар, қазір қай мезгіл?

- Дұрыс, қыс мезгілі.

- Қыс мезгілінің қай айы?

- Балалар, шашылған әріптердің ішінен қызыл түсті әріптерден сөз құрастырамыз.

- Қандай сөз құрастырдық?

- Балалар жер бетінде құстардың алуан түрі бар. Құстар екіге бөлінеді. Бірі үй құстары, екіншісі дала құстары болып бөлінеді.

- Балалар, үй құстарын атаңдаршы?

- Неге оларды үй құстары деп атайды.

-Үйткені олар адамдарға пайдасы мол. Олардың етін, жұмыртқасын жейді, қауырсынын пайдаланады.

- Ал, неге дала құстарын жабайы құстар дейміз?

- Үйткені дала құстары өз бетімен өмір сүреді.

Сендер қандай жабай құстарды білесіңдер? (слайтпен жұмыс құстардың суретін көрсету)

- Дұрыс, айтасыңдар балалар.

- Дала құстарының табиғатқа қандай пайдасы бар?

- Өсімдіктерді зианды жәндіктерден қорғайды.

-Балалар, осы құстардың қысқы тіршілігі туралы танысамыз. Олар қыста қалай қоректенеді. Қазір қыс мезгілі болғандықтан олар адамдарға жақын жүреді. Оларға біз қамқор болуымыз керек. Олар дәнді дақылдар, жармалар және жаңғақ, шемішке –құстардың сүйікті асы. Адамдар құстарға арнап мынындай жемсауыт дайындайды екен.

(слайтпен жұмыс)

- Балалар, қазір мен сендерге

Т. Нұрмұханбетовтың «Тонбайды» өлеңін оқып беру.

Тоңбайды.

Қатаң қыс келді де,

Түз дала томпиды.

Тоңбайды деді де

Көл мұздан тон киді.

Үйрек пен қаздарға,

Болмайды тон қайғы.

Бүлк етпей аязға

Мамықтан тонбайды.

Әліппе-дәптермен жұмыс

Суреттен қыстап қалатын құстарды айтып береді.

Сергіту сәті.

Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш болып тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.



«Құстар» дидактикалық ойын.

Шарты: суреттер бойынша құстарды екі топқа топтастыру. Жыл құстары және отырықшы құстар.

- қыс мезгілі.

- қаңтар айы.



Балалар құс деген сөз құрастырады.







- тауық, үйрек, қаз, күрке тауық,









- қарлығаш, торғай, тырна, қарға, сауысқан, үйрек,

- зианды жәндіктермен қоректенеді.







































Күнде аспанға қараймыз,

Қайтқан құста санаймыз.

Ұшбұрыш боп тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

Сурет бойынша жыл құстары мен отырықшы құстардың аттарын атайды. Оларды екі топқа бөліп айтады.

Қортындылау

Ойын: «Құстар қалай дыбыстайды?»

Слайдтан құстардың дыбыстарын естіп, табады. Қалай дыбысталатынын айтады.

Балалардың білімдерін бекіту үшін төмендегі сұрақтар қойылады:

1. Біздің өлкемізде қандай құстар қыстап қалады?

2. Олардың тіршілігі туралы әңгімеле.

3. Қыстап қалған құстарға адамдар қандай көмек көрсетеді?

Тырна тыраулайды.

Қаз қаңқылдайды.

Торғай шиқылдайды.

Бұлбұл сайрайды.

Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің сұрақтарын толықтырып айтады.











































Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Ү дыбысымен, оның әрпін таңбасымен таныстыру, және оның ерекше айтылатын дыбыс екенін айтып артикуляциясын көрсетіп, меңгерту.

Сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, үлгі бойынша баспа әріптерді жазуға үйрету. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру, сөздік қорын байыту. Буын туралы туралы түсінігін кеңейту.

Әдіс-тәсілдер: ойын, көрнекілік, сөздік, практикал

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Көрнекі құралдар: кеспе әріппен қалтасы, ойыншықтар, текшелер, үлестірмелі суреттер. «Сауат ашу. Әліппе - дәптер». «Сауат ашу. Дидактикалық материалдар» .

Пәнаралық байланыс: есеп сабағы, психология.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық (балаларды көңілдендіріп алу)

- Балалар , бір-бірімізге сабақты бастамас бұрын, жақсы тілек айтайықшы.

ІІ. Өткен сабақты пысықтап, қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Енді мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, бүгінгі өтетін дыбысымыз осы жұмбақтың шешуіне сөздің басында естіледі.

Балаларға «Дидактикалық материалдар» оқу құралынан жұмбақтар жасырамын:

Қызып кетсе табаны,

Көзін қысып қалады.

(үтік)

Үтіктің суретін көрсету. Сөздің басында қандай дыбыс естіледі?



Баласын ертіп соңынан,

Сүңгіп, жүзіп үйретті.

Су жұқпайтын тонына

Кім білмейді...?

(Үйректі)

Үйректің суретін көрсету. Сөздің басында қандай дыбыс естіледі?

- Ү дыбысы.

- Бүгінгі осы Ү дыбысымен танысымыз. Міне , мынау әріп таңбасы. «Ү» – бас әрп, «ү»- кіші әрп. Кәне балалар «Ү» деп айтып көрейікші.

- Ү дыбысын айтқанда ерінді алға созып айтады, сондықтан бұл дыбысты дұрыс айта біліңдер.

- Бұл дыбыс дауысты ма, дауыссыз ба?

- Дауысты.

- Дауысты дыбыстарды қызыл түсті текшелермен белгілейміз.

Кеспе әріптер қалтасынан Ү әрпін алып көрсетеді, тақтаға жазады.

- «Ү» дыбысы қандай дыбысқа ұқсайды?

- «Ұ» дыбысына.

«Ү» дыбысы қалай айтылады? Жуан ба, жіңішке ме? «Ү» дыбысын тақтаға жазу.

- Енді балалар мына суреттерге қарап, сабағымызды жалғастырайық. Ненің суретін көріп отырмыз? (үкінің,үйрек, күшіктің, жүзіктің, сүтің, үйдің, күректің) Осылайша кім қанша сөз айтады бақылау жасау, онымен қатар сөздерінің қорын арттыру.

Үкі орманда болады, үкі күндіз көрмейді. Ол тек түнде ұшады, үкінің жүні үлпілдеп тұрады. «Үкі» деген сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр?

Күшік туралы айту. «Ү» дыбысы сөздің басында ортасында, ортасында келеді екен.

Сергіту сәті:

Ал, балар тұрайық

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып.

Біз демалып алайық.

Ойын:

«Үкі» қонаққа келеді. Міне, балалар біздің сабағымызға үкі қонаққа келіпті. Үкінің бізге әкелген хаты бар екен. (Хатты оқу). Таспырма: Сабақты ойын түрінде жалғастыру. Қызыл Телпек апасына алып баратын жолмен жүріп өтуіне көмектесу. Бұл схемада жол бойында есте сақтауға ыңғайлы ерекше, қызықты заттар кездеседі.

Алдымен қызыл Телпек көпір арқылы өту қажет. Бұл көпір өте қорқынышты, себебі көпірдің кейбір тұстары сынып тұр. Бұл көпірден сәтті өту үшін «Кірестер мен нүктелер» тапсырмасын орындайық. Әр оқушыға арнайы фигуралар беріледі, әр бір шеңберге «+» таңбасын, ұшбұрышқа «-» таңбасын қойып шығу. (1,5,мин. беріледі)

- Жарайсыңдар, сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар, ал енді көпірден асықпай өтіп, гүлді алқапқа шығамыз. Әрі қарай жол бізді сиқырлы орманға алып барады. Орманда ағаштар көп екен, жел соғып тұр. Сендер қорыққан жоқсыңдар ма?

- Жоқ.

Ендеше орманда: Бұтақтан – бұтаққа секіріп жүретін бір аң бар екен. Ол өзіміз жақсы білетін тиін.

- Балалар, сендер білесіңдерме? Тиін «жазу машинкасы» ойынын ойнағанда жақсы көреді екен. Қане, кеспе әріптермен сөздер жазып көрейікші: Үй, ата, шөп,нан, доп т.б.

- Жарайсыңдар, балалар. Сендер жақсы ойнағандарыңа тиін өте қуанышты. Ал енді әрі қарай жол жүрейік. Міне, біз қызықты Телпектің әжесінің үйіне де жеттік. Қызыл телпек те, әжесі де сендердің үйді жақсы тауып келгендеріңе қуанышты, рақметін айтып жатыр.

(Үкінің әкелген жұлдышаларын тапсырманы орындауға қатысқан балаларды мадақтау)



- Сонымен бүгін біз сендермен қандай дыбыспен таныстық?

«Ү» дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

«Ү» дыбысын ауаға жазып көрсету.

Дәптермен жұмыс

Сабақты қорыту.

Жаңылтпаш айтқызып, Ү дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.

Үміт түбіт түтті,

Түбітті түтіп бітті,

Сабаққа қатысқан балаларды мадақтау.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
485
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі