400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құстардың қысқы тіршілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Құстардың қысқы тіршілігі


Тақырыбы: «Құстардың қысқы тіршілігі!»


Мақсаты:Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Ұйымдастыру кезеңі.


Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауадан салайық,
Жүрек жылуын салайық
Мейірім шоғын салайық.
Жиналған осы шуақты,
Достарыма шашайық.

Т.Шанамен сырғып желетін
Шаңғы коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар:Қыс мезгілі.

Т: - Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Қыс мезгілінің айларын кім атап бере алады?
- Қазір қай ай?
- Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білесіңдер?
- Қыс туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Сурет бойынша әңгіме құрау.
Т: Өте жақсы балалар, енді «Жақсы, жаман» деген ойын ойнайық.
Мақсаты: Жаман әдеттерден аулақ болуға, жақсы-жаманды ажыратып, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.
Қойылған сұрақтарға балалар дауыстап «жақсы», «жаман» деп жауап береді.
Т:- Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?
- Гүлдерге су құю жаман ба?
- Достарыңды ренжіткен жақсы ма?
- Үлкенге көмектесу жақсы ма?
- Құстарға ұя жасау жаман ба?
Т:Міне тамаша, балалар, ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс айттыңдар.Бүгінгі сабағымызда құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелесеміз.
Құстар екі топқа бөлінеді:жабайы құстар және үй құстары.
Жабайы құстар:сауысқан, жапалақ, қарлығаш, қызғыш құс, сарғалдақ, қарға, аққу,
бұлбұл, дегелек, қоқиқаз, қырғауыл, тоқылдақ т.б.
Үй құстары:тауық, үйрек, қаз, күркетауық.

Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы көп. Олар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады.
- Үй құстарының қандай пайдасы бар?
- Дұрыс айтасыңдар үй құстарының пайдасы өте көп.Олардың етін жейміз, жүнінен
көрпе, көпшік жасалады.
Қыс мезгілінде көп құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ал кейбір құстар қыстап қалады.
- Қыстайтын қандай құстарды білеміз?
- Сауысқан, торғай, көгершін, қарға.
- Дұрыс айтасыңдар, бұлар суықтан қорықпайды, қыста өз қоректерін тауып жейді. Оларға жем шашып, ұя жасап қамқор жасау керек. Біздің мектебіміздің ауласында да құстарға ұя жасап қойған.
Ойын: «Құстар қалай дыбыстайды?»
Сергіту сәті:1, 2, 3, 4 қарлығаш боп ұш,
5, 6, 7 қарлығаш боп шалқы,
8, 9, 10 қарлығаш боп қон.

Ойын: «Не артық?»
Жұмбақ: Көлдің көркі сән екен
Ұшқанда сазды ән екен
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап сақтаған
Ол қандай құс балалар? (Аққу)

Ауыл да, қала да мекені
Жолаушы жүрсек шығарып салады,
Алдыңнан шығады
Жаныңды еркелетеді. (Қарлығаш)

Ребус: Тау – ық.
Қорытынды: Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Сабақ ұнады ма?
Балаларды мадақтау, бағалау.



Күтілетін нәтиже:


Қайта жаңғыртады: Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік қалыптасады;

Түсінеді:Құстарға қамқор бола алады, құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінеді;

Қолданады: Бақылау жасайды;


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
1120
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі