жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Құстардың қысқы тіршілігі
Авторы: Алпысбаева Алмагул Алпысбаева
Алматы қаласы, МКҚК №149 «Бөбекжай» балабақшасы, қазақ тілі мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Балаларға құстар туралы білім беру, білген білімдерін жетілдіре түсу. Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Құстар туралы тақпақтар мен жаңылтпаштар айтқызу арқылы балалардың сөздік қорын, логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін жетілдіру. Балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Құстардың суреттері, аққудың бейнесі, құстың ұясы, құстың жұмыртқасы, түрлі-түсті қағаздар, смайликтер,
Әдіс-тәсілдер: «Радио», «Түсіндіру, сұрақ-жауап», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Тыңдау, көру, орындау», «Еркін микрафон», «От шашу», «Смайлик көрсету», «Пазл».
Қос тілділік компонент: Құс-птицы. Қыс-зима, Шағала-Чайка, Кептер-Голубь
Қызмет түрлері |
Мұғалімнің қызметі |
балалардың қызметі |
Ұйымдастыру кезеңі Педагогикалық ахуал
Топқа бөлу (құстың суретін таңдау)
Қимыл қозғалыс ойын. «Қаздар, қаздар»
Сергіту сәті: «Қос қарлығаш» биі |
Шаттық шеңбері Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Бүгін бізде бір жағымды жаңалық бар. Айналаға қараңдар, достық құшағын жайыңдар! Табиғат біздің анамыз Табиғатқа баламыз Табиғатты қорғайтын Біз әдепті баламыз 1-Топ «Шағала» 2-Топ « Көгершін» -Балалар, сендер құстардың түрлерін білесіңдер ме? -Үй құстарын атаймыз -Жабайы құстарды айтамыз
Мұғалім: Аяз қысып, өрнек сызып терезені торлайды. Қарға омбығып, бет домбығып балдырғандар ойнайды Кейде ұлып, кейде жұлып ұйтқып боран соғады. Бөбектерім айтыңдаршы бұл қай кезде болады? «Құстар қалай қыстайды» әңгімелеу Слаид көрсету «Құстар-птицы» видеоролик көрсету «Құстардың тіршілігі» видеоролик көрсету
Мұғалім: Торғай, қарға, сауысқан,кептер, қара торғай, суық торғай бұлар суықтан қорықпайды, қыста өз қоректерін тауып жейді. Оларға жем шашып, ұя жасап қамқор болу керек. Суықтан құстардың қалың мамықтары сақтайды. Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы. Қыста тамақ табу қиынболғандықтан соның себебінен көпшілік құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген. Сауысқан да,қарға да кез-келген тамақты қорек ететін құстар. Ауыл маңайында жүріп, түрлі тамақ қалдықтарымен қоректене береді. Олар қар астында қатып қалған төгінділерді де, тырнақтарымен тырнап босатып, мықты, үшкір тұмсықтарымен шоқып та қоректенеді. Құстар үшін қысқы тіршілік өте қиын. Олар бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Орманды жерлерде тоқылдақ, суықторғайлар да қыстайды. Тоқылдақ ағаш қабығының арасындағы бунақденелілерді тауып қоректенсе, оның қар бетіне түскен қалдығын торғайлар, шымшықтар теріп жейді. Сөйтіп тоқылдақтың әрекеті басқа құсқа көмек болады.
1-тапсырма құстар туралы өлең оқу Бағалау (от шашу)
2-тапсырма Құстардың суретін құрастыру Сурет бойынша әңгімелеу (смаилик көтеру) Үй құстары мен жабайы құстардың суреттерін құрастыру
3- тапсырма жаңылтпаш айтқызу Қара қарға, ала қарға. Ала қарға, қара қарға Көк кептер, көп кептер. Көп кептер, көк кептер (қол соғу)
4- тапсырма Аққуды сипаттау Аққу-киелі құс. Аққудың мойыны-ұзын. тұмсығы қызыл, қанаты ақ, құйрығы үлкен. Мамықтары жұмсақ. Топтар бірін-бірі бағалайды
-Қаздар, қаздар, -Га, га, га -жем жейсің ба? -Я, Я, Я. - жем жесеңдер келіңдер. -жоқ, жоқ, жоқ. -неге - тауда қасқыр орнаған, Жібермейді сол аң, аң Қорытынды: Қоныңдар құстар қоныңдар Бәріңе төрден орын бар Қанатты барлық достарға, Балалар қамқор болыңдар!
|
Оқушылар хормен айтады. Бірін - бірі құшақтайды.
Иә, білеміз. Үй құстары, жабайы құстар. -тауық, балапан, үйрек, қаз, үндік, қораз, әтеш, тотықұс. Жабайы құстар: торғай, қарға, сауысқан, бұл-бұл, көгершін, түйеқұс, көкқұтан, қара торғай, суық торғай, бүркіт, жапалақ, үкі
-Қыста
Балалар тыңдайды. Әңгімелейді. Слаид көреді. Видеоролик (құстар –птицы, құстардың тіршілігі) көреді
1.Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша құстар туралы өлең оқиды. Тоқылдақ (Мирас) Тоқылдақтар тоқылдап, Ешбір тыным көрмейді Ағашты қанша тессе де, Жұмысы бір өнбейді. Тырна (Жания) Тырау, тырау тырналар Жем іздесең қырға бар Қырда бірақ түлкі бар, Сақ болмасаң, жұлмалар Қарға (Ақниет) Қарға, қарға, қарғалар Қар үстінде жорғалар, Боран соқса қар болар. Бұтаға қонар, қарғалар. Қарлығаш (Айсауле) Адамзаттың жақыны, Қарлығаш та ақылды. Көгершін мен екеуі Жайлайды бір шатырды. Қарлығаш (Сабина) Қос қанатын иіп ап, Жарға келіп қонады. Қара киім киіп ап, Балшықтан үй соғады.
Торғай (Әлібек) Үйге кірші торғайым. Мен аяздан қорғайын, Жем шашайын жегейсің, Үйшік жасап берейін. ( Саят) Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар, Теріп алып, қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. (Жансель) Келіп көктем құстары, Бау-бақшада ән салды. Оларды жас достары. Ұя жасап қарсы алды. (Айзере) Құс ұясын бұзбаңдар. Жұмыртқасын алмаңдар, Құстар- біздің досымыз, Обалына қалмаңдар. Сауысқан (Фараби) Ала қанат сауысқан, Жерді шоқып тауысқан. Қаз (Іңкәр) Ой, балалар, балалар, Жылы-жылы жел соқты. Жылғалардан су ақты Қаңқыл-қаңқыл қаз кетті.
2.Құстардың суретін құрастырады. сурет бойынша әңгімелейді. «Шағала» тобы дала құстарын құрастырады аттарын атайды. « Көгершін» тобы үй құстарын құрастырады, аттарын атайды. 3.Екі топқа жаңылтпашты қайталайды. Хормен айтады. «Шағала» тобы: Қара қарға, ала қарға, Ала қарға, қара қарға. «Көгершін» тобы Көк кептер, көп кептер, Көп кептер, көк кептер. 4.Екі топ бір-біріне аққуды сипаттап айтады. Аққудың мойыны-ұзын, тұмсығы қызыл, қанаттары-ақ, құйрығы үлкен.
Қимыл қозғалыс ойын. Екі топ кезектесіп диалогпен айтады. Екі топ кезектесіп әнімен, биімен айтады.
Интерактивті тақтадан «Қос қарлығаш» әнін көріп тамашалайды. Бірге айтады |
рефлекция |
Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау. Балалардың білімдерін бекіту үшін төмендегідей сұрақтар қойылады. 1.Біздің өлкемізде қандай құстар қыстап қалады? 2.Құстар нешеге бөлінеді? Оларды ата? 3.Қыстап қалатын құстарға адамдар қандай көмек көрсетеді? 4.Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
|
|
Күтілетін нәтиже: құстардың қысқы тіршілігі оларға қамқорлық туралы өз көзқарасының болуы.
Білуі тиіс: қыстап қалған құстарға қамқор бола білу.
Сабақ кезеңдері:
Амандасу
Шаттық шеңбері
Топқа бөлу (құстың суретін таңдау)
4. «Құстар қалай қыстайды» әңгімелеу
5. Слаид көрсету
6. «Құстар-птицы» видеоролик көрсету
7. «Құстардың тіршілігі» видеоролик көрсету
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша құстар туралы өлең оқиды.
1-тапсырма Бағалау (от шашу)
2. сурет бойынша әңгімелейді.
«Шағала» тобы дала құстарын құрастырады аттарын атайды.
« Көгершін» тобы үй құстарды құрастырады, аттарын атайды.
2-тапсырма (смаилик көтеру) толық жауап берсе- күліп тұрған, жауап толық болмай әлі де үйренерім көп деп тұрса-күлмей тұрған,
Жауапқа қанағаттанбасаңдар –жылап тұрған смаиликтерді көтересіңдер.
3.Екі топқа жаңылтпашты қайталайды.
3-тапсырма (қол соғу)
4. Екі топ бір-біріне аққуды сипаттап айтады.
4. тапсырма ( түстер көтеру) Топтар бірін-бірі бағалайды
9. Қимыл қозғалыс ойын. «Қаздар, қаздар»
10. Сергіту сәті: «Қос қарлығаш» биі
11. кері байланыс
Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
Бүгінгі сабақ несімен ұнады?
Қандай құстарды білесіңдер, Құстар нешеге бөлінеді?
Көңіл-күй смаиликтерімен бағалап, сабақты қорытындылау.
Қоныңдар құстар қоныңдар
Бәріңе төрден орын бар
Қанатты барлық достарға,
Балалар қамқор болыңдар!
«Шағала » тобы:
Аделина
Ясмин
Айша
Сабина
Аружан
Амир
Іңкәр
Мирас
Ен
Саят
Жания
«Көгершін» тобы
1 Айзере
Жансель
Айжан
Айсауле
Әлібек
Нұрайым
Сұлтанбек
Сұлтан
Ақниет
Фараби

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген