Материалдар / «Құстардың табиғатқа пайдасы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Құстардың табиғатқа пайдасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
бәріне керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2018
2001
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы : «Таным»

Бөлімі: «Қоршаған ортамен танысу»

Тақырыбы: «Құстардың табиғатқа пайдасы»

Мақсаты: Балаларға жалпы құстардың пайдасы жайында мағлұмат беру. Балаларға құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Олардың құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту. Халық қазынасы жұмбақты, болжамдарды пайдалана білуге үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: құстардың суреттері, плакатқа жазылған сөздер, қиынды суреттер, үлестірмелі суреттер,интерактивті тақта.

Билингвальды компонент: Құс-птица,табиғат-природа, аққу –лебедь, тоқылдақ-дятел,торғай-воробей.

Үш тұғырлы тілде амандасып алады.

Сәлеметсізбе – Здраствуйте – Hello.

Балалар сәлемдеседі.

Біз-қазақтың баласы,

Сәлем сөздің- анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз,

Бәріне де ізетпен,

Иіліп сәлем береміз.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, енді «Жақсы, жаман» деген ойын ойнайық.

Мақсаты: Жаман әдеттерден аулақ болуға, жақсы-жаманды ажыратып, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу. Қойылған сұрақтарға балалар дауыстап «жақсы», «жаман» деп жауап береді.

Тәрбиеші:

- Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?

- Гүлдерге су құю жаман ба?

- Достарыңды ренжіткен жақсы ма?

- Құстарға көмектесу жақсы ма?

- Құстарға ұя жасау жаман ба?

Тәрбиеші:Міне тамаша, балалар, ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс айттыңдар.Бүгінгі сабағымызда құстардың табиғатқа пайдасы туралы әңгімелесеміз.

Тәрбиеші: Балаларға жалпы құстардың пайдасы жайында мағлұмат беру.Балаларға құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі – құстар. Халық ежелден – ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді. Халық өз ортасынан шыққан саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, отан үшін жанын қиятын батырларын – қыранға, елден асқан сұлуды – аққуға теңейді. Құс – табиғат байлығы. Байлықтың көзі – құстарды әркез қорғай білу керек. Олар табиғат байлығын ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады. Сонда ағаштар жайқалап өседі.Құстардың ұялары туралы түсінік беру.Мыс:Қарылғаш ұясын шатырға салады,бүркіт тау басына,тауық өз кетегіне,торғайға ағашқа ұя жасаймыз.

Shape1

Құстар екіге бөлінеді:



Shape3 Shape2



Shape4 Shape5

Үй құстары

Дала құстары





  1. Сызба (Құстардың бөлінуі).Слайд

Тәрбиеші: Дала құстарына қандай құстар жатады?

  • Торғай, қарлығаш, сауысқан, қарға,тоқылдақ,аққу,бүркіт т.б. көптеген құстар жатады.

Ал, үй құстарына қандай құстар жатады?

  • Тауық, қаз, үйрек, әтеш, балапан. Слайд

Балалар құстар жайлы айтылған мағұлматтарды мұқият тыңдайды.

Тәрбиеші:Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Кәне бәріміз бірге жұмбақтың шешімін табуға асығайық. (Дамыта оқыту технологиясы)

Жұмбақ шешімін жасырамын:

1.Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады. (Қарылғаш)

1-сурет.(Қарылғаш)

2.Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға қып,

Тоқ – тоқ соғады. (Тоқылдақ)






2-сурет.(Тоқылдақ)



3.Биікке салған ағаш үй,

Сол ғой оның мекені.

Жаздай сайрап салып-ақ,

Қыста алысқа кетеді. (Қараторғай)


4.Бір құс бар сондай,

Суыққа да тоңбай,

Шоқып жүріп, дән тапқан,

Ұшып-қонған... (Торғай)



5.Қара түсті қарқылдақ

Ұшып-қонып жалпылдап

Қоқыстарды шоқиды.

Жем іздейді там-тұмдап.(Қарға)


3-сурет.(Қараторғай)



4-сурет.(Торғай)




5-сурет.(Қарға)

6.Кеудесі қойқаңдап, Picture 2 6-сурет.(Қаз).

Жүреді байпаңдап.(Қаз)

Слайд

-Жақсы балалар, жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар.

Ендігі кезекте осы құстардың суретті бар және оның ұялары бар құрастырмалы суреттер екен соны тауып көрейікші.( суреттер жеке-жеке балаға беріледі ).

-Балалар оларды құрастыру арқылы әр құстың ұясын табады.Құрастырылған суреттері интерактивті тақта барысында көрсетеліп,дұрыстығы анықталады. (Монтессори технологиясы жүйесінде)

Слайд көрсетіледі.

7-сурет.(Құрастырмалы суреттер).

- Жақсы балалар, өте дұрыс таптыңдар.(Балалар қызыға орындап,құстардың ұясымен танысады).

Сергіту сәті

Құстарды біз атпаймыз,

Қыста жемдеп баптаймыз.

Қамқор болып бәріне,

Қорғау заңын сақтаймыз.




Ғажайып сәт.

Ойын: «Тордағы құстар».

Балалар құстардың дауысын келтіре отырып, тордан құстарды шығарады.Мақсаты:балалалар құстарды қорғау,көмек беру,дауысын салуды үйренеді. (Слайд көрсетіледі.)

Тордағы құстар:

-Қаз. -Үйрек.

-Тауық. -Әтеш.

-Қарға.

Қаз :қаңқ, қаңқ, қаңқ.

Тауық: қыт, қыт, қыт.

Үйрек: быт, быт, быт.

Әтеш: ку-ка-ре-ку.

Қарға:қарқ,қарқ,қарқ.

    • Жарайсыңдар ,балалар тордағы құстарды құтқардыңдар,олар сендерге алғысын айтып жатыр.

Қорытындылау: Оқу іс-әрекеті барысында дала,үй құстардың суреті таратылады.Парақша беріледі.

    • Парақшаға дала құстарын,үй құстарын бөлек жабыстырады.

Оқу іс әрекетінде құстарды жабыстыру арқылы балалардың ой қозғау әдісі арқылы тақырыпты қорытындылау.

- Біз бүгін қандай тақырыпқа тоқталдық ?

- Дала,үй құстарын атаңдар?

-Құстардың пайдасы бар ма?

Мадақтау:балалар сендерге тордағы құстарды құтқарғаны үшін құстар сыйлыққа « бояама қағаздар» беріп жіберіпті.

Балаларды құстарды аялап, қорғап,табиғатқа пайдасын тигізуге.Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.

«Қоштасу жаттығуы»

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек :Құстардың ерекшеліктерін білді, құстардың аттарын ,топқа бөлінуін.

Нені игереді Құстардың ұясын құрастыруды, жұмбақ шешу түсініктерін.

Нені біледі Құстардың дыбыстарын салды, сұраққа толық жауап беруді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!